Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет17/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
Бақылау сұрақтары 
1. Салыстыру тәсілінің мәні не? 
2.Талдауда салыстырудың қандай түрлері қолданылады және оның 
мақсаты не? 
3.Көрсеткіштің сәйкессіздігі неге байланысты? Көрсеткіштерді салы-
стырмалы түрге келтірудің негізгі тәсілдерін атап өтіңіз.
4. Салыстырамалы шамалардың негзігі түрлерін сипаттаңыз. 
5. Орташа шамалардың мәні және түрлері қандай? 
6.Шаруашылық қызметті талдауда теңгерімдік әдіс не үшін қолданыла-
ды.? 
7. Талдауда сызбалардың қандай түрлері қолданылады? 
8.Мәліметтерді кестемен өрнектеудің рөлі қандай? ШҚТ-да қолданыла-
тын кестелердің негізгі түрлерін сипаттаңыз. 


31 
3 ФАКТОРЛЫ ТАЛДАУ 
3.1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДАҒЫ ФАКТОРЛАР ЖІКТЕМЕСІ 
 
 
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық үдерістері мен құбылы-
стары өзара байланысты, өзара тәуелді және өзара себепші болып келеді. 
Кейбіреулері өзара тікелей байланысты, кейбіреулері – жанама байланысты 
болады. Мысалы, кәсіпорынның негізгі қызметінен тапқан пайдасының ша-
масына келесідей факторлар тікелей ықпал етеді: сату көлемі мен құрылымы; 
өнімнің өткізу бағасы және өзіндік құны. Ал қалған барлық факторлар бұл 
көрсеткішке жанама әсер етеді. 
Әрбір құбылысты себеп ретінде және нәтиже ретінде де қарастыруға бо-
лады. Мысалы, еңбек өнімділігі, оны бір жағынан өндіріс көлемінің, өзіндік 
құн деңгейінің өзгеру себебі ретінде, ал екінші жағынан - өндірісті автомат-
тандыру, механикаландыру деңгейінің, еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің 
және т.б. өзгерісінің нәтижесі ретінде қарауға болады. Егер қандай да бір 
көрсеткіш бір немесе бірнеше себептің салдары және нәтижесі ретінде 
қарастырылып, зерттеу нысаны ретінде болса, онда оның өзара байланыста-
рын зерттеуде оны нәтижелі көрсеткіш деп атайды. Нәтижелі нышанның 
бағытын анықтайтын көрсеткіштерді  факторлы деп атайды.  
Әрбір нәтижелі көрсеткіш көптеген, түрлі факторлардан тәуелді болады. 
Нәтижелі көрсеткіштің шамасына факторлар әсері неғұрлым терең зерттелсе,
талдау нәтижесі және кәсіпорын еңбегінің сапасын бағалау соғырлым дәл 
жүргізіледі. Сонда шаруашылық қызметті талдаудағы маңызды әдістемелік 
мәселе зерттелетін экономикалық көрсеткіштер шамасына факторлардың 
әсерін өлшеу және зерттеу болып табылады. Факторларды терең және жан-
жақты зерттемей, қызмет нәтижесі жөнінде негізделген қорытындылар жа-
сауға, өндіріс қорларын анықтауға, басқарушылық шешімдер мен жоспар-
ларды негіздеуге болмайды.
Факторлы талдау дегеніміз кешенді және жүйелі зерттеу әдістемесі және 
нәтижелі көрсеткіштердің шамасына факторлардың әсерін өлшеу. Факторлы 
талдаудың келесідей түрлері бар: 
• детерминдеу (атқарымды) және стохастикалық (корреляциялық); 
• тікелей (дедукциялық) және кері (индукциялық); 
бірдеңгейлі және көп деңгейлі;
• статикалық және серпінділік; 
• өткенді шолатын және келешекті (болжамды).
Детерминдеу факторлы талдау дегеніміз факторлар әсерін зерттейтін 
әдістеме болып саналады, нәтижелі көрсеткішпен олардың байланысы 
атқарымды сипатта болатын, яғни нәтижелі көрсеткіш факторлардың көбей-
тіндісі, бөлінісі немесе алгебралық сомасы түрінде көрсетілуі мүмкін.
Стохастикалық талдау факторларды зерттеу әдістемесі болып келеді, 
атқарымдыға қарағанда оның ерекшелігі нәтижелі көрсеткішпен байланысы 
толық емес, ықтималды (корреляциялық) болып келеді. Егер атқарымды 
(толық) тәуелділікте аргументтің өзгерісімен бірге функцияның сәйкес өз-


32 
герісі болса, онда стохастикалық байланыста аргументтің өзгеруі сол көрсет-
кішті анықтайтын басқа факторлардың бірлестігінен тәуелді функция 
өсімінің бірнеше мәнін бере алады. Мысалы, еңбек өнімділігі қормен жаб-
дықталу деңгейі жақын болған әр түрлі кәсіпорында бірдей болмауы мүмкін. 
Бұл осы көрсеткішті қалыптастыратын басқа факторлардың үйлесу 
тиімділігінен тәуелді болады.
Тікелей факторлы талдауда, зерттеу дедуктивті тәсілмен жүргізіледі – 
жалпыдан жекеге қарай. Кері факторлы талдау логикалық индукция 
тәсілімен – жеке, жекелеген факторлардан жалпыға қарай себепті-салдарлы 
байланыстарды зерттеуді жүзеге асырады. 
Факторлы талдау бірдеңгейлі және көпдеңгейлі болуы мүмкін. Бірінші 
түрі (бірдеңгейлі) тек бірдеңгейлі факторларды зерттеу үшін қолданылады, 
олар құрамдас бөліктерге бөлінбейді. Мысалы у = а × в. Көпдеңгейлі фактор-
лы талдауда а және в факторлары олардың мәнін түсіну үшін құрамдас бөлік-
терге бөлінеді. Факторлардың бөлшектенуі әрі қарай жалғаса беруі мүмкін. 
Бұл жағдайда өзара бағынушылығы әр түрлі деңгейде болатын факторлар 
әсері зерттеледі. 
Сондай-ақ статикалық және серпінді факторлық талдаулардың 
айырмашылығын білу керек. Бірінші түрі белгілі күндегі нәтижелі көрсет-
кішке факторлардың әсерін зерттеуде қолданылады. Екінші түрі себепті-
салдарлы байланыстардың серпінділігін зерттеу әдістемесі ретінде қаралады. 
Сонымен бірге факторлы талдау өткенді шолу түрінде болуы мүмкін, ол 
өткен кезеңдегі шаруашылық қызмет нәтижесі өзгерісінің себептерін зерт-
тейді және келешекті талдау болашақтағы нәтижелі көрсеткіштерді және 
факторлардың әсерін зерттейді.
Факторлы талдаудың негізгі міндеттері 
1. Зерттелетін көрсеткіштерді талдау үшін факторларды таңдау. 
2. Жүйелі тәсілдемені қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және 
жүйелеу.
3. Нәтижелі және факторлы көрсеткіштер арасындағы өзара байланы-
сты үлгілеу.
4. Факторлар әсерін есептеу және нәтижелі көрсеткіш шамасының өзге-
руіндегі олардың әрқайсысының рөлін бағалау.
5. Факторлы үлгімен жұмыс атқару (экономикалық үдерістерді басқару 
үшін оны іс жүзінде пайдалану). 
Талдауда зерттелетін факторлар әр түрлі нышаны бойынша жіктелуі 
мүмкін және бұл нәтижелі көрсеткіштің мәнін қалыптастыруда олардың 
әрқайсысының рөлін және орнын дәл бағалауға мүмкіндік береді. (2.1сурет). 
Табиғаты бойынша факторлар табиғи-климаттық, әлеуметтік-
экономикалық және өндірістік-экономикалық болып бөлінеді. 
Табиғи-климаттық 
факторлар 
ауылшаруашылығында, 
өңдеу 
өнеркәсіпорындарында, орман шаруашылығында және басқа да салаларда 
қызмет нәтижесіне үлкен әсер етеді. Олардың әсерін есепке алу шаруашы-
лық субъектілерінің жұмыс нәтижесін дәл бағалауға мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік-экономикалық факторларға жұмыскерлердің тұрғын үй жағдайы, 


33 
кәсіпорындағы спорттық, денсаулық сақтау, мәдени-көпшілік жұмысын 
ұйымдастыру, кадрлар білімі мен мәдениетінің жалпы деңгейі және т.б. жа-
тады. Олар кәсіпорынның өндірістік ресурстарын толық пайдалануына және 
жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Өндірістік-экономикалық 
факторлар кәсіпорынның өндірістік ресурстарының және оның соңғы нәти-
жесінің толықтығын және пайдалану тиімділігін анықтайды. Шаруашылық 
қызмет нәтижесіне әсер ету деңгейі бойынша негізгі және қосалқы болып 
бөлінеді. Нәтижелі көрсеткішке шешуші әсер ететін факторлар негізгілеріне 
жатады. Қосалқыға қалыптасқан жағдайда шаруашылық қызмет нәтижесіне 
шешуші әсер жасамайтын көрсеткіштер жатады. Бұл жерде бір ғана фактор 
жағдайға тәуелділігі бойынша негізгі және қосалқы болатындығына көңіл 
аудару қажет. Әр түрлі факторлардың ішінен негізгілерін айыра білу талдау 
нәтижесі бойынша қорытындылардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет