Қамырға оралған балық — терісіз жəне сүйексіз
біркелкі
кесілген бөренелер.
«Дон» жаншылған ет — жартылай фабрикаттар валик түрінде
пішінделген, қосарлы панировкада аунатылған.
Жартылай фабрикаттардың
иісі жаңа балықтай болуы керек,
ет тығыздығы — тығыз, серпінді.
Сақтау мерзімі
Балық жартылай фабрикаттары — тез бұзылатын өнім,
сондықтан санитарлық ережелерді қатаң түрде
орындауды талап
етеді. Жартылай фабрикаттарды сақтау температурасы 2-6° С.
Өндірістік тапсырмалар
1. Фритюрде қуыру үшін порциялық кесектерге кесілген
ақсеркенің порциясының нетто салмағын табу. Ақсерке бассыз
келген. Брутто порция салмағы – 190 г.
2. Егер келіп түскен көксеркенің брутто салмағы 7 кг
болса,
Рецептуралар жиынтығының I бағанасындағы деректер бойынша
фритюрде қуырылған көксеркенің
қанша порциясын дайындауға
болатынын есептеңіз.
ШОРТАН БАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ КӨКСЕРКЕНІ
ТУРАМАМЕН ТОЛЫҚТЫРУ ҤШІН ДАЙЫНДАУ
№5 НҰСҚАУ КАРТАСЫ
Шортанды, көксеркені, тұқыны турама салып дайындайды.
Балықты тұтастай жəне порциялық кесектей — «дөңгелектермен»
турама салып дайындайды.
Турама ретінде жақсартылған, арнайы
дайындалған масса қолданылады.
Балықты кнель массасымен
турамалауға болады.
Материалды-техникалық жабдықтау
Достарыңызбен бөлісу: