60
Ең көп көлем өндірістік қуатты барынша толық пайдаланғанда ғана қам-
тамасыз етіледі.
Оңтайлы сату көлемі белгілі бір баға аралығында,
өндірістің қалы-
птасқан жағдайында барынша көп пайда табуға мүмкіндік беретін көлемі бо-
лып саналады. Оңтайлау мәселесі іс-тәжірибелікке қарағанда ол теория мәсе-
лесіне жатады, бірақта өнімді шығаруды жоспарлағанда оңтайлы көлем
бағдар болады, оны білу өте қажет.
Ассортимент - бұл әрқайсысының көлемі көрсетілген бұйым атаулары-
ның тізімі. Ассортимент толық, топтық және топішілік болып бөлінеді.
Номенклатура - нақты сатушы алушыға
ұсынатын тауар топтары мен
тауар бірліктерінің барлық түр-түрінің жиынтығы.
Өнімді шығару мен оның сатылған көлемі бұрын қалай болғанын шола-
тын талдауды жүргізу үшін ақпарат көзі ретінде статистикалық есеп, соны-
мен қатар бухгалтерлік есеп құжаттары пайдалынады.
Келтірілген ақпарат көздері өткенге шолу жасау үшін
пайдалынады,
оның маңызды рөлі шаруашылық іс-әрекеттің тәжірибесінде дәлелденеді.
Оралымды талдау бастапқы бухгалтерлі есеп бойынша жүргізіледі.
Өнімді шығару және сатуға келешектік талдау жүргізу баламалы
басқару шешімдері мен олардың оңтайлысын талдағанда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: