Асыл аналар


«Аллаһ мүміндер үшін перғауынның әйелін мысалға



Pdf көрінісі
бет28/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   200
Asyl-analar

«Аллаһ мүміндер үшін перғауынның әйелін мысалға 
келтірді». 
Мұсаға қатысты бұл екі әйелдің де алатын орны орасан зор. 
Олар: Мұсаның анасы мен адамзаттың ең кемел әйелдерінің 
қатарына жататын Әсия Музахимқызы. 
Ніл 
өлкесі 
патшалығын 
ашса 
алақанында, 
жұмса 
жұдырығында ұстаған перғауын Мысырда өктемдік жасап, 
қысым көрсете бастайды. Бұл зұлымдыққа Исраил ұрпақтары да 
ұшырады. 
Исраил ұрпақтарының Мысырға қоныстануының себептеріне 
келсек, бізге тарихтан Юсуфтың (аләйһис-сәләм) Мысырға құл 
ретінде сатылып барып, жат жерде үлкен дәрежеге жеткені және 
әке-шешесі мен бауырларын сол жаққа алдырғаны белгілі. Уақыт 
озған сайын Мысырда Яғқуб (аләйһис-сәләм) ұрпақтары өсіп-
өнеді. Олардың көбеюінен қорыққан Мысыр перғауындары 
исраилдіктерге қысым көрсете бастайды. Мемлекет ішіндегі 
осындай өзара шиеленістің нәтижесі Исраил ұрпақтарын 
қоғамның ең төменгі табы – құлдыққа салып, құрылыс істеріне 
пайдалануға әкеліп соқтырады. Бұл қысымның шырқау шегі 
Әсияның күйеуі перғауын билік құрған кезде көрініс табады. 
Бір риуаяттарда Мысырдағы Исраил ұрпақтарының саны алты 
жүз мыңға жеткені айтылған. Осы алты жүз мың ұрпақтың 
түгелдейі дерлік құлдық пен езгіде күн кешіп жатады. Тағы бір 
деректерде перғауын бір Исраил баласы патшалықтың түбіне 
жететіндігін түсінде көрсе, басқа бір хабарда Мысыр көсемдері 
исраилдіктердің күрт өсіп келе жатқанын көріп, болашақта сан 


36
 
 
басымдылығымен билікті өз қолдарына алатынын ескертіп, бұл 
жағдай ушықпай тұрып, оны біржақты қылу керек деп 
перғауынға ақыл-кеңес бергені баяндалады. 
Қалай болған күнде де перғауын исраилдіктерден туылған ер 
балаларды өлтіруге үкім шығарады. «Ер балаларын бауыздап, 
әйелдерін тірі қалдыратын»
1
. Бірақ ол құлдардың азайып 
кетуіне байланысты, бір жылы туылғандарды өлтіріп, бір жылы 
туылғандарды аман қалдыруға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 
мерзімді жылы туылған ер балалар өлтірілетін болады. Осылайша 
Исраил ұрпақтары адам жаны түршігерлік ауыр азапты күндерді 
бастан кешіп жатады. Жаңа туылған нәрестелер аналардың 
бауырынан тартып алынып бауыздалатын. Мұсаның туылуы осы 
балаларды өлтіретін мерзімді жылға тура келеді. Перзентім деп 
соққан ана жүрегі кішкентайын ерекше жақсы көріп, жіпсіз 
байланып қалады. Баласын өлімге қимаған ана, оны аман алып 
қалудың жолын қарастыра бастайды. Бірақ бұл жүзеге асуы қиын 
іс болатын. Тіпті исраилдіктердің өздерінің ішінде қай үйде ер 
бала туғанын перғауынның адамдарына жеткізіп тұратын 
тыңшылар бар еді. 
Жан далбасамен жүргенде ана жүрегіне Аллаһ тағала «Оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет