Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар



бет7/9
Дата29.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#165628
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ойынның мақсаты: «көзбен байланысты ұстай білу» әңгімелесушіні түсіне білу қабілетін арттыру.

Ойынның барысы

Бір оқушы сыныптан бір минутқа шығады. Қалғандары шығып кеткен баланың мінезіне немесе сыртқы бейнесіне байланысты ең жақсы үш қасиет айтады. «Ақпарат сақтаушы» кімнің не айтқанын жазып алады. Кірген оқушының міндеті - сыныпта қалған оқуышылардың көздеріне, мимикаларына және басқа да мінез-құлықтарына «ақпарат сақтаушы» айтқан сөздердің иесі кім екенін анықтау. Топ «ыстық», «жылы», «суық» сияқты сөздермен көмектеседі. Оқушыларға тек қана жақсы қасиеттерді айтуды ескерту керек.

10-ереже: Жақсы тыңдаушы болыңыз.

– Жақсы тыңдаушы болу дегеңіміз не?

– Көбінесе қандай себептерден дау басталады? Дауды мұқият талдау кезінде көбінесе дау барысында дауласқан адамдар әр түрлі жағдайлар туралы айтатыны анықталады.

Мұқият тыңдау-көндірудің кепілі. Егер оның ойының тәртібін, құрылымын түсінбесең, ешқашан көндіре алмайсың. Сонымен бірге, мұқият тыңдаушы әңгімелесушіні өзіне қаратады, яғни жетінші ережені қолданады. Сонда ол қалай естіледі? Біз айтылғанды емес, өзіміздің қалағанымызды еститініміз мәлім.

Өзіміздің тыңдай алуымызды, коммуникативтікті көптеген тестер арқылы тексеруге болады. Міне солардың бірі.
Тест.

Сіз адамдармен қарым-қатынас жасай аласыз ба?

Бұл сіздің тіл табыса алу, тыңдау қабілеттеріңізге тікелей байланысты. Бұл сұрақтарға жауапты тесттен кейін жауап бере аласыздар. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береміз:


    1. Сіз басқа адамның сөзін соңына дейін айтып болғанша шыдайсыз ба?

    2. Сіз мәселені түсінбей жатып, шешім қабылдайсыз ба?

    3. Сіз өзіңізге ұнатайтынды, жағымды ғана естімейсіз бе?

    4. Сізде эмоция тудыратын адамды тыңдай аласыз ба?

    5. Басқа біреудің сөйлеуі сізге бөгет болмай ма?

    6. Әңгіменің керектісінің орнына бос нәрселерді ғана есте сақтамайсыз ба?

    7. Ескертулерді тыңдау сізге кедергі жасамай ма?

    8. Түсініспеушілік кезінде сіз тыңдауды тоқтатасыз ба?

    9. Тыңдау кезінде жағымсыз позицияны ұстанасыз ба?

    10. Мүмкін сіз тыңдап жатқандай түр жасайсыз?

    11. Сіз түсіну үшін өзіңізді сөйлеушінің орнына қоясыз ба?

    12. Сіз және сөйлеуші әртүрлі сұрақты талқылайтыныңызды есепке аласыз ба?

    13. Сізге және сөйлеп тұрған адамға сөздің мағынасы әртүрлі болатындығынын бақылайсыз ба?

    14. Сіз даудың көзқарастың келіспеушілігінен немесе сұрақтардың әртүрлі қойылғанынан болғанын анықтайсыз ба?

    15. Сіз басқа адамды тыңдаған кезде оның көзінен қашқақтап, бұрышқа немесе жан-жаққа қарайсыз ба?

    16. Сізде сөйлеп тұрған кісінінің сөзін бөліп, өзіңіздің сөзіңізді қоюға құмарлық пайда бола ма?

Нәтиже:егер сіз 11-14 сұрақтан басқа барлығына шын ниетпен «жоқ» деп жауап берсеңіз, онда сіз адамдарды тыңдай аласыз және ести аласыз. Кімде-кім өз жауаптарына сенімсіз болса, бұл тест негізінде кеңестерден құралған.
11-ереже: Конфликтогендерден (дау туғызатын сөздерден) аулақ болыңыз.

Конфликтоген деп, дау туғызатын сөздер, дау туғызатын әрекет, яғни конфликтке соқтыратын сөздер. Конфликтоген сөзінің нақты аудармасы -«дау тудырушылық» («ген» жалғауы күрделі сөзде «тудыратын» дегенді білдіреді).

Сіз қалай ойлайсыз, конфликтоген дегеніміз не? (Асырмалау, ашулық және тәрбиесіздік туғызатын көрсеткіштер: дөрекілік, қорқыту, мысқылдау, ескерту мақтану, апелляциясыздық, кеңес беру, сөйлеушінің адамның сөзін бөлу, өтірік, ақпаратты жасыру және т.б.).

Берілген ереже жетінші ережеге сәйкес. Расында, конфликтогендер көрінбей қалмайды, кері әсер пайда болып, әңгіме шиеленіске айналады.


12-ереже: Сіз бір-біріңізді дұрыс түсінетініңізді тексеріңіз.

- Оны қалай тексеруге болады?

Мәтінге байланысты сөздер әртүрлі мағынада болады. Бұл кез-келген тілге айтуға болады (мысалы, ағылшын тілінде 500 аса қолданылытын сөздің орташа санағанда 28 мағынасы бар). Қазақ тіл де солай. Сондықтан, хабарламаны алғанда түсіну дәрежесін, әсіресе қазақша әрқашан тескеру керек. «Мен қайдан пайда болдым?» - деген сұрақты баласы анасына қойды. - Адамдардың пайда болу туралы дәріс кезінде, соңында естідім: «Көрші Қарағандыдан келдік дейді. Ал біз қайдан?»

Пайда болған дауды сараптама дауласу кезінде затты әр жақты түсінетінін көрсетеді, нәтижесінде - «домбырам не дейді, мен не деймін», «бас десе, құлақ дейді». Келісімге келу үшін бір-бірін түсіну керек.

Түсінудің қарапайым, жай тәсілдер бар. «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» (Түсінгеніңізді қайталау) немесе «Басқа сөзбен айтқанда, сіз ...», «Сіздің айтқаныңыз ... білдіреді?» және т.б. Қайта сұрау күнә емес: «сіз нені айтып жатырсыз?», «қайтала алмайсыз ба?», «анығырақ айтуға бола ма...».

Галилео Галилейдің ғылыми тұжырымдарынан ешкім аса алмады: ол ең алдымен өз қарсылыстарының пікірлерін олардың өздерінен анық айтып, содан кейін оның тас-талқанын шығаратын. Ол нағыз шешен, виртуоз болды.


13-ереже: Өзіңіздің және әңгімелесушінің мимикасын және қимылдарын бақылап отырыңыз.

Мимика және ым дегеніміз не? Қалай ойлайсыз, оларды не үшін бақылау керек?

Көндіру процесінде тыңдаушы біздің сөзіміз туралы не ойлайтынын білмейтініміз бөгет болады. Сөйлеушілер әрқашанда бір-бірімен ашық болмайды.

Ым және қимыл тілін білген көмектеседі, ол туралы кейінірек айтамыз. Мимика мен сөзге қарағанда өзіміздің қимылымызды бақылай алмаймыз және кей қимылдар ойламаған жерден пайда болады. Ым және қимыл тілін білетін адам әңгімелесушіні оқып, қосымша акпарат алады. Сонымен қатар егер біздің ым мен қимылдарымыз сөзбен сәйкес келмесе көндіре алмаймыз. Көбісі келіспеушілікті сезеді. «Бір нәрсенің дұрыс еместігін сеземін» деу осыған байланысты. Ым және қимыл біздің сөзімізді нақтырақ сездіртеді.


14-ереже: Сіздің ұсынысыңыз әңгімелесушінің қандай да болмасын қажеттілігін қанағаттандыратынын көрсетіңіз.

– Сізде, адамдарда қандай қажет бар?

Адам қажеттіліктері бөлінеді:

а) физиологиялық (ас, су, ұйқы, тұратын үйі, денсаулық және т.б.);

б) сақтандыруға қажеттілік, болашаққа деген сенім;

в) қажеттілік бір ортаға жатады (отбасына, достар ортасына, ұжымға және т.б.)

г) сыйластыққа, танымға қажеттілік;

д) өзінді дамытуға, өзінің шамасының ашылуына қажеттілік, рухани қажеттілік.

Адам жоғарыда айтылған бес деңгейдегі қажеттілікті де керек етеді. Ол күшті аргументтер табу үшін көздер жақсы болып табылады.

Ең күшті аргумент – бір қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады. Мысалы: жарнама бойынша мамандар адамның қорқыныш, үрей сезімдері қауып, тәуекел жөнінде болатынын тұжырымдайды. Осының негізінде барлық сақтандыру ісі құралған. Адамдардың қауіпсіздіктерін сақтандыру бизнесі нағыз қаржылы болып табылады.

Енді сіздер барлық 14 ережені білесіздер. Қалғаны тәжірибеде қолдана білуді үйрену керек. Әрине ол үшін уақыт және шыдамдылық қажет.

Соңында тест «Сіз басқа біреуге әсер ете аласыз ба?». Сізде қоршаған ортаға әсер етуге қабілетіңіз бар ма? Мүмкін сіз осы қасиетіңізді дамытқыңыз келеді? Келесі сұақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

1) Сіз өзіңізді актердің немесе саясаткердің орнында елестете аласыз ба?

2) Экстравагантты киінген және сөйлейтін адамдар сізді тітіркендіре ме?

3) Сіз басқа адаммен өзіңіздің жыныстық уайымыңыз туралы сөйлесе аласыз ба?

4) Сіз қоршаған ортаға өзіңіздің қасиетіңізді көрсету үшін, қиын шаруаны істей аласыз ба?

5) Сіз үлкен табысқа жету үшін бәрін құрбандыққа шала бас аласыз ба?

6) Сіз қатаң тәртіппен, тіпті ойын сауықты өлшемді өмір салтына келтіре аласыз ба?

7) Сіз өзіңіздің үйіңізде жиһаздардың орнын ауыстырғанды жақсы көресіз бе?

8) Сіз өзіне өте сенімді және тәкаппар адамдарды жағындыра аласыз ба?

Жауаптар бағасы:




1

2

3

4

5

6

7

8

иә

5

0

5

5

5

0

5

5

жоқ

0

5

0

0

0

5

0

0

Н ә т и ж е л е р:



20-30 ұпай. Сіз басқа адамдарға жақсы әсер ете аласыз, ол үшін сіздің бойыңызда таптырмайтын қабілеттер байқалады. Сіз олардың тәртібін өзгертіп, басқарып, дұрыс жолға бағыттай аласыз. Осы тәрізді жағдайларда сіз судағы балықтай еркін жүзесіз. Сіз адамдардың тұйық болмауына, адамдардың қашқақтауына тек қана өзінің қара басын ойлауға жол бермейсіз.

Ол басқа адамдар үшін бірдеңе жасау керек, оқыту басқару, күнделікті өмірде өздерін одан да жақсы сезінуі үшін шара қолдану керек. Сіз қоршаған ортаны өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеуге қабілетіңіз бар. Бірақ сіздің позицияңыз өте агрессивті болуы мүмкін. Сондықтан байқау керек.



20 ұпайдан төмен:

Сіздікі әрдайым дұрыс болғанмен, қоршаған ортаны сіз сендіре алмайтын жағдайлар болады. Сіз өзіңіздің өміріңіз және қоршаған ортаның өмірі қатаң тәртіпте, сау ойда және жақсы қылықтармен шектелуі қажет деп ойлайсыз. Сіз жиі ұстамды боласыз, сондықтан өзіңіздің мақсатыңызға жете алмайсыз және басқалары сізді дұрыс түсінбейді.



8-тақырып: Ережелерді қолдану мысалдары (біздің өміріміздегі жағдайлар)

Сынып төрт топқа бөлініп, топта жағдай талқыланып, содан оның жалпы талқылануы өткізіледі.

- Сонымен, біз көптеген иланым ережелерімен таныстық. Ал қазір олардың күнделікті өмірдің түрлі жағдайында қалай жұмыс істейтінін тексерейік.
1-карточка. Подъездегі бұзақылық

К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.

Сәтсіздіктің себептері - эмпатияның болмауы, сөзбен кінәлау (күшті конфликтоген), және осының салдарынан - әңгімеленушінің реномының көңілге жақпауы. Жасалған бұзақылыққа әсер етпеуге болмайды, өйткені ол алдын ала дайындалған іс-әрекет.

Карточканың екінші сұрағына мысал.



  • Қайырлы кеш, Ғәлия-апай. Сізбен құпияласуға бола ма?

  • Кіріңіз, өтінемін.

  • Мен сізден көмек сұрап келдім. Біреулер біздің подъезде бұзақылық жасайды. Сіздің ұлыңыз біздің подъезде жиналатын жас өспірімдердің барлығын біледі. Ол балаларға егер бұзақылық қайталанса, оларды милицияға тіркеуге қоятынын айтып жіберсе жақсы болар еді.

  • Сонда олар не бүлдірді?

  • Бүгін - олар біздің телеантенамызды қиып кетті. Подъездің бүкіл қабырғалары мен лифтің ішін сызып, ұятсыз сөздерді жазып тастаған. Бұның соңы жаман аяқталуы мүмкін. Біз аналары ретінде оларды тоқтатуымыз керек.

  • Жарайды, ұлыммен мен сөйлесіп көрейін.

Осы жағдайдан біз нені ұтамыз? (күдікті бұзақының анасының көңілін өзімізге қарату) Бұл мүмкін бе? (Көршінің айтқандары оны бұрышқа тықпай, керісінше «намысын сақтауға» көмектеседі)
2-карточка. Сәби және бала

К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.

Неге ата–аналар бұл жағдайды көндіре алмайы? Өйткені көптеген көндіру ережелерін бұзады.

Ең басты - балаға эмпатия көрсетпейді. Өздерін оның орнына қойып, көпшілікке қызығушылық апаратын түсінеді: ана жерде не бар? Себебін түсінгеннен кейін, онымен күресу қажеті жоқ (ол зиянды да болуы мүмкін,

Себебі баланың дамуын тоқтатады).

Жай ғана балаға резенке етік кигізіп оның қызығушылығын қанағаттандыру керек. Егер етік жоқ болса, онда басқа жағдайға көңілін аудару керек. Яғни, оның қызығушылығынан қажеттілікті алу керек. Дамыту керек (өздік даму).

Осы жағдайда үлкендерге түсінікті, ал балаларға түсініксіз тұжырымдамалар жасалады («ауырып қаласың, «мерт болысың»), осыдан аргумент күші тыңдаушымен анықталады және әлсіз аргументтерден қашқақтауға болмайды деген Гомер ержелері бұзылады. Ананың дауыс көтеру жағдайды ушықтырып, 11-ережені бұзады. Жауап ретінде ерегесіп, дауыс көтеруге қарсы әрекет жасалады (сендірушінің денгейін төмендету реакциясы).

Осы жерде 8 ереже де сақталмайды: себебі ана баласымен біріктіретін қатынастан емес, бөлетін қатынастан бастайды (баланың түсінігі бойынша)

Қортындылай келсек, ата-ана көндірудің бес ережесін сақтамайды. Осыдан сөздер сендіре алмайды.


3-карточка. Тоқсандық баға

Карточкаға түсініктеме.

Оқушы сендіруге тырысып 1, 3, 6, 7, 8-ережелерін бұзады. Ол бөлу кезеңінен бастайды (бағаға әр түрлі көзқарас). Тәртіпті бұзушы ретінде мұғалімді ызаландырып, жағымсыз, теріс имиджді, ұнамсыз әңгімелесуші болып табылады. Мұғалімнің қашан және қандай баға қою шешіміне кедергі келтіргенде, мұғалімнің статусын түсіреді. Ескертеміз, тәртіп үшін қойылған екі мұғалімге әлсіз аргумент болып табылады.

Оқушы мұғалімге эмпатия көрсете алмағандықтан, екінің қандай болғанын жасыра алмайды. Мұғалімді кінәлап, дауласып, оны бұрышқа тығады. Осының нәтижесінде өзі қалмаған бағаға қарама-қарсы баға алады.

Сіздің нұсқауңыз: осындай жағдайда өзіңзді қалай ұстауыңыз керек?

Барлық оқушылар осылай дауласпайды, оны келесі жағдай көрсетеді, тыңдаңыздар.



Тарих туралы әңгіме

Оқушы тарих пәнінен бағасын түзеткісі келіп, мұғалімнің сабақ сұрағанын қалайды. Мектепке бара жатып, мұғалімді қуып жетеді:

- Қайырлы таң, Гүлзәйда-апай! Бүгін ауа райы тамаша ғой? Иә?!

- Сәлеметсіңбпе, Сапарбек, ауа райы расында жақсы!

- Демалыс жақындап барады ғой, сіз ақыры бізден демаласыз.

- Иә, бәріміз шаршадық - біз де, сендер де. Сірә, демалысты аңсайтын шығарсыздар?

- Әрине. Демалысқа жақсы бағамен шығу көңілдірек қой. Рас қой?

- Тоқсанды қалай бітіріп жатырсың?

- Егер сіздің пәніңізден түзетсем, мүмкін үш болмас еді,.

- Неге дұрыс оқымадың?

- Мен оқыдым. Бірақ, сіз сезгендей нашар дайындалып келгенде, сұрайсыз.

- Иә. Жиырма жыл оқытқаннан кейін, оқушыларды бірден біліп тұрасың.

- Ал қазір мен дұрыс жаттадым.

- Жарайды, онда бүгін тексереміз.
- Неліктен бала өз алдына қойған мақсатына жете алды?

Жас дипломат тәжірибеде Сократ ережесін қолданды. Ол мұғалімнен бірнеше бекітілген, нақты жауаптарды алды.

Ол мұғалімнің алдында басқа пәндерден жақсы оқитындығын айтып, өз имиджін көтереді. Өзінің жақсы сөздерімен мұғалімді өзіне қаратып, жағымды әңгімелесуші болады. Осының нәтижесінде иландырудың мақсатына жетеді.
4-карточка. Мектепте темекі шегу.

Карточкаға түсініктеме.

- Неге мұғалімдерді көндіре алмайсын?

Мұғалімдерге қарсы бірнеше ереже «жұмыс істеді». Мұғалімдердің аргументтері кішкентай балаларды сендіре алмайды. Балалар темекі шеккен кезде, болашақта не боларын ойлап көрмейді. Денсаулыққа зияндылығы «үлкендердің» түсінігімен баяндалады (аурулар, өмір ұзақтылығы), сондықтан балалар үшін олар әлсіз аргумент, балалар ой-өріс қабылдай алмайды.

Басқа жағынан қарағанда, бұл балалардың темекі шегу әрекеті үлкен жолдастарына еліктеуден туындайды. Үлкен жолдастарының мысалдары, мұғалімдердің сөздерінен әлдеқайда сенімдірек. Сондықтан бастауыш мектептерде осындай жағдайларға тап боламыз.

Бірге шешейік.



Құлыптағы шекара

Мектепте би кеші өткізілді. Кешіккендерді кіргізбеді. Кешіккендердің саны жиырма болды, мен де солардың қатарында болдым. Күзетші ірі адам ешкімді жібермеді. Кешікккендер артқа шегінген кезде, мен күзетшінің қасына бардым:

- Қайырлы кеш! Өтінемін, сіздің қасыңызда жылынып отыруға бола ма, өйткені, мен би кешінің аяғына дейін тосуым керек, ал дала болса суық.

- Неге тосу керек?

- Қызыма би кешінен кейін, шығарып салам деп уәде берген едім. Ал өзім сабақта болып кешігіп қалдым. Ол қауіпсіз ауданда тұрады.

- Сен де мында оқисың ба?

- ПМУ-дың дайындық курсына барып жүрмін.

- Оқуға түсуге дайындалып жүрсін бе?

- Иә, бірақ бүгін төбелесем деп ойлаймын.

- Неге?

- Менің қызыммен билеп жүрген жігітке, оны шығарып салуға жол бермеймін. Ол үшін күтіп тұрған жоқпын.

- Онда өзің барып биле.

- Сіз мені жібермейсіз ғой!

- Олай болса өте бер, бірақ төбелес болмасын.

- Рахмет!

- Жарайды...
- Бұл жас жігіттің жетістігін талдаңыздар.

Бұл жігіт басынан бастап, өзінің өтінішіне «иә» деген жауап алды, яғни Сократ ережесі бойынша әрекет жасады. Екінші «иә» деген жауаптың қажеті болмады, өйткені ол өзің «нағыз жігіт» екенін көрсете біліп, имиджін көтерді. Ал соңғы төбелес туралы аргумент күзетші үшін шешуші болды, өйткені күзетші төбелесті болдырмас еді.


5 Карточка. Жаңа прическа

К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.

- Неге әкесі сендіре алмады?

Әкесінің тапсырмасы басынан қиын болды, өйткені ұлы үшін сыртқы келбетіне байланысты жолдастарының пікірлері бірінші орында болды (бұл сұрақта олардың пікірлері жоғары).

Бұл жағдайды әкесі ұрыстан бастап, қарым-қатынастың араларын ажыратып жіберді.

Басқаша айтқанда, 8-11 ережелерін бұзды. Баласын мазақтағаннан кейін, жағымсыз әңгімелесуші болуға бір қадам жасады.

Нәтижесінде, әкесі ұлымен ешқандай шешімге келмей, ұрысты. Сонымен қатар, басқа да сұрақтар бойынша әсер ету мүмкіндігін төмендетті.

Қорытынды:Иландырудың сәтсіздікке ұшыруы 14 ережені бұзумен байланысты болады.

Керісінше: осы ережелерді дұрыс қолданған кезде, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

9-тақырып: Ымдау және қимыл қарым-қатынастың вербальды емес құралы.
Жан дүниенің әрбір қимылы дауысында,

ымында және қимылында табиғи ретінде көрініс береді.

Цицерон
Сабақтың басында кішігірім көріністі өткізу керек.

Оқушы көйлегін шкафтан алады, айна алдында оны киіп көреді, үстелдің үстіне қояды, үтікті қосады, үтіктейді, ойламаған жерден саусағын күйдіріп алады, үтікті көйлектің үстіне лақтырады, саусағын үрлейді, көйлек күйіп қалады. Қыз бала үтікті алады, басқа жерге қояды, көйлегін алып, жылап жібереді.

- Балалар, бұл көріністен сендер не түсіндіңдер? Сендер бұл қыздың не істегенін қалай білдіңдер? Қыз бір сөз де айтқан жоқ қой? Ым мен қимыл арқылы көптеген әрекетті көрсетуге болады екен.
Сабақтың тақырыбын барлау.

- Тақырыптың қандай сөзі тақырыпта сізге түсініксіз?

- Ым және қимыл, мимика дегеніміз не?

Ым - ішкі жан дүниені көрсететін бет бұлшық еттерінің қимылдары.

Қимыл – қолдың немесе басқа дене мүшесінің қимылы.

Сонымен, ым және қимыл сөзбен тығыз байланысты. Қимыл және ым жалпы сөзді ауыстырады. Цицерон айтқандай, біздің ішкі дүниеміздің қимылын білдіреді. Сондықтан, біздің сабағымыздың мақсаты осындай:



  1. Біздің өміріміздегі вербальды емес құралдарға түсінік беру.

  2. Әр түрлі жағдайлардың көмегімен вербальды емес құралдарды көрсету.


Ым және қимыл тілінің тарихы.

  1. Көптеген ымдар өзінің тарихи және олардың ұлттық ерекшеліктерімен байланысты. Сіздерге саусақтарды көтеру немесе түсіру ымы таныс. Саусақты көтеру бағытын император гладиаторға өмір сүру шешімін көрсеткенде қолданған.

  2. Біз амандасу кезінде қолымызды қысамыз. Бұл ым бәріне белгілі. Бірақ, мысалы, қытайлықтар ерте кезде өз қолдарын бір-біріне қысқан. Біздің кезде шешендер тындаушыларымен осылай амандасады.

  3. Тибет елінде кездескен кезде бас киімдерін оң қолдарымен шешіп, сол қолдарын құлақтың артына жібереді, сонымен қатар өздерінің тілдерін шығарады. «Саған қарсы ештеңе ойлап тұрған жоқпын. Сабыр бол» дегенді білдіреді. Бұл ымдарды тек Тибет елінде ғана қолданыңыз.

  4. Эскимостар бір-бірімен амандасқанда жұдырықпен бастан және иықтан жеңіл ұрады.

  5. Лапландтар мұрындарымен жұғысады.

Тарихтағы ымдар туралы айта берсек, олар өте көп. Ал егер, біреу қатты қызықса керекті мәліметтерді кітапханада таба алады.

- Біз ым және қимыл тілдерімен тағы қайда кездесе аламыз? (спортта, құрылыста, теңіз қызметінде;естімейтін және сөйлей алайтындардың әліппесі бар; ал мектепте болса – сабақта көмектесу.)


Жағдайлы тапсырмалардың шешімдері.

Ым және қимылдардың көмегімен келесі жағдайлардағы қатысушылардың әрекеттерін көрсетіңдер (жұмыс жұппен немесе топпен жүргізіледі).

а. «Далада». Жолаушы сізден кинотеатрға өту жолын сұрайды. Ал, кинотеатр өте жақын, қарама-қарсы тұр. Жолаушыға жауап берген кезде сіз қандай ым қолданасыз? (ым көрсету: саусақпен емес бүкіл қолымен)

ә. «Мектепке келе жатқан жолда». Келе жатқан жолда (2 ауысым) сіз мұз айданына бара жатқан достарыңызды көресіз. Олар да сізді көріп қалып, бірге шақырады. Сіздің достарыңыздың ымы мен өзіңіздің ымыңы қандай болады? (шақыру-ымы және бас тарту-ымы)

б. «Сабақта». Мұғалім тақтада жазып тұрған оқушыға қатесін үндеме көрсетеді. Оқушы тез арада есіне түсіреді. Оқушы мен мұғалім қандай ымдарды қолданады? (көрсету-ымы және ескертүсу-ымы)

в. Сабақта сіз есеп шығару жолын қатты ойланып қалдыңыз? Сіз бұл жерде қандай ымды қолданасыз?

г. Сіз сабақтан үйге келгенде, жақсы көңіл-күйіңізбен үндемей «бес» алғанынызды көрсетесіз. Қандай ымды қолданасыз?

д. Кешкі аста әжеңіз сізге ботқаны ұсынады, бірақ ал сіз үнсіз келіспейсіз. Қандай ым мен мимикааны қолданасыз? Ал әжені ренжітіп алмас үшін, қандай сөз айтасыз? (ым келіспеу)

е. «Саяхатта». Сіз саяхатта оттың қасында отырасыз. Бір ұл бала өзеннен су алуға кетеді. Бір кезде, ол қобылжып, өзенде көргеннен қорыққанын айтады. Ол қандай ым мен мимиканы қолданады (орынға көрсету-ымы).

ж. «Балық аулауда». Балық қармаққа енді ілінген кезде, сіздің қасынызға досыңыз келеді. Сол кезде сіз оның тыныш болуын қалай ескертесіз?

Қорытынды: Кейбір кездерде вербалды емес құралдармен, сөзсіз де ойынды жеткізуге болады. Мәскеуде пантомима театры бар. Көбінесе сіз бір де бір дыбыс естімейсіз. Бірақ, залы көрермендерге толы.

Ым және қимыл әлемі өте бай. Мысалға, мына ымдар не білдіреді?

Тіл көрсету - мазақтау-ымы.

Маңдайдан соғу - еске түсіру-ымы.

Жұдырықпен қорыту – қорқыту ымы.

Қабағын көтеру - таңғалу-ымы.

Басты екі қолмен ұстау - қорқу-ымы.

Ымдар және жағдайлардың жазылуын лингваәлемтану сөздігінде таба аласыздар. «Орыс сөздігіндегі ымдар мен қимылдыр» А.А. Акишинованың, Х.Кано, Т.Е.Акишининованың редакциясынан (М. 1991ж.).


Коммуникативті-жағдайлы тапсырманы шешу.

- Ал қазір біз сізбен сөйлесеміз... Не туралы? Сіз өлеңді оқып жауабын таба аласыз.

- Қайырлы таң! Қал қалай? -

Қырық қолды бердім.

Барлық қолды қысқанша,

Кеште келіп қалып ең.

Э.Гольдман

Қарсы алу мен қоштасу қимылдары туралы әңгіме жүреді. Қимылдың да тәртібі бар екен. Орыстың жазушысы А.И. Куприн айтқандай: «Қолды беру кезінде, адамның саған деген қарым-қатынасын ғана емес, сонымен қатар оның мінезін білуге болады. Мысалы: екі саусақ беру – тәқаппар мінезді адам; қолың қайық түрінде беру - адамның ұялуы; қолды ұзақ ұстау - достық және сенің тегіне деген қызығушылық. Бірақ, есте болсың: тәрбиелі және сыпайы адам-ымда да ұстамды болады.

Қазір біз, кездесу және қоштасу көріністерін көрсетеміз.

Тапсырма:мен жағдайды айтамын, сіздер керекті ыммен оны тауып алыңыздар.

1-інші жағдай. Екі таныс алам кезедеседі. Олар қалай бір-бірімен амандасады?

2-інші жағдай. Боз бала таныс қызымен кездеседі. Кім бірінші болып қолын созады?

3-іншi жағдай. Бала жасы ұлкен адамды кездестіреді. Кім бірінші қолын созады?

- Сіз адамның қарым-қатынасындағы күлімсіреудің орны қандай екенін білесіз бе?

«Кішкентай енот» мультфильмін еске түсіріңіз. Кішкентай енот кімнен қорықты және ақылды анасы қандай кеңес берді.

В.Солоухиннің керемет сөздерін естеріңізге түсіргім келеді: «Адамдардың бойларында күлімдеу бар. Қараңызшы, адамның бойындығы барлығы өзіне тән: көз-көру, аяқ-жүру, ауыз-тағамды жұту - барлығы күлімдеуден басқа өзіне керек. Күлімдеу өзіне керек емес. Егер айна болмаса, сіз оны ешқашан көрмес едіңіз. Күлімдеу басқа адамдарға арналған, өйткені басқа адамдардың сізбен жылы қарым-қатынаста болу үшін қажет. Егер он күннің ішінде сізге немесе сіз екшімге күлімдемесңіз, жан дүниеңіз мұздап, тасқа айналғандай сезінесіз».

Бұл жағдай туындамас үшін, бір-біріңізге қарап, күлімдеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет