109
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ЗӘЙНӘБ ХУЗӘЙМАҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)
Мұқтаждар мен міскіндердің анасы, мейірімділік пен
қайырымдылық анасы.
Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінде бар-жоғы 8 ай тұрып, жарық
дүниемен қош айтысқан. Зәйнәб
Бәдір соғысында жекпе-жекте
шәһид болған Ғұбайда ибн Харис әл-Мутталибидің (Аллаһ оған
разы болсын) жесірі еді. Зәйнәб күйеуі шәһид болған кезде
жаралыларға көмек көрсетіп, жарақаттарын
таңумен шұғылданып
жүрген-ді. Күйеуінің қазасы оны өз міндетін орындаудан
тоқтатқан жоқ. Ол мүшріктермен арадағы алғашқы соғыста
Аллаһ тағала
мұсылмандарға жеңіс бергенше, өзіне жүктелген
міндетті
абыроймен
атқарған.
Зәйнәбтің
төзімділігін,
табандылығын, сабырлылығын көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.)
күйеуінен айырылған оған сүйеніш таныту мақсатымен өзіне
некелеп, оны «мүміндердің анасы» дәрежесіне көтерген.
Толық есімі – Зәйнәб бинт Хузәйма ибн Харис ибн Омар әл-
Һиләлия.
Анасы – Һинд бинт Ауф ибн Зуһайр ибн Харис әл-Химәрия.
Ол жайлы «Арабтарда Һинд Ауфқызындай мәртебелі күйеу
балаларымен танымал әйел жоқ» делінетін. Себебі оның қыздары
Әбу Бәкір Сыддық, Абдулмутталибтің ұлдары Хамза және Аббас
сияқты құрайыштардың беделді де
абыройлы адамдарына
тұрмысқа шыққан. Сондай-ақ бұл кісі Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
тағы бір әйелі – Мәймуна Харисқызының, Жағфар ибн Әбу
Талибтің әйелі – Әсмә Умәйсқызының, Хамза ибн Әбу Талибтің
әйелі – Сәлмә Умәйсқызының шешесі еді.
Һинд Хадишадан (Аллаһ оған разы болсын)
кейін Исламды
қабылдаған екінші әйел. Сондай-ақ тарихта оның Әбу Ләһәбты
ұрғаны жайлы дерек бар. Бұл алғашқы Бәдір шайқасында
құрайыштар жеңіліс тапқан кезде орын алған жайт еді.