«asia trafo " "alageum electric"» зауытының Өндірістік тарихы және қҰрылымымен танысу, топ-серуенге қатысу



бет11/13
Дата06.12.2023
өлшемі2.54 Mb.
#485666
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
сапар пр 21 (1)

Аспапты көміртекті болаттар. Аспапты көміртекті болаттардың құрамындағы көміртегінің мөлшері 0,6-1,4 %. Бұл болатардың күйдірілген кездегі қаттылығы төмен (НВ=187-207) болғандықтан кесіп өңдеуге жеңіл. Сондықтан әр түрлі күрделі пішінді аспаптарды дайындауға болады. Термиялық өңдеуден кейін қаттылығы бірнеше есе артады (НRС 58-66). Бірақ, кесу аймағының температурасы 200-250 0С-қа жеткенде қаттылығы, онымен бірге, кесу қабілеті төмендейді. Аспапты көміртекті болаттардың иілуге беріктік шегі σи=1720-2900 МПа, созылуға беріктік шегі σв=1720-2900 МПа (6.1 кесте). Мүмкіндік кесу жылдамдығы 15-18 м/мин.
Өндірісте аспаптарды дайындауға арналған аспапты көміртекті болаттардың МЕСТ 1435-74 бойынша екі тобы шығарылады: сапалы болаттар (У7, У8, У9, У10, У11, У12 және У13) және жоғары сапалы болаттар (У7А, У8А, У9А, У10А, У11А, У12А және У13А). Белгілеулердегі «У» әрпінен кейінгі тұрған бір немесе екі таңбалы сандар осы болаттың құрамындағы көміртегі мөлшерінің оннан бір бөлігін көрсетеді, ал белгілеудің соңындағы «А» әрпі, материалдың жоғары сапалылығын көрсетеді.
Құрамында легірлеуші химиялық элементтер болмағандықтан, аспапты көміртекті болаттар ажарлау және жетілтіру арқылы жақсы, жеңіл өңделеді. Аспапты көміртекті болаттардың негізгі кемшілігі – олардың аз тереңдікке шынықтырылуы болып табылады. Сондықтан оларды шынықтыру кезінде суыту ортасы ретінде суды алады. Бұл шыныққан металда ішкі кернеу мен деформацияларды туғызып, жарықшақтардың пайда болуына әсерін тигізеді. Кесу үрдісінде, кесу аймағындағы жоғары температураның әсерінен құрылымдық өзгерістер жүріп, аспапты көміртекті болаттардан дайындалған кескіш аспаптардың қаттылығы азаяды. Осыған байланысты аспаптардың кесу жиектері жылдам тозады. Бұл жоғары өнімділіктегі аспаптарды дайындау кезінде аспапты көміртекті болаттардың қолданылуын шектейді. Сондықтан аспапты көміртекті болаттардан дайындалған кескіш аспаптар беріктігі аз, жұмсақ материалдарды төменгі жылдамдықпен (υ=12-18 м/мин) кесу кезінде қолданылады.
Кесте-6.1 Аспапты көміртекті болаттардың қасиеттері және қолданылуы

Болат-тардың маркалары

σв, МПа

σи, МПа

HRC

Ыстыққа төзім-ділігі, 0С

Қолданылуы

У7, У7А

630

2000-2100

62‑64

200-220

Шапқылар, қашаулар, балғалар, аралар, бұрағыштар

У8, У8А

750

<1950

62-64

200-220

Қайшылар, аралар, тығыздау шығыршықтары, матрицалар, ағаштарды қолмен өңдеуге арналған аспаптар

У9, У9А

700

≤2200

63-64 59-60

220-230

Дискілі аралар, шапқылар, қалыңтыр кескіш қайшылар, мыс өңдеуге арналған кескіштер

У10, У10А

650

≤2380

63-65 59-60

200-250

Кіші диаметрлі бұрғылар, таңбалағыштар, ұңғылар, плашкалар, кіші диаметрлі фрезалар, егеулер

У11, У11А

650

2900

63-65 58-59

200-250

Бұрғылар, таңбалағыштар, ұңғылар, фрезалар, плашкалар, егеулер

У12, У12А, У13, У13А

645

≤1720
<2300

63-66
59-60

200-250

Спиральды бұрғылар, машиналы, конусты, отырғызбалы және қол ұңғылары, таңбалағыштар, плашкалар, фрезалар, зенкерлер және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет