«asia trafo " "alageum electric"» зауытының Өндірістік тарихы және қҰрылымымен танысу, топ-серуенге қатысу



бет10/13
Дата06.12.2023
өлшемі2.54 Mb.
#485666
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
сапар пр 21 (1)

Техника қауіпсіздігі: жұмыстарды орындау кезінде техника қауіпсіздік шараларының жалпы ережелерін сақтау керек.
Жалпы мәліметтер
Кескіш аспаптарды дайындауда белгіленген қасиеттері бар материалдар қолданылуы қажет. Аспаптық материалдардың қаттылығы, беріктігі, ыстыққа төзімділігі және тозуға төзімділігі сияқты қасиеттері өңделетін материалдарға бойлап еніп, оның беткі қабатынан металл бөліктерін үздіксіз бөліп алуын ұзақ уақыт қамтамасыз ету керек. Сондықтан, аспаптық материалдардың қаттылығы мен беріктігі жоғары болу керек және бұл қасиеттер температура жоғарылағанда да сақталуы қажет. Яғни, аспаптық материалдар барлық физика-механикалық қасиеттерін жоғары температурада сақтау үшін ыстыққа төзімділігі жоғары болу керек. Сонымен қатар, аспаптық материалдардың кесу аймағында жарықшақтар пайда болмауы үшін пластикалық қасиеттері де жақсы болу керек. Осы қасиеттердің барлығы аспаптық материалдардың химиялық құрамына, құрылымдық күйіне және физика-механикалық қасиеттеріне байланысты.
Жоғарыда айтылған қасиеттерге байланысты аспаптық материалдарға қойылатын талаптарды көрсетуге болады:
- қаттылығы және беріктігі, өңделетін материалдармен салыстырғанда, жоғары болуы керек;
- жоғары температурада өзінің барлық физика-механикалық қасиеттерін жоғалтпау үшін, ыстыққа төзімділігі жоғары болуы керек;
- аспаптық материалдардан дайындаған кескіш аспаптар ұзақ уақыт қайраусыз жұмыс істеуі үшін, тозуға төзімділігі жоғары болуы керек;
- аспаптарды дайындау, өңдеу және қайрау жұмыстары күрделі болмас үшін технологиялық қасиеттері жақсы болуы керек;
- аспаптардың өзіндік құны аз болу үшін, құрамында сирек кездесетін қымбат элементтер аз болуы керек;
- барлық кескіш аспаптарға майлау-суыту сұйықтары берілетіндіктен, олардың каррозияға төзімділігі жоғары болуы керек.
Қазіргі кездегі барлық металкескіш аспаптар келесі аспаптық материалдардан дайындалады: аспапты көміртекті болаттар, легірленген аспапты болаттар, тезкескіш болаттар, металкерамикалық ұнтақты қатты қорытпалар, минералкерамикалық қатты қорытпалар, табиғи және жасанды алмас материалдары, өте қатты синтетикалық материалдар, ажарлау материалдары [8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет