Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет15/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
2.4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДАҒЫ ЭВРИСТИКАЛЫҚ ӘДІС
Эвристикалық әдістер (теориялық зерттеудің логикалық әдістері мен 
әдістемелік ережелерінің жүйесі) экономикалық міндеттерді шешудің ны-
сандық (формалды) емес әдістеріне жатады. Олар көбінесе қажетті мәлімет-
терді алудың негізгі көзі ғылым мен бизнестің белгілі бір аясында жұмыс 
істейтін мамандар мен ғалымдардың ғылыми интуициясы болып табылатын 
кезде ішінара немесе толығымен белгісіз болатын нысанның жағдайын бол-
жау үшін қолданылады. 


27 
Олардың ішінде неғұрлым кең тарағаны сараптық бағалау әдісі. Оның 
мәні зерттелетін мәселе бойынша мамандардың (сарапшылардың) ұсыныс- 
тары мен пікірлерін жинақтаудан және алынған жауаптарды белгілі өңдеу- 
лерден тұратынын білдіреді. Мамандардың жасаған сауалдамасы жеке
ұжымдық, тікелей, сырттай немесе жасырын және т.б. түрде болуы мүмкін.
Сауалнаманы ұйымдастырушылар сараптаманың нысаны мен мақсатын 
анықтайды, олардың құзіреттілігі тексеріледі, сарапшыларды таңдайды, тал-
дау жасайды және сараптама нәтижелері қорытындылайды.
Сараптық бағалау әдістерінің негізгі түрлері келесі болып саналады: 
• «ми шабуылы» әдісі, немесе идеялар конференциялары, мұнда ма-
мандардың жеке қарым-қатынасында және шығармашылық таласта болатын
идеяларды жинақтау болып табылады; 
• «мидың батыл әрекеті» әдісі, сарапшылардың бір тобы идеяны ұсын-
са, екіншісі оны талдайды; 
• синектикалық әдіс идеяны жинақтаған кезде оның баламасын 
білімнің басқа саласынан немесе қиялдан алып пайдалануды ұсынады. 
• Дельфи әдісі мамандардың алдын ала дайындаған сұрақтары бойын-
ша жасырын сауалнама жүргізуді қарастырады және сол ақпараттарды ста-
тис- тикалық өңдеуден өткізуді қарастырады. Нәтижелерді қорытындылаған-
нан кейін, шешімі табылмаған сұрақтар бойынша мамандардан екінші рет 
қайтадан пікірлерін айту сұраланады. Нәтижесінде ойлаудың сезіну (интуи-
тивті) түрінен пікір-талас түріне өтуі қамтамасыз етіледі. Бұл әдіс үшін са-
рапшылар тобының әрбір мүшесінің бөлектілігі мен пікірінің тәуелсіздігі тән;
• ПАТТЕРН әдісі – техникалық мәліметтерді сандық бағалау арқылы
жоспарлауға көмектесу. Оның мәні «шешім ағашы» құру арқылы зерттелетін 
мәселенің бірнеше жай мәселелерге, міндеттерге және элементтерге 
бөлінуінде. Жекелеген сарапшылардың бағалауы ашық талқыланады, нәти-
жесінде олардың іскер қатынасынан пайда шығады, бірақ конформизмнің
(беделділердің қысымы ) кері салдарлары орын алуы мүмкін. 
Эвристикалық әдіс функционалды-құнды талдауда, қаржылық тәуе-
келділікті диагностикалау мен оның деңгейін бағалау үшін қаржылық тал-
дауда кеңінен қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет