Астамбаева жупат канапьяновна


ІІІ бөлім үлкен екі модульден тұрады: 1-модуль



бет27/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

ІІІ бөлім үлкен екі модульден тұрады:
1-модуль: Практикалық жұмыстарға арналған жаттығулар.
2-модуль: Жаттығулар және оларды орындату алгоритмі.
2.1. Математикалық жаттығулар және оларды орындату алгоритмі.
2.2. Алгоритммен байланысты арнайы жаттығулар.
2.3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар.
1-модуль «Практикалық жұмыстарға арналған жаттығуларға» арналады. Мұнда оқу-әдістемелік кешеннің силлабусына және курстың мазмұнына сай 15 сабаққа арналған практикалық жұмыс тапсырмалары келтіріледі. «Алгоритмдерді оқыту әдістемесі» арнайы курсы бойынша дайындалып, тәжірибеден (апробациядан) өткізілген №5 практикалық жұмыстың мазмұны.
Тақырыбы: Сандарға талдаулар жасау алгоритмін құру, әдістемесін дайындау. Арифметикалық амалдарды енгізу алгоритмін құру.
1. 10 көлемiндегi сандар нумерациясын өтуде қолданылатын алгоритмге блок-схема дайындаңыз.
2. Толық ондықтарды (жүздіктерді) шығарып алудың алгоритмін дайындаңыз.
3. Дәрістегі «Көп таңбалы сандарды оқу» алгоритміне сәйкес кез келген көп таңбалы санды оқудың алгоритмін дайындаңыз.
4. Кез келген екі таңбалы санға жасалған талдау алгоритмін 30 секундтық видео түрінде жазып жіберіңіз.
5. Кез келген бір амалды енгізу алгоритмін дайындаңыз.
6. Блок-сызбаны үлгі ретінде пайдаланып, қосындыны санға көбейту және санды қосындыға бөлудің алгоритмін дайындаңыз [66,б. 121].



Сурет 28 – Көбейту мен бөлудің алгоритмін түзуге берілген блок-сызба




2-модульдің 2.1. тармақшасы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық жаттығудың түрлерін ажыратып, олардың әрқайсысын орындату алгоритмін қарастыруға арналған. Өйткені, математикалық жаттығулардың әр түрін ажырату аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады, сонымен қатар, олармен жұмыс жасаудың өзіндік алгоритмінің бар екенін де болашақ мамандардың білулері тиіс. Сондықтан жаттығуды орындатудың үш кезеңін (жаттығуды талдау; жаттығуды орындату; жаттығуды қорыту) орындату алгоритмі көрсетіледі. Бұл мәселе алдыңғы бөлімде толық ашылған еді. 20-кестеде жаттығу түрлерін орындатудың алгоритмі келтірілген.

Кесте 20 – Математикалық жаттығулар және оларды орындату әдістемесі





156 · (6075 + 9980 – 15 996) : 26 мысалы

Теңдеуді жаз және тексер: 27 401 мен х сандарының бөліндісі 398 бен 119 сандарының қосындысына тең

1

2

Орындату алгоритмі:

  1. Жаттығуды, яғни мысалды оқытыңыз;

  2. Онда неше амал бар екенін анықтатыңыз;

  3. Ауызша алдымен қай амал орындалатынын анықтатыңыз;

  4. Амалды орындатудың ретін санмен үстіне белгілетіңіз;

  5. Мысалдың әр амалын жеке-жеке баған түрінде жазбаша орындатыңыз;

  6. Әр амалдың мәнін тексер-тіңіз;

  7. Жаттығуды қорытыңыз;

  8. Неше амал орындағанын, ал-дымен қай амал орындалғанын, неліктен ол амалдың орындала-тынын, соңғы қай амал орындалға-нын анықтатып, мысалдың нәтижесін айтқызыңыз.

Орындату алгоритмі:

  • Жаттығуды оқытыңыз;

  • Жаттығудың талабын анықтатыңыз;

  • Теңдеу құрғызыңыз;

  • Теңдеуді оқытыңыз;

  • Теңдеудің оң бөлігіне назар аудартыңыз;

  • Сол бөлігінде не берілгенін анықтатыңыз;

  • Ауызша нені табу қажеттігін анықтатыңыз;

  • Не үшін қосындының мәнін табу қажеттігін айтқызыңыз;

  • Қосындының мәнін тапқаннан кейін қандай теңдеу шыққанын анықтатыңыз;

  • Бұл теңдеудегі белгісіз компонентті анықтатыңыз;

  • Оны қалай табу қажеттігін айтқызыңыз;

  • Жаттығуды орындатыңыз;

  • Жаттығуды қорытыңыз;

  • Теңдеудің дұрыс шешілгенін, түбірінің дұрыс табылғанын анықтатыңыз;

  • Теңдеуді тексертіңіз; Жаттығудың талабының дұрыс орындалғандығын дәлелдетіңіз.

20-кестенің жалғасы



1

2

Есеп: «Екі айлақтан бір уақытта бірінен-бір қарама-қарсы екі бағытта екі кеме жүзіп шықты. Біреуінің жылдамдығы 43 миль/сағ, ал екіншісінікі – 36 миль/сағ. Екі айлақтың арақашықтығы 440 миль. 4 сағаттан кейін кемелердің арасы қандай болады?

Орындату алгоритмі:

  • Есепті оқытыңыз;

  • Есептегі қозғалыс түрін анықтатыңыз;

  • Онда не жайлы айтылғанын айтқызыңыз;

  • Қанша кеме, қандай бағытта шыққанын анықтатыңыз;

  • Есептегі белгілі шаманы анықтатыңыз;

  • Есептегі белгісізі не ізделінді шаманы анықтатыңыз;

  • Біреуінің жылдамдығы қанша екенін айтқызыңыз;

  • Екінші кеменің жылдамдығы қандай екенін анықтатыңыз;

  • Екі дененің жылдамдығын білу арқылы нені тауып алуға болатынын айтқызыңыз;

  • Нені тапқанын айтқызыңыз;

  • Уақытты анықтатыңыз;

  • Жылдамдық пен уақыт белгілі болса, нені табу керектігін анықтатыңыз;

  • Енді сұраққа жауап беруге бола ма, жоқ па екенін тапқызыңыз;

  • 4 сағаттан кейін кемелердің арасы қандай болатыны қалай табуға болатынын айтқызыңыз;

  • Есептің шешуі мен жауабын жазғызыңыз;

  • Жаттығуды қорытыңыз;

  • Есептің неше амалмен шығарылғанын анықтатыңыз;

  • Есептің сұрағына жауап берілгендігін дәлелдетіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет