Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі2.22 Mb.
#125431
1   2   3   4   5

Ақын замандасқа
Ішу керек, ақыным, ішу керек.

Ішкен кезде, ойың да, түсің де ерек..

Көзіңде от, ойда өлең, қолда қалам,

Арыстандай арқалы, күшің бөлек.


Болмайын іш деп ақын қинағандай,

Шырылдаған сәтте ой мида қалмай.

Бола ма шашыраған сансыз ойды,

Жүз граммен бір ұрып жинап алмай.


Ішкен ақын қолына бокалды алып,

Шыға келер, от шашып қаһарланып.

Осындайда қағазда қалған өлең,

Жарқ – жұрқ етіп, шоқтайын жатар жанып.


Дәл таптым – ау, ақыным керегіңді,

Кешіре гөр түсірсем беделіңді.

Егер мен шындық айтпай, жаңылыссам,

Шарап ішпей жазып көр өлеңіңді.


Байқасақ шарабың – у, ақыл бөлек,

Өлеңге уың қалай болар себеп.

Мәз болып қалдыңыз – ау, ақын досым,

Дегенге «ішу керек, ішу керек».


У, ақыл сиысар ма бірге жүріп,

Ақылға У шіркінің болар құрық

Меніңше У жайлар сәт бойымызды,

Ақылың құтылады сыртқа шығып.


Өлең болып сонан соң төгіледі,

Осы сәт удан ақыл бөлінеді.

Масаңдау кезде жазған өлеңдерің,

Сондықтан тәуір болып көрінеді.

Көп ішеді, бірақ мықты ақын дейміз,

Өзімізді сынамаймыз, ақылгөйміз…

«Қой» деп айтпай көзінің тірісінде

Қырыққа жетпей қинала асын жейміз!


Шарап қой сөндіретін жанарыңды,

Тамырдан қиып түсер талабыңды.

Ақыным келген үйге ренжіме,

Сондықтан да қоймаймын арағымды.


Емес ол сараңдығым, қимағаным,

Сен үшін ақын досым қиналамын.

Мүмкін сен қайталанбас жан шығарсың.

Мың жылда бір туатын, құйма дарын!!!



Сыпайы
Той болуда…..

Қыз, жігіттер отыр қоршап айнала,

Жүздерінде салтанат бар жайнаған.

Қыз жігітке мөлтілдетіп бокалын,

«Алып қой»,- деп өтінеді жай ғана.
Жігіт тағы айрылғандай төзімнен,

Қыз жүрегі сыр шерткендей сезімнен.

Сыпайы ғана жұтып салды, қыз бала,

Сыңғыр күлкі сыйлағандай сезілген.


Жымиды да, жігіт жауап қатпады,

Әсем қыздың жүзі болды баққаны.

Қыз көзінің шарасында айналып,

Кірпігінде мөлдірейді жас жаны.


Сыпайылық ішкен жерде қиын-ақ,

Қазір жігіт өзі ішуде құйып-ап.

Қызды ұмытып, қарқ – қарқ күлді мәз болып

Жаңа ғана жігіт еді тұйық – ақ.



Шешім
Әрбір істе бола алмасаң шешімді,

Кім бастайды, кім қоштайды көшіңді.

Күте –күте досың да сырт айналар,

Бірге алатын жауға кеткен өшіңді.


Жүрегіңде толып тұрса парасат,

Сонда жарқын көрінеді болашақ.

Босқа өтпейді өміріңіз өлшеулі,

Адамзаттың игілігіне жарасақ.


Әркімнің бар мақсаты мен арманы.

Арман жолы-шиыр, ауыр салмағы.

Қиын, соқпақ, ғұмырының жолында,

Жүрек, сезім, сана, шешім-қорғаны.

Жүрек, сезім бауырлардай айырылмас…

Тат шалдырма, кір басқан соң қайырылмас.

Бұл екеуі таза болса-жан таза,

Арсыздық пен арамдыққа алдырмас.


Сана, арың-сезіміңе ақылшы.

Сана-ұстазың, өмірлік сен оқушы.

Қате кетсең, қапы кетер сәтің мол,

Сен бейшара-арыңызды сатушы.


Бір денеңде мұншама бар қайшылық.

Шешімің-бір, іздейтұғын сарсылып.

Сондықтан да шешіміңе ар қожа,

Кеудеңізден кеткенінше жан шығып.



Ар
Көкірек кетсе керіліп, басуға да болады

Еркің жетер болса егер

Белесінен өмірдің асуға да болады

Қайрат жетер болса егер


Талай жыл жиған дүниені шашуға да болады

Досыңа керек болса егер

Қуаныштың үстінде тасуға да болады

Шабытың жоқ болса егер

Езілсе де жүрегің ашуға да болады

Тұңғиық сырың болса егер

Арлы болу қиын – ақ

Көңілің арсыз болса егер.


* * *

Кездескенде қос жүрек-

Ай – түлеп,

Ағарып, таң атқандай

Жанды, жансыз табиғат,

Сыбырласып жатқандай.


Әдеп сақтап отыр қыз-сәл қашық,

Қос ғашық.

Жалынды жүрек елшісі

Жалынды сөзбен жалғасып,

Көзбен арбасып.
Сезім - өрт, сезім – сыр,

Саған ғана арнаған.

Өзіңді ғана ойлаған,

Бұлбұлымсың бұтағымда сайраған

Жүрегіме байлаған.
Көрмей қалсам өзіңді,

Өзгеге қимай тарылам.

Жүрегіммен сағынам,

Қауіп – қатер, қызғаныш жалынам

Әрі кет, әрі бар.
Осылай сырын ақтарар

Таусылмайтын таңға асып,

Махаббат жолы – ұзақ жол,

Біледі оны бар ғашық.


Арманға толы өмірің,

Арманның бірі жаныңда.

Айың да…

Ләззәтқа құмар түн тынық,

Отыра бер, бағында.
Отыра берсем осылай,

Өмір бойы жас болып.

Махаббатқа мас болып….

Ғашықтықты жырлар едім,

Тасқа ойып.
* * *
Албыртқан алау жүзіңнен,

Алмадай тамшы үзілген.

Қараймын темір төзіммен,

Дәметіп бір – ақ үзімнен.

Бір сәтте болса үмітім,

Көңілге қанат жылы тым.

Қанатпен қалай қырқарсың,

Өмірдің шынжыр құлыпын.


* * *
Сырбаз жарсың, сұлулығыңды айтайын.

Сен бұрала иіліп өскен тал қайың.

Күн теңелсе – нұр шапағы теңелер

Түн теңелсе – жарқыраған жарты айың.


Көктемдегі – сылдыраған бұлақтар

Сұлу жазда теңеледі гүл – ақ пар

Сары күзде сары самал теңелер,

Аққу қыста – қарда ойнаған шуақтар.


Сәуле дерсің су бетінде ойнаған...

Сағым дерсің жер аспанды жалғаған.

Теңесем де бар әлемді дүниеде

Тең келетін сияқтанады таң маған.


Айдын көлдің аққуындай иілген.

Сұлу жердей гүлге оранып киінген.

О, сұлуым, саған мүмкін тең келер

Көгілдір көк – тырна, қазды иірген.


Бұдан артық әсем қайдан табасың!!

Жер мен көктің іздесең де арасын.

Таба алмадым әсемдікті тең келер

Сен мен үшін дүниеде дарасың!


* * *

Көгілдір көйлек қайдасың?!
Көгілдір көйлек көлбеңдеп

Көңілді шіркін бұзады

Көңілге тағы оралды

Таусылмас нәзік қыз әні


Желменен желпіп жылы леп

Қытықтап қоймас төзімді

Жырымды жайып алдына

Төксем бе екен сезімді


Зырылдап кетті-ау жүрегім

Зымырап барар өмір-ай!...

Сезімді бар ма түсінер

«Сергелдең болған серім-ай!»


Тағы қыз өтті қасымнан

Балтыры, бары ашылған

Су етіп жүрек ұяттан

Тыз етіп өтті басымнан


Алақандай шүберек

Жабысып қалған жамбасқа

Қазақы қойдай қарындас

Секіріп барад «марғасқа»



Сұлудың көркі
Ақмаңдайы
Кең маңдайда

Аққұба жүз, ақ таңдай

Сәуле шашып,

Күн жарқырап атқандай

Сол сәуленің

Ұшқынынан жүрегім

Көк теңіздей,

алас ұрып жатқандай


Жүздің нұры,

Қыздың гүлі жарқырап

Ақ маңдайың

Ақ жүзіңде сән құрап

Отырғанда

Оймен барып қонамын

Сол сәуленің

бір ұшына қалтырап


Артық деме,

Аса мақтап айтқаным

Жүрегімде солай сені сақтадым

Атқан таңдай,

Шыққан айдай көрінген

Сол маңдайды

Басқа жүзден таппадым
Қасы, жүзі
Күмістей шашың

Мойылдай қасың

Өзіңе тұрар жарасып

Жүзіңнің әрі

Осының бәрі

Сұлулығыңмен таласып

Жыр етсем де

Күн етсем де

Бәрі тұрар жайнап-ақ

Жанарыңды да

Қабағыңды да

Құшар ма еді аймалап

Теңі жоқ еркем

Жүзіңді көркем

Суреттеуге сыймайды

Жүректі жарған

Көңіл тек арман

Жанымды сол қинайды



Жанар нұры
Қандай сұлу

Нұрлы көздің жанары

Көзін жұмса,

кірпігінде қалады

Қабақ түйсе,

онда барып ойнаған


Елестетер

еркелеген баланы

Кірпіктерін

жанарында қайнатқан

Теңдесі жоқ

Сүйкімді ғой қабағы

Күн аптабы

сияқтанған нұрлы леп

Жүрегімнің

әлсіз жерін табады


Қарашығы

қадалғанда жүзіме

Қиялыммен

шарлап кетем даланы

Басқа үшін

қарапайым болғанмен

Сол бір жанар

Өртеп мені барады



Бал еріні
Балбыраған,

балы тамған ерінің

Баурап алды,

алаң болды-ау көңілім

Қиналғанда

өз аяғын кемірген

Кейпін кештім,

жанымды жеп бөрінің


Оймақ ернің

Ақ тамағың таң маған

Бал тіліңмен

Өр тілімді байлаған

Менен артық

сұлулығыңа сүйсінер

Шыныңды айтшы

Дүниеде бар ма, адам



Мойыл шашы
Мойныңа төгілген

Мойыл шашың жарасып

Ақ тамағың жарқырап

Шақырады таласып


Жатар ма еді қос ерін

Ақ тамақта табысып

Ай төсіңді аймалап

Жас баладай жабысып


Өрескел демеш ойымды

Құлаш ұрсам арманға

Қайтемін ынтызарымды

Өзімде сақтап қалғанда


Дүние деген қас-қағым

Қадірін оның кім білген

Рахаты өмірдің

Ойнап-күліп, бір жүрген


Жүректе болса сезімің

Шығарған дұрыс барыңда

О, дүние деген бір қуыс

Ешкім болмас жаныңда



Кәрі қыздың қиялы
Қиналма жаным, қиналма

Жүрекке жалын ұрғанда

Медеу болар көңілге

Сүйеніш болар өмірде

Табылар біреу бір жанға
Айлы түннің кешінде

Қызынып дене шешінген

Күрсініп таңың атпаған

Жастықтан жылу таппаған

Қиналған күндер есімде
Қиялға салып қырғиды

Белгісіз түндер жылжиды

Жаныңды қояр жер таппай,

Аймалайтын ер таппай,

Қайықтай уақыт сырғиды
Жүректі етті ар мекен

Шыдамым қанша қалды екен

Мөлдіреген көзімді

Байқатқызбайтын сезімді

Төзімнің шегі бар ма екен


ҮШЕУДІҢ ӘҢГІМЕСІ \немесе гендерлік саясаттың қазақшасы\
Кей келіннің арманы
Шіркін, күйеуім!

Әке-шешесін сағынбайтын болса..

Мен оларға бағынбайтын болсам.

Күйеуіме ренжісем,ата-енеге

«Балаң жаман!» деп дабылдайтын болсам.

Немересін келіп көретін болса

Осыдан енем де келетін болса...

Үйге қонбайтын қыламын.

Қона қалса, оңбайтын қыламын.

Күйеуім келгенде ас жегізсем,

Күйеуім келгенше тас жегізсем.

Сілейіп, сөйлеспей қатып қалсам

Демде ауырып, жатып қалсам

«Келін!» деп аузын аша бергенде

Ала көзбен атып қалсам

Баланы ұрып жылатсам

Орындықты бір теуіп құлатсам

Сондағы менің ойлап жүргенім..

«Баланы ұра бермеші!» деп сұратсам

Сұраса болды: « Ойбайды» бастасам

Дайындаған ескі кеселерді

Жерге қирата ұрып тастасам

«Баламды ұруға да құқым жоқ!»деп

«Сондықтан сен қақпастарға тұқым жоқ!» деп

Өзімді ақтасам, баласын сілейте даттасам

Сөйтіп екі қақпасты престеп, қаттасам

Балаларыңа осыны айтсаңдар

Өмірім біткенше соттасам!

Деп қорқытып сөздерімді

Қосауыз төндіргендей оқтасам

Үйден ата-енем шыға қашқанда,

Не күйеуім келіп қалса, тоқтасам

Отағасын күле қарсы алсам

Тойған қозыдай томпайтып алып

Құлағын бұрай отырып, зар салсам

Әбден шаршатқандарын айтып жыласам

Еңіреп тұрып, естен танып құласам

Болмағанды болғандай етіп сырласам

Ағайынға жылы жұмсақты бере отырып

Ата-енеден қорлығымды жырласам.

Сөйтіп ата-енемді қуып, көшірсем

Сосын күйеуімді терідей илеп , есірсем

Күйеуді ағайынынан да бездірсем

«Айт!» дегенде «Тәйт!» дегенін қоймаса

Балаларының табаныменен ездірсем

Сонда барып теңдікке жетіп

Гендерлік саясатты отбасына ендірсем.

Мен кесе жусам,сен қасық жуасың

Мен отырғанда, сен тіке тұрасың

Шарт бойынша күлесің не жүресің

Жағамын десең, көңілден шығасың

Салт- дәстүріңді қалтаңа саласың

Мені арқаңа аласың

Еуропаша еркек болмасаң

Баласыз далада қаласың

Әйелді «УРА!» еркек қыламыз

«Әйелский» мемлекет құрамыз!

Ерлерді «гомик» етеміз

Сонымен ел болудан тынамыз

Ата-ененің арманы
Шіркін, баламыз!

Үйленіп, көп баласы болса

Оларды асырар шамасы болса

Түзу жүрген,тәртіпті болса

Қызметі өсіп, ел ағасы болса

«Баланы бақ!» десе бағамыз

«Келінге жақ!» десе жағамыз

«Тұр!» десе қалшиып тұрамыз

«Так!»десе мелшиіп қаламыз

Бөлек тұрса, өздері біледі

Бір кесе шай үшін суымасын арамыз

Немерені бермесе, барып көрерміз

«Келме!» десе оған да көнерміз

Тек аман болсыншы айналайындар

Пенсияны жинап апарып берерміз

Жастық болмаса, көрпеше жастармыз

Үй жиналмаса, біз-ақ жинап тастармыз

Тамақ болмаса, сырттан ішерміз

Сол тамақты өзіміз де асқанбыз

Ұрпағымыз ғой ұрмаңдаршы баланы

Жүрегіміз жұлынардай мөлтілдесе жанары

Бала қашып бауырымызға тығылса

«Еркелеттіңдер!» деп келін пәле салады

Келін «гендерін» ойласа,біз бала дейміз

Нақақтан сосын жала жейміз

Сонда да отбастарын ойлаймыз

Баламыз асыл, келініміз-дара дейміз

Балаға шағынсақ, талабы оңбас

Ағайынға шағынсақ, баяны болмас

Арыз айтпаймыз, аузымыз жабық

Біз екі мұңдас, екі сорлас

Қашқан жоқпыз, кетіп барамыз

Сен келінді болғанға жетіп қалармыз

Тілеулестеріңбіз, ренжімейміз

Келемін десеңдер ашық есік қанамыз

Басыңа келсін ,келін, өмірдің кезегінде

Айтылмаған тек, көмейімде сөз өлуде

Жамандыққа қимадым-анасың ұрпақтарыма

Өзіңе деген ащы ыза терең өзегімде

Тілімді байладың, жанымды жайладың

Ішімде сөз жанып, ойымда қайнадың

Ашу да, ыза да жүректе күл болып

Жанарда ғана от болып ойнадың

Тегімізге сенемін,ұрпағым кең болсын

Әрқайсысы мың отау ел болсын

Қайысқан қол болсын, жарысқан той болсын

Жер жүзін билеген ерлермен тең болсын

Баланың ойы
Осы ата-анама не жетпейді ?!

Айтқан ақыл не сөз өтпейді

Келін деді, немере деді

Енді нені өзектейді

Қабақтарын бір ашпайды

Келінмен жағдай сұраспайды

Бүйте берсе әйелімдегі

Құтыртады-ау жуас тайды

Әйелім болса күлімдейді

Қисық мінезі білінбейді

Жұмыстан келсем күтіп алып

Қояндай болып дірілдейді

Сондықтан әйелде мін жоқ

Тиісейін десем дым жоқ

Аузын буған өгіздей болып

Ата- анамда да үн жоқ

Келін жаман ба, бақпай ма ?

Көңілдеріне жақпай ма ?

Не кінәсі бар, бетіне басып

Одан да маған айтпай ма !..

Мен тәртіпке салар едім

Келіннің аузын жабар едім

Қиғылық салып, кетіп қалса

Ата-анамды бағар едім .!

Әй, бірақ, жағдайым жоқ қағынатын

Баланы болар бір күн сағынатын

Ата-ана үшін дүниеге келгенім жоқ

Бала үшін күн болады-ау жалынатын

Неге маза бермейді екен келініне

Бола ма зорлық жасап, тебінуге

Үйлеріне қайтып-ақ кетсе екен

Бұл өмір жақпай жүрсе көңіліне

Бала ұрса дейді ашу шақырады

Екеуі екі жақтан бақырады

Кешке дейін шаршатқан келіндері

Естен танып еңіреп жатыр әні

«Отырса опақ !» дейді «Тұрса сопақ!»

Түрі жоқ, қалшылдайды сорлы қорқақ

Кейбір де әйелімді аяп кетем

Болған соң бала ортақ,өмір ортақ

Жүрегім ауырады ойлағанда

Ата-ана шүкір десе қолда барға

«Аш құлақтан, тиыш құлақ» кетіп қалса

Шіркін-ай мен үйімде болмағанда


Аңсадым
Біз де жастар болғанбыз.

Айналамыз орман қыз.

Жалын атып құшақтап

Жалындырып қойғанбыз!


Сапырылысқан ой – елік!

Жапырылысқан той едік

Бұрқасында бусандық

Қызыл мұзда бой еріп.


Аш жүрсек те толғанбыз

Ауа жұтып тойғанбыз

Жарқабақтан секірген

Жарға ұмытылған арманбыз


Алыстап сол бір бұлақтан

Шашымды уақыт қуартқан

Өткен күн жүрек сыздатқан

Сарғайған көңіл құмартқан


Жапырақ жүрек желбірер

Жабырқап жаным елжірер

Жастығым сені аңсаған

Көзімде шық боп мөлдірер


* * *



Көш ілгері
Қоюлы қара бұлттар ай жапқанда...

Бұтаны пана етіп аулақ маңда.

Қамшысын қыса ұстаған жігіт отыр,

Қалқажан, хабар алшы сай жақтан да.


Баққаны - қараша үй, қараңдайды.

Айналып ала төбет алаңдайды.

Дөңбекшіп, ыңыранып, көз ілмейтін

Ішінен сыбап отыр сараң байды


Жел қозғап, бұта басы қайысады.

Сезімі сергелдең боп жарысады.

Бұта түбін бақыттың сарайы етіп,

Қос жүрек қашан келіп табысады.


Сақтаған қызға сыры бүршік еді.

Салқыннан дене сыздап түршігеді.

Қойшының қорылынан таң бозарып,

Жас тоқал жаймен ғана күрсінеді.


Шіркін-ай, әркімнің бар армандары.

Бірі сыр, бірі жыр боп қалған бәрі.

Тағы біреу жарқабақтан жылтыңдайды,

Ойпырмай, өмірдегі жалған бәрі.

Осылай өткен заман есімдегі.

Кездесу таң атқанша шешілмеді.

Әдептен аттай алмай жатқан заман,

Қазіргі кездесуден көш ілгері!


Інім
«Доп әкел»- деген қаладан,

Асықтым, алдым ысқырық.

Тәтті толы чемодан,

Қолтығыма қыстырып,

«Жоқ» дегенге сенбеді,

Аузын ашты асығып.

Тәттіге көңіл бөлмеді,

Тарыдай қалды шашылып,

Ұнатар деп ойладым

«Базарлықты» ұсынып,

Қуанар ол болмады

Өзім қалдым қысылып.

Бере салды басқаға

«Есейдім» – деп мақтанып,

Ызадан шыққан жас қана,

Қарашығында сақталып.



Өтіп жатыр…..
Өтіп жатыр, өтіп жатыр,

Машиналар зымырап.

Мен отырмын зәулім үйдің

Биігіне шығып – ап.

Әр машина өткен сайын,

Өмірімнің бір сәтін

Кетіп бара жатқандай – ақ іліп – ап.

Жүрген сайын дөңгелегі

Алға қарай өшігіп,

Қалатындай

Көп нәрседен жайлау жүрсе кешігіп.

О, тәңірім!

Бақталастық бұл неткен….

Соң дөңгелек.

Алдыңғының жолын кетер өшіріп.

Жүргізуші оның басы,

Отыр жолға тесіліп,

Сыр шашпайды,

Сөйлеспейді,

Жолаушымен шешіліп.

О, адамдар!

Тілдесудің, қажеттігін бірақ та,

Жүрмеңіздер кеш ұғып!

Кейде жайлап, кейде кейін,

Кейде кетер бұрылып,

Соқтығысып жатар кейде ұрылып,

«Өтіп кетем» деген ойға

Жетелеген шығар мүмкін бір үміт.

Болмайтынын білсек тағы бір істің

Жүреміз – ау тыным таппай сұғынып,

Ұқсас етіп жаратыппыз

Темірлердің тағдырын.

Дөңгелеуде уақыты

Жансыздың да жандының.

Өмір сәті жаңаруда, өзгеруде күнбе – күн.

Ғалам жұтқан зымырандай,

Зымырайды ал бүгін.

Өтіп жатыр, өтіп жатыр

Машиналар зымырап,

Мен отырмын зәулім үйдің

Биігіне шығып – ап.

Әр машина өткен сайын.

Өмірімнің бір сәтін,

Кетіп жатыр іліп – ап.

Амалым жоқ адамзатпын қайтейін?!

Соның бәрін отырсам да біліп – ақ.


Жауымсың!...
Кінәлайсың

Кінәлайсың сен мені...

Дүниеде,

Жауың мен бе елдегі

Жүрегімді

Дірілдеген қояндай

Қарш-қарш шайнап

Сақылдайды сөз «Бөрі!»


Сөзден дүлей,

Суырылып шаң қалған

Бір уыстай,

Бүріскендей нар тұлғам.

Жан ышқынып,

Жалмағанда жалған сөз

Ақ жұлдыздай

Ағып түсер қарқыннан

Бір сөздерің

Бір сөзіңе қосылып

Тұрғандай-ақ,

Дұшпан қолдап, дос ұғып

Мәз боласың,

Мені түйреп жатқанға


Құлап түссем

Жүрмегейсің кеш ұғып

Суыра алмай,

Сезімімнің семсерін

Іштей тынып,

Жүрегімді өртедім!...

Сар далада,

Күн табында қалғандай,

Тіл жабысты.

Таңдайдағы «тентегім»

Ашу-дұшпан!

Иірімсің, дауылсың.

Жаныма да,

Денеме де ауырсың

Қанда қайнап,

Ойда ойрандағанда

Тілде сайрап,

Сөз боп шығар жауымсың.


Ашу
Қаныңды ішкенде қасықтап

Жаныңды жегенде тіске салып...

Іштен шалып.

Шыдай бересің

Іштен талып.
Ашуың жүректе от боп жанып

Шоқтай қайнап

Өшеді кейін барып.

Кейде ашу шектен өтіп

Басыңа шығып

Бетіңнен үзілердей қаның тамып.


Берілесің ашуға анық

Айқай, ыза бірігіп

Естен танып.

Бүкіл денең дір-дір етіп

Көз алдыңда сөнер жарық.
Айналып мақұлыққа

Ойдан қалып

Болады өз ашуың саған қауіп...

Ентігің басылып,

Есің кірген соң

Сабыр тауып.

Қым-қиғаш еткен өмірдің

Қиюы келмей

Жамап-жауып.

Пұшайман болып,

Безгек қағып

Жүрерсің аттай шауып.



Қыл қалам
Едіреңдеген өмірден

Сенім таппай қиналам.

Аласапыран көңілдің

Емін таппай қиналам.


Ел сенімін арқалар

Ебін таппай қиналам.

Қасқайып тұрып айта алар,

Кегім қайтпай қиналам.

Көңіл қалған туысқа

Сөзімді айтпай қиналам.

Сырымды тығып қуысқа,

Өзімді таптай мұңданам.


Жегідей жейді жанымды

Жебедей ойым зырлаған.

Сындырмайтын сағымды,

Сырласым өзің – қыл қалам.


Бауырымсың-ау шамасы...

Тұра қалып тыңдаған.

Достан да өткен дарасың,

Жолыма торын құрмаған.


Түсінетін жанымды

Қаламым маған жақынсың.

Не айтсам да сабырлы,

Бірге жазып жатырсың.


Өзіңе ғана ақтарам

Жүректе жанған сырымды.

Сәтінде жүрек тоқтаған

Аңсармысың жырымды.


Елуге келдім арман көп!
Елуге келдім еңселі.

«Ел ағасы», - дер сені!

Біреудің-жарты өмірі,

Біреуге-ғұмыр өлшемі.


Келіп қалдық аяңдап,

Елу де шіркін, самал бақ.

Өткенге тұрмын «шүкір» - деп,

Келер күнге алаңдап….


Екіге бөлсем елуді.

Қимай жастық өмірді,

Жүректе жайнап жиырма бес,

Сабыр етемін көңілді.


Жаныма жылы жақынсың.

Әр жылым менің ақылшым!

Өмірдің мәнін үйретіп,

Қаланып келе жатырсың.


Тірліктің жинап қызуын,

Тереңнен жалғар үзігін…

Тарихтың тылсым тартысы—

Өткеннің мен де ізімін.


Болса да құмай қуатың,

Жылдар бар шалып жығатын.

Әзірге тірі сапында

Құдайға шүкір! Тұр атым.
Ұлы қазақ халқының,

Бірі болып шалқыдым.

Шүрегей менен бірегей,

Ортасындағы жалқымын.


Қатардан асып таспадым,

Қиянатты баспадым.

Сақадай сайсың демеймін,

Қолдағы елу жастарым.


Әлімше сүрдім: ел үшін,

Ұрпағым, жарым, сен үшін!

О, Құдай! Өмір берсеңіз….

Жөндеп өтермін кемісін!



60 жас
Біз өткен жол 50 жасың кешегі.

«Жігіттерің біздерміз!» деп бөседі.

Жігіт болсаң 60-тағы біздей бол,

Еркіндіктің «еркелеген есері».


Біз өткен жол 50 жасың кешегі.

Ел ағасы «Біздерміз!» деп бөседі.

Ел ағасы алпыстағы біздей бол,

Ақылымен арманыңды шешеді.


Біз өткен жол 50 жасың кешегі.

40-тан қайтпай қылтыңдайтын меселі.

50 жақын, құрғыр 40-ты қайтесің?!...

Салиқалы 60 жақсы деседі.


Пайғамбар жас жанға жайлы, жағымды.

Барған жерде төр етесің әр үйді.

50 деген шауып жүрген жас екен,

Дұрысы 60, ақсақал ғой сабырлы.


Жас таңдасаң, 70 дұрыс таңдаған.

Болады екен үлкендікте, шалда мән.

Құдай берген немере мен шөбере,

Маңдайыңда мамырлайды бар балаң.


Жетпістің де теңдесі жоқ бар мәні

Бейнеттің де жеңілдейді салмағы

Сексен жақын, тоқсан міне, жүз анау

Көп адамның жете алмайтын арманы.


Оны айтасың 80 дұрыс шалыңыз.

Еленбейді бұл дүниеде барыңыз.

Ешкім келіп мазаңызды алмайтын,

Нағыз рахат, демалатын шағыңыз.


Келер бір күн өмір емес, ертегі...

90 мен 100 желдей желпіп желкені.

Қызығына тоя алмайтын өмірдің,

Адамзаттың таусылар ма ертеңі.


О Тәңірім! Шексіз алғыс айтамын.

Шынымды айтсам, бақытым ғой әр таңым.

Пенделікпен шалыс бассам бүгінде,

Ертеңіне жібек жіптей тарқадым.


Жарық дүние – өзгермейтен паң қалып,

Мұндай пейіш келмес енді айналып!...

90 болар, 100-ің болар, шіркін-ай!

Оянғанда таң көрінсін жап-жарық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет