Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет187/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   200
Asyl-analar

 
 
Бір күндері Хажжаж ибн Юсуф халифа Уәлид ибн Абдул-
Мәликке жолықпақ болып келеді. Ирактан Шамға келген 
Хажжаж халифаның қала сыртына серуенге шығып кеткенін 
естіп, соңынан барады. Оларға таяп келген Хажжаж атынан түсіп, 
халифаның алдына жаяу барып, Уәлидтің қолын сүйіп 
амандасып, барынша жағынудың жолын жасайды. Амандық-
саулықтан кейін әңгіме барысында халифа ат үстінде, ал Хажжаж 
ибн Юсуф жаяу жүріп келе жатады. Хажжаж үстіне қабат-қабат 
сауыт киген, қолында қылыш, найзасы, бес қаруын түгел асынып 
алған еді. Оған жаны аши қарап, халифаның: 
– Атқа мінсейші, – дегеніне, Хажжаж: 
Мені қоя беріңіз, уа, мүміндердің әміршісі! Мен сіздің 
қызмет жолыңызда өз күресімді арттыра түсейін. Өйткені Зубәйр 
мен Ашғастың ұлдары мені өзіңе қызмет етуден көп тосып 
қойды, – деп жағымпаздана ілтипат білдіреді. 
Хажжаждың бұл сөзінің төркіні Абдуллаһ ибн Зубәйр мен 
Абдур-Рахман ибн Ашғас өле-өлгендерінше, Хажжажбен 
алысып, арпалысып өткенге саяды.
Ақырында халифаның көп үгіттеуімен Хажжаж атына отырып, 
жол бойы екеуі әңгіме-дүкен құра келе, халифа сарайына жетіп, 
үйге кіреді. Халифа Уәлид ибн Абдул-Мәлик Хажжажды қонақ 
бөлмесіне отырғызып, өзі киімін ауыстырмақ болып, ішкі 
бөлмеге өтеді. Киімін шешіп, жеңіл жейдесін ғана киіп, қайта 
келіп жайғасып отырып, әңгімелерін жалғайды. Осы аралықта 
күйеуінің ешқандай күзетсіз, бес қаруы сай бір адаммен жалғыз 
отырғанын Уммул Бәнин естіп, қауіптене бастайды. Ол 
қызметкер әйелін жіберіп:
«Қасыңызда отырған, бүкіл қаруын бойына асынған мына 
бәдәуи кім? Неге оның қасында күзетсіз отырсыз?» – деп 
сұраттырады. Уәлид ибн Абдул-Мәлик әлгі қызметкер әйелге:
«Оған айтып бар, бұл – Хажжаж ибн Юсуф», – дейді. Сөйтіп, 
халифа Хажжажға бұрылып:


249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет