Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет186/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   200
Asyl-analar

 
 
пайдаланып, сол аймақтың әкімқаралары халифа Уәлид ибн 
Абдул-Мәликке жағынып қалу үшін тарту-таралғыларымен 
келіп, оған сәлем беріп жатты. Олардың қатарында Мұхаммед 
ибн Юсуф әс-Сақафи да Йеменнен көптеген сый-сияпат әкелген-
ді. Оның зұлымдығын көп естіген Уммул Бәнин, ол әкелген 
сыйлықтармен бірге халифа сарайына харам мал-дүниенің кіріп 
қалуынан қорқып, күйеуі Уәлидтің алдына келеді. Рұқсат сұрап 
ішке кірген Уммул Бәнин қулыққа басып: «Мен сенің Мұхаммед 
әкелген сыйлықтарды маған беруіңді қалаймын. Өйткені мен 
йемендік бұйымдарды ұнатамын», – дейді. Уәлид ибн Абдул-
Мәлик Мұхаммедке:
«Әкелгендеріңді маған емес, Уммул Бәнинге апар», – деп 
хабар жібереді. Мұхаммед ибн Юсуф әкелген сыйлықтарын 
халифаның өзі көргенін қалап, бұған разы бола қоймай:
«Әкелген сыйлықтарымды мүміндердің әміршісі өз көзімен 
көрмейінше, оны ешкімге жібермеймін», – дейді. Бұл сөзден 
хабардар болған Уммул Бәнин күйеуінің алдына қайта келіп, 
әңгімені төтесінен қойып: 
– 
Уа, 
мүміндердің 
әміршісі! 
Сен 
Мұхаммедтің 
сыйлықтарының маған жіберілуін бұйырған едің. Әңгіменің 
ашығын айтайын, маған ешқандай тарту-таралғының қажеті жоқ, 
– дейді. 
Сонда Уәлид: 
– Онда менен оны неге сұраттың, ей, Уммул Бәнин?! – деп 
таңырқайды. 
Уммул Бәнин: 
– Уа, мүміндердің әміршісі! Менің естуімше, Мұхаммед ибн 
Юсуф адамдардың мал-дүниесін зорлықпен тартып алуға дейін 
барған. Ол адамдарға шамалары келмейтін міндеттерді жүктеп, 
зорлық қылған. Әлімжеттік жасап мәжбүрлеген. Ал өзіне қарсы 
шыққанды сорлатқан. Мен оның мал-дүниесінің үйіме кіруін 
қаламаймын, – дейді. 


247
 
 
Бұл сөздерді естіп ашуланған халифа дереу Мұхаммед ибн 
Юсуфқа тарту-таралғыларымен келуге бұйрық береді. Сый-
сыяпатымен артынып-тартынып Мұхаммед те жетеді. Аңдап 
қараса, шынында да, өте құнды, бағалы заттар екенін көрген 
Уәлид ибн Абдул-Мәлик: 
– Ей, Юсуфтың ұлы! Естуімше, сен бұларды жұрттан тонап 
алыпсың ғой, – дейді. 
Тосын сұрақтан зәре-құты қалмаған Мұхаммед: 
– Аллаһ сақтасын, уа, мүміндердің әміршісі! Мен бұларды тек 
адал жолмен таптым, – деп қипақтайды. 
Уәлид оның сөзіне күдікпен қарап, оған ант беруге бұйырады. 
Мұхаммед ибн Юсуф сөзінің растығын дәлелдеу үшін қасам 
ішеді. Уәлид оның қайта ант беруін талап етеді. Ол қайта ант 
береді. Сосын халифа Мұхаммедтің Қағбада қара тастың 
жанында 
тұрып 
әкелінген 
мал-дүниенің адал жолмен 
табылғандығына елу рет қасам ішуді бұйырады. Мұхаммед ибн 
Юсуф оның айтқанын бұлжытпай орындап, елу рет қасам ішеді. 
Осыдан кейін ғана халифа оның тарту-таралғыларын қабыл 
алады. 
Уммул Бәнин тақуа, ғибадатшыл болуымен қатар, мемлекет 
саясатына, ел ісіне тікелей араласып, үкіметте әділеттің орнауына 
атсалысып, кей кездерде күйеуіне ақыл-кеңес беретін. Уммул 
Бәнин әсіресе залым Хажжаж ибн Юсуфтың кім екенін күйеуіне 
түсіндіргісі келіп, көп әрекеттерге барып жүреді. Хажжаж ибн 
Юсуфтың зұлымдығы сондай, оның тек есімін ғана естумен 
адамдардың жүрегіне қорқыныш ұялайтын. Іс жүзінде де 
Хажжаж Ислам қаймақтары Сағид ибн Жубайр, Абдур-Рахман 
ибн Ашғас, Абдуллаһ ибн Зубәйр ибн Аууамдардың қандарын 
мойнына жүктеген болатын. Яғни ол өз тұсындағы маңдай алды 
ғұлама Ибн Жубайрді, тіпті ұлы сахабалардың бірі, ұлы 
сахабаның баласы Абдуллаһ ибн Зубәйрді өлтірген. Алдына кесе-
көлденең тұрған жанды аямау залым Хажжаждың табиғатына тән 
еді. 


248


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет