Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындагы
бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық. Валюталық операциялардың көлемі, сипатына және пайдаланатын санына
байланысты валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық (жергілікті). Валюталық
нарыктағы
операцияларға
банктер
функционалдық
көзқараспен қарасақ, валюталық нарық - халықаралық есеп айырысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың жиынтығы. Институтционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық -Үкіметтің, банктердің, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлік конторалардың және шетелдік банктердің жиынтыгы. Ұйымдастырылу — техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық - банктерді халықаралық есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында өзара байланыстыратын коммуникациялық жүйелердің жиынтығын білдіреді. Валюталық нарықты белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:
1) Орналасу аумағына қарай:
• халықаралық;
• ішкі;
• аумақтық.
2) Валюталық шектеуге қатысты:
• еркін нарық;
• еркін емес.
Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты - еркін емес нарық деп,
ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық
деп атауға болады.
3) Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:
• бір ғана режимді;
• қос режимді.
Бір ғана режимді валюталық нарық - бұл еркін валюталық бағамға
негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада
белгіленеді.
Қазақстан Республикасында теңгенің арнайы валюталық бағамы 1999
жылы 5 сөуірден бастап өзгермелі бағам режиміне өтті. Ал оған дейін
тіркемелі бағам қолданылып келді.