Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет185/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   200
Asyl-analar

 
 
Мұхаммед Йеменде уәли еді. Умәуилер мемлекеті осы екеуіне 
көп арқа сүйейтін. Десе де, ағайынды бұл екеуі елге жайсыз 
болып, қарапайым халыққа тура төрелік, әділ билік жүргізбейтін. 
Қара халықтың көпшілігіне әсіресе Хажжаждың тізесі қаттырақ 
батып жүретін. Олардың зұлымдығын, елге көрсеткен жәбірін 
естіп-біліп жүрген Уммул Бәнин мұсылмандар қазынасы мен 
халифа үйіне харам мал-дүниенің кіруінен сақтанып, күйеуіне 
бұл залымдардың іс-әрекетін қатты ескертетін. Ислам тарихы 
туралы жазылған кітаптарда келтірілген деректер бойынша, 
Йемен уәлиі Мұхаммед ибн Юсуфтың халыққа зәбір-жапа 
көрсетіп, адамдардың мал-дүниесін әділетсіз жолмен тартып 
алған да кездері болған. 
Бірде Хажжаж ибн Юсуф Меккеге қажылыққа барғанда, онда 
йемендік бір кісіні жолықтырып, одан өлкелерінде билік жүргізіп 
отырған інісі жайлы пікірін сұрайды. Бұл йемендік кісі иманды, 
ақиқатты ашық айтатын батыл адам болып шығады. Хажжаж әлгі 
йемендік кісіден: 
– Басшы ретінде Мұхаммедке қалай қарайсың? – деп сұрайды. 
Йемендік әдейі жалтарып: 
– Мен оны алып тұлғалы, нар кеуделі басшы деп білемін, – 
деп жауап береді. 
Хажжаж: 
– Мен сенен бұл жайлы сұрап тұрған жоқпын, керісінше, оның 
адамдармен қарым-қатынасы қандай? Адамдар ол туралы не 
айтады, қандай пікірде? Сол туралы білгім келеді, – дейді. 
Сол кезде йемендік мұсылман: 
– Мен оны залым, озбыр, Жаратушыға бойсұнбаушы
жаратылғанға бағынушы басшы деп білемін, – дейді. 
Ел құлағы елу деген бұл әңгіме адамдар арасында таралып 
кетіп, келе-келе Уммул Бәнинге де жетеді. Келер жылы Уәлид 
пен Уммул Бәнин Меккеге қажылық жасап барады. Халифа 
қажылық міндеттерін орындап болған соң, Меккеде біраз 
аялдауды жөн көріп, біршама уақыт сонда қалады. Осы сәтті 


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет