Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет183/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   200
Asyl-analar

 
 
дүниеге келіп, сол жерде тәлім алып тәрбиеленген. Бойжетіп, 
айтулы сұлулардың бірі болған Уммул Бәнинді бірде Меккеге 
қажылық жасап келген Уәлид ибн Абдул-Мәлик оның дақпыртын 
естіп, арнайы Мәдинаға келіп айттырады. Әкесінің келісімін 
алып, Уммул Бәнинді өзімен Шамға әкеледі. Уәлид пен Уммул 
Бәнин бас қосып отау тіккеннен соң, Аллаһ тағала оларға Абдул-
Азиз, Айша және Мұхаммед деген перзенттер сыйлайды. 
Аяғының астында жатқан дүниеден теріс айналып, ғылымға 
біржола ден қойған Уммул Бәнин жастайынан Құранды жаттап
хадистердің басым көпшілігімен зейінін зерделеген. Ол 
табиғиндер қатарына жататын бірнеше атақты ғұламалардан 
дәріс алған-ды. 
Шам шаһарының хадис жеткізушісі ғұлама имам Әбу Зурға:
«Уммул Бәнин Абдул-Азиз ибн Маруанқызы: одан хадистер 
риуаят етілді және одан Ибн Абала хадис риуаят етті», – деп, 
оның ілімдегі дәрежесіне сілтеме жасаған. 
Ал ғұлама, мухаддис Әбу Наср ибн Макулла Уммул Бәнинді:
«Оны барша адам шешен, фиқһ білгірі, халал мен харамды 
айыра алушы адам ретінде сипаттаған», – деп дәріптейді. 
Бұл әйел ғибадаттан жалықпайтын, Аллаһтың айнымас 
құлдарынан еді. Ол кейде өзінің бас қосып сұхбат құратын 
әйелдеріне:
«Мен сендердің әңгімелеріңді ұнатамын, бірақ намазға тұрсам
сендерді ұмытып кетемін», – дейтін. 
Сол тұстағы ең бай мемлекеттердің қатарына жататын, бүкіл 
мұсылмандар халифасының сарайында тұрғанына қарамастан, 
Уммул Бәнин дүниенің сән-салтанатына қызықпай, ілімге көңіл 
бөліп, уақытын дұрыс пайдаланып, фиқһ, әдебиет және тарихи 
деректермен шұғылданған Исламдағы ірі тұлғалардың бірі 
болады. Ол Аллаһ тағаланы жиі зікір етіп, Құран тыңдауды 
ұнататын. Құран аяттарын тыңдаған сайын жүрегіне қорқыныш 
кіріп, денесі тітірейтін. Оның:


244


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет