23
Кеңістік салыстырудың салыстырмалы шамасы белгілі бір уақытта
немесе бір кезеңде алынған әр түрлі нысанға қатысты көрсеткіштер деңгейін
салыстыру арқылы анықталады.
Жоспарлы тапсырманың салыстырмалы шамасы ағымдағы жыл
көрсеткішінің жоспарлы деңгейінің өткен жылдағы оның нақты деңгейіне
немесе өткен 3-5 жылдағы оның орташа деңгейіне қатынасын көрсетеді.
Жоспардың орындалуының салыстырмалы шамасы - пайызбен
өрнектелген есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштің
нақты мен жоспарлы
деңгейлердің арасындағы қатынас.
Қандайда бір уақыт арасындағы көрсеткіштердің өзгерісін сипаттау
үшін
серпіннің салыстырмалы шамасын пайдаланады. Оны ағымдағы кезең
көрсеткішінің шамасын өткен кезеңдегі оның деңгейіне бөлу арқылы
анықтайды (ай, тоқсан, жыл). Оларды
өсу қарқыны деп атайды және оны
көбінесе пайызбен немесе коэффициентпен өрнектейді. Серпіннің
салыстырмалы шамасы
базисті және
тізбекті болуы мүмкін. Бірінші
жағдайда серпінділік қатардың әрбір келесі
деңгейі базалы жылмен
салыстырылады, ал екінші жағдайда келесі жылдың көрсеткіштері алдыңғы
жылдың көрсеткіштерімен ара қатынасы арқылы анықталады.
Құрылым көрсеткіші – бұл пайызбен немесе коэффициентпен
өрнектелген құрылымның бір бөлігінің жалпы көрсеткіштегі салыстырмалы
үлесі (үлес салмағы). Мысалы, жалпы өндіріс көлеміндегі өнімнің жекелеген
түрінің үлес салмағы, кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы санындағы
басқарушылық персоналдың үлес салмағы болып келеді.
Үйлестірудің салыстырмалы шамасы өзара бүтін
бөлшектердің өзара
қатынасын көрсетеді, мысалы негізгі өндірістік қорлардың белсенді және
енжарлы
бөлігі, меншікті және несие капиталы, негізгі және айналмалы қор
және т.б. ара қатынастарын білдіреді.
Қарқындылықтың салыстырмалы шамасы - бұл
белгілі бір ортадағы
қандай да бір құбылыстың дамуын, көп таралғандығын сипаттайды, мысалы,
халықтың
ауру-сырқаулығының деңгейі, жоғары
мамандығы
бар
жұмысшылар пайызы және т.б.
Тиімділіктің салыстырамлы шамасы – бұл нәтиженің ресурспен немесе
шығындармен
арақатынасы, мысалы бір теңгеге сәйкес келетін шығын,
табысқа сәйкес келетін шығын, бір жұмыскерге сәйкес келетін шығын және
т.б.
Экономикалық жұмыс тәжірибесінде абсалютті және салыстырмалы
көрсеткіштермен қатар орташа шамалар қолданылады. Олар ШҚТ-да белгілі
бір нышаны бойынша біркелкі құбылыстардың жиынтығының сандық
сипатамасын қортындылау үшін пайдалынады,
яғни бір санмен нысанның
жиынтығын сипаттайды. Мысалы, жұмысшылардың орташа еңбекақысы
зерттеліп жатқан жұмысшылардың еңбекақы деңгейін жалпылай сипаттау
үшін қолданады. Орташа шамалар көмегімен нысанның әр түрлі жиынтығын
салыстыруға болады, мысалы, дақылдар шығымының деңгейі бойынша
аудандар, еңбекақы деңгейі бойынша кәсіпорындар және т.б. Шаруашылық
қызметті талдауда орташа шамалардың әр түрі (жай және салмақталған
24
орташа арифметикалық, орташа үйлечімділік, орташа геометриялық, орташа
хронологиялық, орташа квадраттық және т.б.),
статистиканың жалпы
теориясында кең қарастырылатын есептеу әдістемесі қолданылады.
ШҚТ-да орташа шаманы пайдалану кезінде олар жаппай мәліметтерге
негізделінген құбылыстардағы қортынды сипаттаманы беретінін ескеру
қажет. Бұл оның күшті және осал жағы болып табылады. Көбінесе жалпы
орташа көрсеткіштердің арқасында нашар жұмыс істейтін бригадалар мен
цехтардың және басқа да шаруашылық бөлімшелердің нәтижелері
көрінбейді. Орташа мәліметтер өндірістегі
алдыңғы қатарлы жұмыс-
шылардың жетістіктерін көрсетпейді. Сондықтан талдау кезінде орташа
шамалардың мазмұнын ашу қажет, бұл олардың орташа тобымен, ал кей
жағдайда жеке көрсеткіштерімен толықтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: