54
Нормативті-жоспарлы сипаты бар ақпарат көзіне кәсіпорында
жасалынатын жоспарлардың барлық түрі (келешекті,
ағымдағы, оралымды,
технологиялық карталар) және нормативті материалдар, сметалар, бағалық,
жобалау тапсырмасы және басқалар жатады.
Есеп сипатындағы ақпарат көзі - бұл бухгалтерлік, статистикалық және
оралымды есеп пен есеп беру құжаттарында болатын мәліметтер.
Талдауды ақпаратпен қамсыздандыруда бухгалтерлік есеп пен есеп беру
жетекші рөл атқарады, онда шаруашылық жағдайды, үдерісті, оның
нәтижелері келтіріледі. Алғашқы және жиынтық есептеу тіркелімінде және
есеп беруде болатын мәліметтерді дер кезінде толық талдау жоспардың
жақсы орындалуына, шаруашылықтың оң нәтижеге жетуіне бағытталған
қажетті іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Жаппай құбылыс пен үдерістерді сандық жағынан сипаттайтын
есеп
және есеп беру статистикалық мәліметтері экономикалық заңдылықты
анықтау үшін, өзара байланысты терең зерттеу мен түсіну үшін
қолданылады.
Оралымды есеп және есеп беру талдауға керекті мәліметтерді (мысалы,
өндіріс пн өнімді жеткізу жайлы, өндірістік запастың жағдайы туралы)
статистикалық және бухгалтерлік есепке қарағанда әлде қайда жедел алуға
мүмкіндік береді, осының арқасында талдамалық зерттеудің тиімділігін
арттыруға жағдай жасалынады.
Біздің саралама (жіктеме) бойынша кәсіпорынның экономикалық
паспорты есеп беру құжаты болып саналады, онда бірнеше жылғы
шаруашылық қызметтің нәтижелері жайлы мәліметтер жинақталады.
Паспортта болатын көрсеткіштерді кең көлемде талдап, тексеру серпіндіні
терең зерттеуге, кәсіпорынның даму үрдісін
және заңдылығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Есептен тыс ақпарат көздеріне шаруашылық қызметті реттейтін
құжаттармен қатар олардың қатарына кірмейтін басқа да құжаттар жатады.
Олардың қатарына келесілер жатады.
1. Ресми құжаттар – бұл кәсіпорын өзінің қызметінде пайдаланатын мем-
лекет заңдары, президент жарлығы, үкімет қаулысы, тексеру актілері,
кәсіпорынның бұйрығы мен өкімі.
2. Шаруашылық-құқықтық құжаттар: келісімшарттар, келісімдер,
арбитраж бен заң орындарының шешімі, шағым-талаптар.
3. Ғылыми-техникалық ақпараттар (жарияланым, ғылыми-зерттеу
жұмыс- тарының нәтижесі бойынша есеп және басқалар).
4. Техникалық және технологиялық құжаттар.
5. Жеке жұмыс орнындарында өндірістің жағдайын арнайы зерттеу
материалдары (хронометраж, фотография және басқалар).
6.
Кәсіпорынның
негізгі
контрагенттер
жайлы
ақпараттар.
Жабдықтаушы лардың сенімділігін және бағалық саясатты болжау үшін
қажетті ақпараттар. Сатып алушылар жайлы мәліметтер олардың ағымдағы
және ұзақ мерзімдегі төлем қабілеттілігін сипаттау үшін керек болады.
55
7. Әртүрлі ақпарат көздерінен (интернет, радио, теледидар, газет,
журналдар, ақпараттық бюллетендер және басқалар)
алынған негізгі
бәсекелестер туралы мәліметтер.
8. Материалдық ресурстар нарығының жағдайы туралы мәліметтер
(нарық көлемі, жекеленген ресурс түрлерінің баға деңгейі мен серпіні).
9. Капитал нарығы туралы мағлұматтар (қайта қаржыландыру мөлшер-
лемесі, шетел валютасының ресми бағамы, несие және депозиттер бойынша
банк мөлшерлемесі және басқалар).
10. Қаржылық нарық жағдайы туралы мәліметтер (құнды қағаздардың
негізгі түрлері бойынша сұраныс пен ұсыныс бағасы, қаржылық құралдардың
негізгі түрлері бойынша мәмленің көлемі мен бағасы, қаржы нарығындағы
баға серпінінің жиынтық индексі).
Зерттеу нысаны қарай ақпарат ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі
ақпарат жүйесі – бұл статистика, бухгалтерлік, оралымды есеп және есеп
беру
мәліметтері, жоспарлау мәліметтері, кәсіпорында жасалған нормативті
мәліметтер және т.б.
Сыртқы ақпарат жүйесі – бұл статистикалық
жинақтардың, мерзімді және арнайы басылымдардың, конференцияның,
іскерлік кездесулердің мәліметтері, ресми, шаруашылық-құқықтық құжаттар.
Зерттелетін пән саласын толық сипаттау үшін қажетті ақпараттар
зерттеу пәніне қарай негізгі және қосалқы болып бөлінеді.
Түсім мерзімділігі бойынша талдамалық ақпарат жүйелі және ауық-ауық
түсетін болып бөлінеді. Тұрақты ақпарат көзіне жоспарлау және есеп
мәліметтері жатады. Ауық-ауық ақпарат қажет болуына байланысты
қалыптасады, мысалы, жаңа бәсекелес туралы.
Жүйелі ақпарат,
өз кезегінде, өз мәнін ұзақ мерзім бойы сақтайтын
тұрақты (кодтар, шифрлар, бухгалтерлік есептің шоттары және басқалар),
өзінің мәнін белгілі уақыт бойынша сақтайтын (жоспар көрсеткіші,
нормативтер)
шартты-тұрақты және оқиғаның тез өзгеріп отыратынын
(белгілі бір уақытта талданып жатқан нысанның жағдайы туралы есеп беру
мәліметтері) көрсететін
айнымалы ақпараттар деп бөлінеді.
Өңдеу үдерісіне қарай ақпаратты
алғашқы (алғашқы есеп, тексеру
мәліметтері) және өңделу мен өзертудің белгілі сатыларынан өткен (есеп
беру, жағдаяттық шолулар және т.б.) ақпараттар
екінші ақпарат болып
бөлінеді.
Талдауды ақпараттық қамсыздандыруды ұйымдастыруға бірнеше
талаптар қойылады.
Бұл ақпараттың талдамалығы, оның дұрыстылығы,
оралымдылығы,
салғастырымдылығын, ұтымдылығы және басқалары
.
Бірінші талаптың мәні бойынша экономикалық ақпарат жүйесі
шаруашылық қызметті талдау талабы мен міндетіне сай келуі керек, яғни
факторларды терең зерттеу үшін қажетті мәліметтерді алуды қамтамасыз ету,
резервтерді анықтап, басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етеді.
Экономикалық ақпарат талданатын құбылыс пен үдерістерді дәйекті және
шынайы бейнелеуі қажет. Басқа жағдайларда талдаудың нәтижесі бойынша
жасалған қортындылар шындыққа жанаспайтын болады, ал талдаушылардың
56
ұсынып отырған ұсыныстары кәсіпорынға пайда әкелудің орнына зиянды
болуы мүмкін.
Ақпараттың оралымдылығы талдаудың дер кездігін және пәрменділігін
жоғарылату талабынан тікелей туындап отыр. Шаруашылық үдерістер
туралы ақпарат неғұрлым тезірек түсетін болса, соғұрлым талдауды тез
жүргізіп, кемшіліктерді анықтап, оларды тез жоюға болады. Ақпараттың
оралымдылығын арттыруына жаңа байланыс құралын пайдалану,
оларды
компъютерде тез өңдеу арқылы қол жеткізуге болады. Ақпараттың сапасына
қойылатын талаптың бірі – ол зерттеудің пәні және нысаны, уақыт кезеңі,
көрсеткіштерді санау әдістемелігі және басқа нышандары бойынша
Достарыңызбен бөлісу: