Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру



бет1/10
Дата08.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#185362
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 28 сәуірдегі

154 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және резиденттердің және резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ тіркеу және хабарлау режимдерінің жалпы ережелерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы және шетел банкіндегі банк шоты туралы хабарлауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.



Валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі валюталық операциялар бойынша ақша төлемі мен аударымын жүргізуге, шетел валютасын сатып алу және сатуға, қолма-қол шетел валютасын алуға (есептеуге) және пайдалануға қатысты белгіленеді.

Тіркеу және хабарлау режимдерінің жалпы ережелері асып кеткен жағдайда тіркеудің немесе хабарлаудың талаптары туындайтын шекті мәндерді, сондай-ақ тіркеу және хабарлау режимдеріндегі ерекше жағдайларды айқындайды.

Ұлттық Банктің валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы және шетел банкіндегі банк шоты туралы хабарлауды жүзеге асыру тәртібі валюталық операциялардың жекелеген түрлері үшін тіркеу және хабарлау рәсімдерінен, резиденттердің берілген тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктер шегінде мәліметтер беру нысаны мен тәртібінен, валюталық реттеу режимдерінің жеке жағдайларынан, сондай-ақ өтпелі ережелерден тұрады.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Заңда көрсетілген мағынада пайдаланылады.



Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай терминдер мен ұғымдар да пайдаланылады:

1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - биржа) негізгі сессиясында қалыптасқан және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5570 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 бұйрығына және Ұлттық Банк Басқармасының «Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысына (бұдан әрі - Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібі) сәйкес айқындалған теңгенің шетел валютасына қатысты орташа алынған биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің биржада сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына қатысты, Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібіне сәйкес кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептелген бағамы;



2) инвестициялау объектісі - бағалы қағаздары (қатысушылардың дауыстары) сатып алынатын (сатып алынған) заңды тұлға, инвестициялық пай қоры, сондай-ақ мүлкіне мүліктің жарна салынатын (салынған) ұйымдар. Депозитарлық қолхаттармен операциялар жүргізген жағдайда олардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаз эмитенті инвестициялау объектісі болып табылады;

3) өз операциялары - валюталық шарттың тарабы болып табылатын резиденттің өз атынан және өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын валюталық операциялары;

4) резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздары - базалық активі резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының және (немесе) эмитент елінің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар ретінде танылатын қаржы құралдары;

5) резидент эмитенттердің бағалы қағаздары - базалық активі резидент эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар ретінде танылатын қаржы құралдары;

6) тікелей инвестициялау объектісі - дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызы немесе қатысушылардың жалпы дауыс санының он және одан көп пайызы тікелей инвесторға тиесілі (тиесілі болатын) заңды тұлға;

7) тікелей инвестор - инвестициялау объектісіне тікелей инвестициялауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) заңды немесе жеке тұлға.

3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген, Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына (бұдан әрі - Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес айқындалатын күн экспорт немесе импорт күні болып табылады.

4. Егер осы Қағидаларда өзгеше жазылмаса, заңды тұлғаларға қатысты белгіленген нормалар олардың филиалдарына және өкілдіктеріне де қатысты қолданылады.

5. Осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін ақпаратты (хабарлама, есептер, жазбаша хабарлар) уәкілетті банктер берілетін деректердің құпиялылығын және сәйкестігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізетін көлік жүйесін пайдалана отырып, қағаз тасымалдағышта не электрондық тәсілмен ұсынады.

6. Уәкілетті банк Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бұзуды есептемегенде, күнтізбелік ай ішінде өзіне мәлім болған, банк клиенттері жол берген Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері туралы Ұлттық Банкке осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, келесі күнтізбелік айдың соңғы күнінен кешіктірмей хабарлайды.

 

 

2. Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерi мен аударымдарын жүргізу тәртібi



 

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2013.26.04. № 110 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



7. Валюталық операция бойынша ақша төлемі мен (немесе) аударымын уәкілетті банк арқылы жүргізген кезде ақша жөнелтуші немесе алушы болып табылатын резидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін);

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке тұлғалар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер болса;

3) Қазақстан Республикасында мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге тиіс резидент заңды тұлғалар үшін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептік тіркеуге тиіс резидент емес филиалдар (өкілдіктер) үшін), осындай құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

4) Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық шарт. Егер валюталық шарт экспортпен немесе импортпен байланысты және келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етсе, валюталық шарттың түпнұсқасы немесе оның келісімшарттың есептік нөмірін алғандығы туралы белгісі бар көшірмесі;



5) Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;

6) Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын не орындау қажеттігіне негіз болатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.

Мәміленің жағдайларын нақтылау, операцияны және оның қатысушыларын жіктеу мақсатында заңды тұлға уәкілетті банктің талап етуі бойынша құрылтай құжаттарын ұсынады.

Резидент (резидент емес) осы тармаққа сәйкес талап етілетін құжаттарды және мәліметтерді ұсынбаған жағдайда уәкілетті банк осы Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігінде, 10 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық операция бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізбейді.

8. Жеке тұлғалар арасындағы валюталық операция бойынша Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырылатын өтеусіз ақша аударымы үшін, сондай-ақ жеке тұлғаның шетел банкіндегі өз банк шотына (өзінің банк шотынан) ақша аударуы үшін валюталық шартты ұсыну талап етілмейді.

Тіркеу, хабарлау немесе келісімшарттың есептік нөмірін алу талаптары айқындалған валюталық операция бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы үшін валюталық шартты ұсыну міндетті. Өзге жағдайларда резиденттің және резидент еместің банк шоты бойынша баламасы он мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын сомада ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген кезде, егер:

1) ақшаны жөнелтуші (алушы) резидент емес немесе резидент жеке тұлға болса;

2) ақшаны жөнелтуші (алушы) резидент заңды тұлға болса және ақшаны жөнелтуші (алушы) бұл ақша төлемі және (немесе) аударымы тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап ететін валюталық операцияны жүзеге асырумен байланысты емес екендігін растаса, осы Қағидалардың 7-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.



Егер ақша төлемі және (немесе) аударымы валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, ақша төлемі және (немесе) аударымы сомасының баламасы операция жүргізілген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.

9. Резидент тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік талап етілетін валюталық операция бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген кезде резидент уәкілетті банкке осындай құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін ұсынады. Оларды салыстырып тексергеннен кейін көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады. Осы Қағидалардың 73-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) түпнұсқасының орнына тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) нотариат куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Резидентте хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда уәкілетті банк хабарлама туралы куәлікті алу қажеттігі туралы резидентке кез келген нысанда хабарлай отырып, операцияны жүргізеді. Бұл ретте уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына резидент-клиенттердің тапсырмалары бойынша (пайдасына) жүргізілген валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп береді. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы резиденттен осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпарат келіп түскен кезеңдегі есепке кіргізіледі.

Тіркеу куәлігі талап етілетін валюталық операция бойынша резиденттің пайдасына ақша түскен кезде уәкілетті банк резидентке тіркеу куәлігін ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды және көрсетілген құжатты резидент ұсынғаннан кейін ғана түскен ақшаны оның банк шотына аударады.

Егер тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік ресімделген валюталық шартқа осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2), 6) тармақшаларына сәйкес жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алуды талап ететін өзгерістер енгізілсе, осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көзделген құжат ретінде қолданыстағы тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті қабылдауға жол беріледі. Бұл ретте уәкілетті банк резидентке жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алу қажеттігі туралы кез келген нысанда хабарлайды.

10. Резидент (резидент емес) валюталық операция бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымын уәкілетті банк шығарған төлем карточкасын пайдалана отырып, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті банкке алдын ала ұсынбай жүзеге асырады. Егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, көрсетілген құжаттар уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылады.

11. Резидент заңды тұлға корпоративтік төлем карточкаcын пайдалана отырып, валюталық операция бойынша сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген жағдайда, резидент заңды тұлға уәкілетті банкке валюталық шартты ұсынады. Резидент заңды тұлға көрсетілген құжатты жоғарыда көрсетілген операция жүргізілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде ұсынады.



Егер ақша төлемі және (немесе) аударымы валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, ақша төлемі және (немесе) аударымы сомасының баламасы операция жүргізілген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.

12. Ақша жөнелтуші жеке тұлғаның валюталық шартты ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті банк валюталық операция бойынша ақша төлемін және (немесе) аударымын ақша жөнелтуші (алушы) мұндай аударымның мақсатын көрсеткен және оның:



1) уәкілетті банкке осындай ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке ұсынуын рұқсат ететін;

2) осы ақша төлемі және (немесе) аударымының тіркеу куәлігін, хабарлама туралы куәлікті, келісімшарттың есептік нөмірін (резидент жеке тұлғалар үшін) алуды талап ететін валюталық операцияны жеке тұлғаның жүзеге асыруымен байланысты емес екендігін растайтын;

3) осы ақша төлемі және (немесе) аударымының жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметімен байланысты емес екендігін (ақшаны уәкілетті банкте шот ашпай-ақ аударған кезде) растайтын жасаған немесе растайтын жазбалары болған кезде ғана жүргізеді.

Бұл тармақтың ережелері жеке тұлғаның банк шоты бойынша уәкілетті банктің төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын ақша төлемдеріне және (немесе) аударымдарына қолданылмайды.

13. Уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, жеке тұлғалар валюталық операциялар бойынша күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырған мынадай ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы:



1) егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкілетті банкте шот ашпай жүргізілген ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы;

2) егер мұндай ақша төлемінің және (немесе) аударымының сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асқан болса, банк шоттары бойынша осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізілген ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы;

3) егер мұндай ақша төлемінің және (немесе) аударымының не алынатын ақшаның сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, уәкілетті банктің төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілген валюталық операция бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымы не банк шотынан алынған қолма-қол ақша туралы ақпараттан тұратын есепті ұсынады.

Егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының не алынатын ақшаның валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, ақша төлемі және (немесе) аударымы сомасының баламасы операция жүргізілген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.

Осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есепке жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырған валюталық операция бойынша ақша төлемдері және аударымдары бойынша, сондай-ақ жеке тұлғалардың шетел банктеріндегі өз банк шоттарына (өздерінің банк шоттарынан) ақша аударымдары бойынша ақпарат кірмейді.

14. Резиденттің және (немесе) резидент еместің міндеттемелерін орындау есебіне резидент үшінші тұлға уәкілетті банк арқылы валюта операция бойынша жүргізетін ақша төлемі және (немесе) аударымы резидент үшінші тұлға мен атына ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылатын тұлғаның арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын шартты ұсынған жағдайда, егер бұл осындай ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асыруға негіз болған валюталық шартта көрсетілмесе, жол беріледі.



Егер резидент жеке тұлға валюталық операция бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымын жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының міндеттемелерін орындау есебіне жүзеге асырған жағдайда, осындай жеке тұлғалардың арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын шарт ретінде ақша жөнелтушінің міндеттемелерді орындау есебіне ақша төлемі және (немесе) аударымы жүзеге асырылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылатынын растайтын құжат ұсынылады.

15. Резидент еместің шетел банкіндегі шотынан резиденттің міндеттемелерін орындау есебіне жүзеге асырылатын резиденттің валюталық операциясы бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымына мынадай:



1) резидент резидент еместен алған қаржылай қарыз үшінші тұлғалардың банк шотына есептелген;

2) бағалы қағаздар нарығында резидентке ол тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығы бар резидент емес қаржылық қызметтерді көрсеткен;

3) резидент емес тапсырма шарты бойынша резидентке қызмет көрсеткен жағдайда жол беріледі.

 

 

3. Шетел валютасын сатып алу және сату тәртібi



 

16. Резиденттер және резидент еместер ішкі валюта нарығында мақсат бойынша шектеусіз және валюталық шартты және (немесе) орындалуы үшін шетел валютасын сатып алу және сату операциялары жүргізілетін өзге құжаттарды ұсынбай шетел валютасын сатып алады және сатады.

Тиісті операцияны уәкілетті банк осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарына сәйкес ресімделетін шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға арналған өтінім негізінде не заңды тұлғаның шетел валютасын сатып алу немесе сату мақсатын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттар болған кезде жүргізеді.

17. Шетел валютасын уәкілетті банк арқылы сатып алуға арналған өтінімді ресімдеген кезде уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым болып табылмайтын резидент заңды тұлға шетел валютасын сатып алу мақсатын көрсетеді.

18. Шетел валютасын уәкілетті банк арқылы ұлттық валютаға сатып алуға немесе сатуға арналған өтінімді ресімдеген кезде резидент емес заңды тұлға шетел валютасын сатып алу немесе сату мақсатын көрсетеді.

19. Өтінімде көрсетілген шетел валютасын сатып алу мақсаты заңды тұлғаның сатып алынған шетел валютасын өзге мақсаттарға пайдалануын шектемейді.

 

 

4. Қолма-қол шетел валютасын алу (аудару) және пайдалану тәртібi



 

20. Жеке тұлғалар уәкілетті банктердегі өздерінің банк шоттарынан (өздерінің банк шоттарына) қолма-қол шетел валютасын шектеусіз алады (аударады).

21. Заңды тұлғаның уәкілетті банктегі банк шотынан қолма-қол шетел валютасы Заңның 16-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жеке тұлғаларға төлемдерді, сондай-ақ Заңның 16-бабы 1-тармағының 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғалармен есеп айырысуды жүзеге асыру мақсаттарында алынады.

22. Заңды тұлға Заңның 16-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес жеке тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыру мақсатында өзінің банк шотынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде уәкілетті банкке қызметкерлерге еңбекақы төлеуге не олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарымен байланысты шығыстарды, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеуге негіз болған құжаттарды алынатын қолма-қол шетел валютасының сомасын көрсете отырып ұсынады. Заңды тұлға ұсынатын құжаттар нысаны бойынша шектелмейді және олар төлемнің (ақы төлеудің) мақсатын растауы тиіс. Осындай құжаттар ретінде бұйрықты, өкімді, шешімді, іссапар шығыстарының сметасын ұсынуға болады.

Қолма-қол шетел валютасы корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып алынған жағдайда, көрсетілген құжаттар уәкілетті банкке осындай алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарымен байланысты шығыстарды, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу үшін заңды тұлға бұған дейін алған қолма-қол шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігі заңды тұлғаның уәкілетті банктегі банк шотына қызметкерлердің іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде міндетті түрде аударылуы тиіс.

23. Қолма-қол шетел валютасын заңды тұлғаның уәкілетті банктегі банк шотына аударған кезде кіріс касса құжатында қолма-қол шетел валютасын алу негіздемесі көрсетіледі. Заңның



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет