Астамбаева жупат канапьяновна


Эксперименттік-тәжірибелік база



бет11/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

Эксперименттік-тәжірибелік база: Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты; С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Алматы» Университеті. Барлығы – 133 студент қатысты.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, пәні, нысаны, болжамы мен міндеттері, әдіснамалық негіздері, жетекші идеясы, зерттеудің әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні мен маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі, оның мақұлдануы, тәжірибеге енгізілуі талданды.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде теориялық тұрғыда ғылыми еңбектерге жасалған тал-даулар негізінде «сауаттылық», «математикалық сауаттылық», «әдістемелік-математикалық сауаттылық» ұғымдарының психологиялық-педагогикалық категория ретіндегі мәні ашылып, «даярлық» пен «сауаттылық» ұғымдарының арасындағы байланыс, зерттеу мәселесінің қазіргі жайы, әдістемелік-матема-тикалық сауаттылықтың құраушылары анықталып, «алгоритм» ұғымы мен алгоритмнің түрлері, алгоритмдік сауаттылық мәселелерінің теориялық негіздері қарастырылады.
«Алгоритмдерді оқыту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуды модельдеу» атты екінші бөлімде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың мүмкіндіктері, әдіс-намалық тұғырлары мен ұстанымдары, әдістемелік-математикалық сауат-тылығын дамыту жаттығуларының әлеуеті анықталып, болашақ мұғалімнің сауаттылығын дамытудың құрылымы айқындалып, ЖОО оқыту үдерісінде білім алушылардың алгоритмдерді оқыту барысында аталмыш «сауат-тылықты» дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі сипатталады.
«Алгоритмдерді оқыту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудағы тәжірибелік-эксперимент жұмысы» деп аталатын үшінші бөлімде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар жүйесі беріледі және талданады, оқу-әдістемелік кешен дайындалып, онығ мазмұны мен жүргізу әдістемесі негізделеді, зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысы, нәтижелері және олардың қорытындылары сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет