Асанова с. С., Калманова н. М


 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН



Pdf көрінісі
бет29/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН 
АҚПАРАТТЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ 
 
4.1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ 
ҚАҒИДАЛАРЫ 
Шаруашылық қызметті талдаудың нәтижелігі көбінесе дұрыс 
ұйымдастыруға тікелей байланысты. Ол ғылыми сипатта болуы керек, 
жоспарлы түрде іске асады, ең жаңа әдістемелікке негізделуі керек
талдамалық үдерістердің пәрменділігін және тиімділігін қамтамасыз ету 
керек.
Талдамалық жұмысты басқару оның шешімдерін қабылдайтын әрбір 
менеджердің міндеті болып саналады. Осыдан оны ұйымдастырудың 
маңызды қағидасы жеке орындаушылардың арасында талдауды жүргізу үшін 
міндеттерді дәл бөлу қажет болып саналады. Қаншалықты міндеттер оңтайлы 
бөлінген болса, соғұрлым, біріншіден, талдауы толық жүргізіледі, ал екінші 
жағынан, әртүрлі бөлімдердің ұқсас жұмысты қайталамауға жол берілмейді, 
әртүрлі мамандардың жұмыс уақыты тиімдірек пайдалануына мүмкіндік 
туады.
Кәсіпорындарда 
талдауды 
ұйымдастыру 
қағидаларының 
бірі 
талдамалық үдерісті үнемді және тиімді жүргізу болып табыладыяғни, оны 
жүргізуге кететін шығындарды мейлінше азайтып, толық және барлық жағын 
қамтыған зерттеулерді орындауды білдіреді.  Осы мақсатпен оны жүргізгенде 
талдаудың жаңа әдістемелігін, ақпаратты өңдейтін компьютерлік 
технологияны, мәліметтерді жинау және сақтаудың оңтайлы әдістерін 
қолдану керек.
Кәсіпорындарда талдамалық жұмысты ұйымдастырудың маңызды 
қағидасы оны реттемесі мен бірегейлендіруі болып саналадыРеттеме әрбір 
орындаушыға міндетті ең аз көлемде кесте мен талдаудың соңғы түрін 
жасауды қарастырады. Талдауды бірегейлендіру (стандарттау) үлгілік 
әдістемелерді және нұсқауларды, соңғы мәлімет толтыру түрлерін және 
кестені, стандартты бағдарламаны, бірыңғай өлшемдерді жасауды 
қарастырады, ол болса басқарудың жоғары сатысында талдау нәтижелерін 
салғастыруды және жинастыруды қамтамасыз етеді, шаруашылық ішіндегі 
бөлімдердің қызметін бағалаудың шынайлығын арттырады, талдауға кететін 
шығындарды азайтып, қортындысында оның тиімділігінің артуына мүмкіндік 
туғызады.
Кәсіпорындардағы талдамалық жұмыстары келесідей ұйымдастыру 
кезеңдерінен тұрады.
1. Шаруашылық қызметті талдаудың субъектісі мен нысанын анықтау
талдауды ұйымдастыру түрін таңдау және жеке жұмыс орны мен бөлімдер 
арасында міндеттерді бөлу.
2. Талдамалық жұмысты жоспарлау.


51 
3. Шаруашылық қызметті талдауды ақпараттық және әдістемелік 
қамсыздандыру.
4. Талдау нәтижесін ресімдеу. 
5. Талдау нәтижесі бойынша туындаған ұсыныстарды өндіріске ендіруді 
бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет