Алынған нәтижелер:
Бас аумағы: 33 см
Кеуде аумағы: 31 см
Салмағы: 2100гр
Бойы: 43 см
Ойлып уылғандағы ауыз қуысын тазалауды жүргізу.
Диагнозы: катаральды стоматит.
Мақсаты: емдеу.
Әзірле: 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісін н/е 10-20% глицеріндегі натрий тетрабораты, антибиотиктер, саңырауқұлаққа қарсы препарат, мақта тампондары, ағаш таяқшалар, дәкелер, жұмсақ ұшты резенке баллон н/е шприц, пинцет, стерильді материалға арналған лоток, жөргек, алжапқыш, ыдыс, дезерітінді мен ыдыс, резенке қолғап, инстурменттер бар үстел.
Іс -әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты түсіндірдім.
2. Қолды гигиеналық әдіспен өндедім, құрғаттым, резенке қолғапты кидім.
3. Үстелге қажетті заттарды дайындадым.
4. Ерітіндіні дайындадым: 200 мл суға 1 шай қасық ас сода.
5. Ауыз қуысын стерильді дәкемен өндеу:
А. Баланы жөргектеу үстеліне жатқыздым.
Б. Пинцетке мақта орап алып, баланың аузының шырышты қабығын 1% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен сүрттім.
6. Баланың бетін сүрттім.
7. Қолданған заттарды дезерітінді бар ыдысқа салдым.
8. Үстелді дезертіндімен өңдедім.
9. Қолғапты, алжапқышты шешіп, қауіпсіз жоға арналған контейнерге салдым.Қолымды жуып, кептірдім.
Кіндік жарасын өндеу.
Диагнозы: катаральды омфалит.
Мақсаты: инфекциядан сақтау.
Әзірле: Залалсыздандырылған мақта шариктері, мақта оралған таяқшалар, 3% сутегі асқын тотығы, 1% бриллиант жасылы ,70% этил спирті, пинцет, лоток , резенке қолғап, тамызғыш, дезерітінді мен ыдыс, шүберек, қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
Іс -әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсірдіремін, рұқсатын алдым.
2. Қолымды жуып, кептіріп, резеңке қолғап киемін.
3. Жөргектеу үстелін дезерітіндімен өндеймін.
4. Жөргектеу үстеліне жөргек саламын.
5. Баланы үстелге жатқызып, шешіндіремін.
6. Қолды жуып, қолдың саусақтарын спиртке малынған мақта тампонымен сүртемін.
7. Кіндік жарасын сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен ашамын.
8. Тамызғышпен кіндік жарасына 3% сутегі асқын тотығын 1 -2 тамшысын тамызамын.
9. Кіндік жарасын ортасынан шетіне қарай стерильді мақта оралған таяқшамен сүртемін.
10. Басқа стерильді мақта оралған таяқшамен 1% бриллиант жасыл ерітіндісіне батырып кіндік жарасын күйдіремін.
11. Баланы киіндіріп, төсекке жатқызамын.
12. Мақта шариктерін, таяқшаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салып, қолданған пинцетті дезерітінді бар ыдысқа саламын.
13. Қолғапты шешіп, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын. Қолымды жуып, құрғатамын.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |