Облыс әкімі аппараты жұмысының және облыстық іс-шаралардың 2012 жылдың ІV тоқсанына арналған жоспары



жүктеу 113.91 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі113.91 Kb.


О

блыс әкімдігінің 2012 жылғы ­­­____

қыркүйектегі «Облыс әкімі аппараты жұмысының және облыстық іс-шаралардың 2012 жылдың ІV тоқсанына арналған жоспары туралы» № ___ қаулысымен бекітілген
Облыс әкімі аппараты жұмысының және облыстық

іс-шаралардың 2012 жылдың ІV тоқсанына арналған

ЖОСПАРЫ
Облыс әкімдігінің мәжілістеріне енгізілетін мәселелер
қазан
Жамбыл облысының 2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Енгізуші: Сәдібеков Ғ.Қ. – облыс әкімінің орынбасары

қараша
Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қоғам институттарымен өзара ықпалдастығы туралы
Енгізуші: Көкрекбаев К.Н. – облыс әкімінің бірінші орынбасары

желтоқсан
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы, оның ішінде индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары аясында жүзеге асырылған іс-шаралардың орындалуы туралы
Енгізуші: Есқалиев Ғ.Н. – облыс әкімінің орынбасары
Облыстық іс-шаралар

Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар



қазан
Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шаралар

қазан
Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар

қазан
Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған іс-шаралар

қазан
«Taraz Invest - 2012» Халықаралық инвестициялық форумын өткізу шараларын ұйымдастыру

қазан
«Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқауы

қазан
Жазғы еңбек семестрінің аяқталуына байланысты «Студенттік құрылыс» және «Жасыл ел»жасақтарының облыстық слетін ұйымдастыру
қазан
Мемлекет және қоғам қайраткері А.Асқаровтың 90 жылдығына арналған іс-шаралар

қазан
Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің облыстық кеңесі
қараша
«Үздік көрнекі ақпарат - 2012» облыстық конкурсын өткізу
қараша
Облыстық «Ақ жол» газетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастыру

қараша
Халықаралық мүгедектер күніне арналған іс-шаралар

желтоқсан
Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа-жылдық шыршасы
желтоқсан
Облыс әкімінің жаңа-жылдық шыршасы

желтоқсан
Елбасының қатысуымен өтетін Жалпыұлттық Телекөпір аясында Индустрияландыру картасындағы негізгі және резервтік инвестициялық жобалардың іске қосылу шараларын ұйымдастыру

желтоқсан

«Үздік басқарма» облыстық байқауы



желтоқсан
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында іс-шаралар циклын өткізу

желтоқсан
Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның қабылданған күніне дөңгелек үстелдер өткізу
желтоқсан
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай «КЕМЕЛДI КЕЛЕШЕККЕ — КЕМЕҢГЕР БАСШЫМЕН» атты жастар Форумын өткізу

желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 16-17 желтоқсан күндері салтанатты жиналыс, мерекелік шаралар ұйымдастыру
желтоқсан
«Қазақстан - 2030» Даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында шығармашылық конкурс өткізу
желтоқсан
Облыс әкімінің Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының мүшелерімен, зиялы қауым өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру
желтоқсан
Облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Н.Көкрекбаевта

зерделенетін және қаралатын мәселелер
Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй нысандарын соғу барысы туралы

апта сайын
Тұрғын үй - коммуналдық щаруашылықты модернизациялау жұмыстарының барысы туралы

апта сайын
«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» автомобиль жолын салу барысы туралы
ай сайын
Елді мекендердің бас жоспарын дайындау барысы туралы

ай сайын
Облыс электр-, газ энергетикасы, жылу беру нысандарының жағдайы туралы

ай сайын
2012-2013 жылыту маусымын өткеру барысы туралы
айына екі рет
Облыс жолдарындағы 2012 жылдың 3 тоқсаны бойынша авариялық жағдай және жол қаупсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы
қазан
Елбасының 2012 жылғы Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топтардың аудандарға шығуы туралы
қазан
Дін мәселелеріне қатысты республикалық ақпараттық-насихаттық топтардың аудандарға шығуы туралы

қазан
Облыс елді мекендерін абаттандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалау барысы туралы

қазан
Рухани келісім күніне орай дәстүрлі діни бірлестіктердің басшыларымен кездесу

қазан
Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі Комиссия отырысы

қараша
Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жөніндегі Кеңес отырысы

қараша
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен Жамбыл облысында тіркеудегі көлік құралдарының техникалық байқаудан өтуі туралы
желтоқсан
Неғұрлым даярлығы бар, қоғам мен мемлекет өмірінің түрлі салаларында қызмет атқаратын әйелдер қатарынан оларды шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету бойынша 2016 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарының облыста іске асырылу барысы туралы

желтоқсан
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының Сарысу, Талас, Шу аудандарында және Тараз қаласында іске асырылуы туралы

желтоқсан
Адамдар жаппай шоғырланатын объектілердің өртке қарсы қауіпсіздік жағдайы және оларда өртке жол бермеу жөніндегі шаралар туралы
тоқсан бойы
Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарына дайындық барысы туралы

тоқсан бойы
Облысты жанар-жағар маймен тұрақты қамтамасыз ету туралы
тоқсан бойы
Облыс әкімі жанындағы ономастика комиссиясының отырысын өткізу
тоқсан бойы
Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевте

зерделенетін және қаралатын мәселелер
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Жамбыл облысында жүзеге асырылу барысын бақылау

тұрақты
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысын бақылау

тұрақты

Шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау: жұмыс істейтіндер саны, өндірілген өнім көлемдері, бюджетке түсірген салық түсімдері, қаржы институттары тарапынан қаржыландыру мәселесі


ай сайын
«Менің Отаным – Қазақстан» облыстық туристік экспедициясын өткізу

қазан
Туризм саласындағы мамандар үшін біліктілігін арттыру семинарын өткізу
қазан-караша
«Ұлы Жібек жолындағы қазақстандық бөлігінің туристік әлеуеті» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізу

қараша

Жамбыл облысы бойынша қазақстандық үлесті ұлғайтуға ықпал ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және оны іске асыру бойынша жұмыс тобының отырысын өткізу


тоқсан ішінде
Жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттарды орындалуы туралы

тоқсан ішінде
Индустриалдық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін жер телімдерін бөлу туралы

тоқсан ішінде
Облыс әкімдігі бойынша кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша сараптамалық комиссияның отырысын өткізу

қажеттілігі бар кезде
Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы шағын бизнес жобаларын іріктеу жөніндегі комиссия отырысын өткізу

қажеттілігі бар кезде

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық Кеңесінің отырысын өткізу



қажеттілігі бар кезде
Жамбыл облысын үдемелі индустриалдық дамыту жөніндегі үйлестіру Кеңесінің отырысын өткізу
қажеттілігі бар кезде
Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Сәдібековте

зерделенетін және қаралатын мәселелер
Ана мен бала өлімінің жағдайы туралы және оны азайту бойынша мониторинг жүргізу

қазан
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы

қараша
Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштерін азайту бойынша мониторинг жүргізу

желтоқсан
Әлеуметтік мәселелер жөнінде облыстық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссия отырысында қалалық/аудандық комиссиялардың Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету бойынша 2012-2018 жылдарға арналған жоспардың 1-кезеңін (2012-2013 жылдар) орындау жөніндегі есептерін тыңдау

желтоқсан
Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия мәжілісінде Бағдарлама бағыттарының орындалу барысын зерделеу

желтоқсан
Негізгі азық-түлік тауарлары мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты облыстық штабтың отырысын өткізу

тұрақты




Облыстық бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бекітілген жоспарға сәйкес түсу барысын талдау және бюджеттің атқарылуы бойынша уәкілетті орган басшыларының қатысуымен кеңестер өткізу

тұрақты

Мемлекеттік коммуналдық меншікті басқаруды бақылау

тұрақты

Инфляциялық үдерістерді тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізу. Облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарылатын шараларды қамтамасыз ету


тұрақты
Облыс бойынша зейнетақы мен жәрдемақылардың төлену барысын бақылау

тұрақты
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік бағдарламаларының және облыстағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын талдау

тұрақты

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджеттік бағдарламалардың, аудандар мен Тараз қаласы бюджеттерінің орындалуын, бюджеттік қаражаттардың, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің уақтылы игерілуін бақылау



тұрақты

Жамбыл облысында қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия отырысын өткізу



тоқсан ішінде
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысын өткізу

тоқсан ішінде
Облыс әкімінің орынбасары М.С.Жолдасбаевта

зерделенетін және қаралатын мәселелер
Қант қызылшасы дақылын өсіруге байланысты атқарылған жұмыстар туралы

тұрақты
Күздік дала жұмыстарын, күздік бидай себу, ылғал сақтау үшін суару және басқа да жұмыстардың жүргізілу барысы туралы

тұрақты
Облыс көлемінде мемлекеттік астық қорының белгіленген көлемін сатып алу және сақтау мәселелері туралы

тұрақты
Ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы

тұрақты
Нысаналы мақсатында пайдаланылмаған немесе жер заңнамаларын бұза отырып пайдаланылған а/ш мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және т.б. жер қатынастары саласындағы қадағалау, бақылау шараларының жүргізілу барысы туралы

тұрақты
Облыс көлемінде саяжайлық, бау-бақшалық және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту туралы

тұрақты
«Жасыл даму» мемлекеттік бағдарламасын орындау барысы туралы
тұрақты
Облыс бойынша ветеринария мәселелері туралы

тұрақты
«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын орындау барысы туралы
тұрақты
2013 жылдың астығы үшін тұқым дайындау барысы туралы

қазан
Облыс агроқұрылымдарының мал қыстату науқанына дайындықтары туралы

қазан
Облыс көлемінде жылыжай шаруашылықтары мен тамшылатып суару технологиясын дамыту барысы туралы

қазан, қараша
Облыс көлеміндегі ағын су жүйелерін қалпына келтіру, каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстарын жоспарлау шараларының атқарылуы

қазан, қараша
Ауыл шаруашылығы дақылдарын міндетті сақтандыру жөніндегі жұмыстардың жүргізілуі туралы

желтоқсан
Облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге байланысты инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы

желтоқсан
Облыс әкімі аппаратында

зерделенетін және қаралатын мәселелер

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасындағы орындаушылық тәртіпті зерделеу



қазан
Облыс әкімдігінің басқарма басшыларымен және олардың іс жүргізуші мамандарымен орындаушылық тәртіп жөнінде семинар-кеңес өткізу

қазан
«Спорт - денсаулық кепілі» ұранымен облыстық спартакиада өткізу
қазан

«Жері сұлу, елі жомарт Жамбылым!»атты ақындар айтысы



қазан
Ш.Жиенқұлованың 100 жылдығына орай «Би әлемі» атты облыстық байқау

қазан

Жас режиссерлар арасындағы республикалық «Дебют» байқауы



қазан

«Ақпараттық қоғамдағы кітаптың әлеуметтік және мәдени маңыздылығы» атты облыстық тәжірибелік семинарды өткізу



қазан

Шу ауданында Ассамблея күнін өткізу



қазан
Татар-башқұрт этносының мәдениет күнін өткізу

қазан
Шешен-ингуш этносының мәдениет күнін өткізу

қазан

Қарашай-балкар этносының мәдениет күнін өткізу



қазан
Облыс әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасындағы орындаушылық тәртіпті зерделеу

қараша
Мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиаданы өткізу
қараша
Облыс Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясын өткізу

қараша
Ы.Дүкенұлы атындағы «Жез киік» қобызшылар конкурсын өткізу
қараша

«Ауыл клубы» - 2012» атты облыстық байқауын өткізу



қараша
«Алтын қалам» атты жас жазушылар облыстық байқауын өткізу

қараша
«Әуесқой бірлестіктерінің жұмысын жетілдіру» облыстық семинарын өткізу

қараша

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мәдени көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру



желтоқсан
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасындағы орындаушылық тәртіпті зерделеу

желтоқсан
Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптық топтың этномәдени бірлестіктердің басшылары мен басқарма мүшелеріне арналған семинар-практикум өткізуі

желтоқсан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық комиссияның отырысын өткізу

тоқсан ішінде


Облыс әкімі

аппаратының басшысы Б.Исақов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет