Іс -әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім.
2. Бет пердені кидім.
3. Лотоктағы 60-70°C суға қойып 36-37°C дейін ана сүтін жылыттым.
4. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндедім.
5. Бас жағын жоғарлатып баланы қырынан жөргектеу үстеліне жатқыздым.
6. Қолымды жылы сумен сабындап жуып, кептірдім, резенке қолғап кидім.
7. Мұрын қуысын тексердім, тазарту жүргіздім.
8. Залалсыздандырылған пинцетпен ораушыдан асқазан зондың алдым.
9. Зондпен семсер тәріздес өсік пен кеңсірік аралығын өлшеп, лейкопластырмен белгі салдым. Зондтын канюлясын жаптым.
10. Зонд ұшынан 7-8 см қашықтықта зондты жазатын қауырсынды сияқты алдым. Зондты мұрын қуысы арқылы белгіге дейін асқазанға еңгіздім. (зондты енгізген кезде балада жөтел, цианоз байқалса- зонд тыныс жолдарын енгізілді,онда зонды шығарып , балаға ылғалдандырылған оттегін беру қажет)
11. Шприцке керекті мөлшерде жылы ана сүтін жинадым.
12. Зондтын канюлясын ашып, сүті бар шприцті жалғадым.Сүтті жаймен жибердім.
13. Тамақтандырып болғаннан кейін шприцті зондтан шығарып алдым.
14. Зондты лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырдым. 24-48 сағатқа дейін зондты қалдыруға болады.
15. Ауыз қуысынаң 2-3 см қашықтықта оң қолдың 1 және 2 саусақтарымен зондты ұстап, дәкемен зондты шығарып алдым.
16. Бас жағын жоғарылатып, оң жақ қырынан баланы жатқыздым.
17. Дәкені, шприцті, зондты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті дезерітінді бар ыдысқа салдым.
18. Резеңке қолғапты шештім, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым.Қолымды жуып, құрғаттым.
Омырау сүтімен тамақтандырудың маңызын түсіндіру
Толық тамақтандыру
Жеңіл қорытылады
Инфекциялардан сақтайды
Баланың дамуына және эмоциональды қатынасты қамтамасыз етеді
Ананың денсаулығына да маңызы зор
Емізу кезінде баланы дұрыс ұстау бұл өте маңызды болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |