Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет40/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   200
Asyl-analar

 
 
бұл балалар жастайынан мешітке беріліп, сонда тәрбиеленіп, 
ержете келе Бәйтул-Мақдистің қызметінде қалатын және 
дүниелік істерден біржолата босатылатын. Дәл сол сияқты 
Мәриямның әңгімесі де оның анасының Бәйтул-Мақдиске бала 
нәзір етуінен басталады. 
Бәйтул-Мақдисте Мәриямның әкесі Имранның отбасы өте 
құрметті отбасылардан саналатын.
Аллаһ тағала: «Шынында, Аллаһ Адамды, Нұхты, 
Ибраһимнің отбасын және Имранның отбасын әлемдер үшін 
таңдады»
1
, – деген. 
Бұл аяттан байқағанымыздай, Имранның отбасы Аллаһ тағала 
тарабынан бүкіл әлем үшін таңдалып қана қоймай, Адам, Нұх 
және Ибраһимнің (оларға сәлем болсын) отбасыларымен қатар 
аталған. Бұл осы отбасының қаншалықты дәрежеге ие екенінің 
айқын дәлелі емес пе!?. 
Күндердің 
күнінде 
Имранның 
әйелі 
жүкті 
болып, 
құрсағындағы баланы Аллаһ үшін Бәйтул-Мақдиске атайды.
«Сол кезде Имранның әйелі: «Раббым, мен Саған 
құрсағымдағыны азат етіп, атадым. Менен қабыл ал, 
шынында, Сен – Естуші, Білушісің», – деді...»
2

Ай-күні жетіп босанған ананың көңіліне абыржу түседі. Бұл 
абыржудың себебі оның қыз босануы еді. Өйткені сол кездегі 
қалыптасқан әдет бойынша Бәйтул-Мақдиске қыз балалар 
алынбайтын. Аллаһ үйіне атаған баласының қыз болып 
туылғанына қынжылған ана қайтадан Раббысына:
«Раббым, мен оны (Саған атаған нәзірімді) қыз босандым»
– деп дұға қылды.
Бұл тұрғыда Аллаһ тағала: «Аллаһ оның не босанғанын одан 
жақсырақ біледі», – дейді. 
1
«Әлі Имран» сүресі, 33-аят. 
2
«Әлі Имран» сүресі, 35-аят. 


51
 
 
Бұл Құдай үйіне аталған сәби қыз Мәриям болатын. Ол 
туылған кезде анасы Аллаһқа:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет