Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы Астық массасының қуыстылығы



бет3/4
Дата11.09.2023
өлшемі33.78 Kb.
#477176
1   2   3   4
Дәріс 2

Астық массасының қуыстылығы
Қоймаларға немесе силостарға орналастырғанда астық массасы тығыз масса түзбейді: оның қатты құрауыштарының аралықтарында ауамен толтырылған бос аралықтар (қуыстар) болады. Дән және басқа қатты бөліктер мен қоспалар, басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары т.б. толтырылған астық массасы көлемінің бір бөлігі астықтың орналасу тығыздығын сипаттайды. Астық массасының ауамен толтырылған бөлігін қуыстылық деп атайды. Астықты орналасу тығыздығы мен қуыстылығын жалпы көлеміне пайыз мөлшерімен көрсетеді.
Астық массасында қуыстылық пен ауаның болуы қуыстылықтың сапалық маңызын айғақтайды. Ауаның қуыстарымен қозғалуы конвенция жолымен жылудың тарауына, астық массасында ылғалдың бу түрінде ауысуына мүмкіндік жасайды. Сақтау кезеңінде астық массасының ылғалдылығы мен температурасы өзгереді. Астық массасындағы физиологиялық мен микробиологиялық процестердің сипаты дәнаралық кеңістіктегі ауаның мөлшері мен құрамына тәуелді. Қуыстылықтың арқасында астықты кептіруге, белсенді желдетуге және газация жасауға мүмкіндік туады.
Астық массасының қоймаларда орналасуының қуыстылығы мен тығыздығы астық массасының қатты құрауыштарының пішініне, серпімділігіне, мөлшеріне және бетінің күйіне, ондағы қоспалардың шамасы мен түріне, астық тобының массасына және ылғалдылығына, қойманың пішіні мен сиымдылығына, сақтау мерзімінің ұзақтығына байланысты.
Ірі, ұсақ, жіңішке және қысқа дәндерден, әрі басқа бөліктерден тұратын астық массасы тығыз орналасады және біркелкі астық массасына қарағанда қуыстылығы төмен болады. Ылғалды және дымқыл астық шамалы тығыздықта орналасады, әрі басқа жағдайлар бірдей болғанда құрғақ астықпен қимасы үлкен қоймада, кішісіне қарағанда тығызырақ орналасады. Сақтау мерзімі ұзарған сайын астық массасының тығыздығы артады да, қуыстылығы төмендейді. Сонымен астық массасының қуыстылық мөлшері мен орналасу тығыздығы айтарлықтай деңгейде өзгеріске ұшырай алады.


Астық массасының сорбциялық қасиеттері
Астық массасы былайша алғанда жақсы сорбент: ол қоршаған ортаға әр түрлі заттар мен газдардың буларын сіңіру қабілетімен ерекшеленеді. Сорбенттер мен сіңірілетін заттардың қасиеттеріне байланысты сорбция құбылысы адсорбция, абсорция, хемосорбция және капиллярлық конденсацияны болып ажырытылады. Астық массасында сорбциялық құбылыстың барлық түрлері байқалады және оларды жеке-жеке бөліп қарастыру көбінесе қиынға соғады. Сондықтан адсорбцияның, капиллярлық конденсацияның, хемосорбцияның жиынтық нәтижесін сорбция, ал астық массасынан әр түрлі жағдайларда бу мен газдарды сіңіру қабілетінің деңгейін сорбциялық сыйымдылық деп атайды. Белгілі бір жағдайларда астық массасынан қоршаған орта кеңістігіне бу мен газдың толық немесе бір бөлігінің булануы байқалады, мұны десорбция деп атайды.
Астық массасын айтарлықтай сорбциялық сыйымдылығы жекелген дәндердің капиллярлы саңылауы, коллоидты құрылымы мен бүкіл массаны қуыстылығымен түсіндірледі. Әрбір дән күшті дамыған беті бар саңылаулы дене болып табылады. Дәннің әрбір жасушалары мен тканьдерінің макро және микрокапиллярлары (саңылаулары) болады. Дәннің белсенді бетінің ауданы 200-250м/г, бұл дәннің нақты бетіне 200 мың есе көп деген сөз. Белсенді беттің шамасы дәнді белсенді сорбент ретінде сипаттайды. Сорбциялық құбылыстар дәннің бет жағында ғана емес, күштірек мөлшерде әрбір капиллярдың ішкі үлескілерінде байқалады.
Астық массасын тасымалдағанда, өңдегенде, сақтағанда байқалатын барлық сорбциялық құбылыстарды, оларды астықтың сапасы мен сақталу әсеріне қарай екі топқа бөлуге болады: газдар мен булардың сорбциясы және десорбциясы, су буларының сорбциясы мен десорбциясы.
Астықты сақтау кезеңінде үлкен маңызға ие болатын булар мен газдардың сорбциясына мысал ретінде эфир майларының, жусан мен кориандр, мұнай өнімдерінің (керосин, бензин т.б) иісінің пайда болуын жатқызуға болады. Астық массасын бастырғанда оған жусан өсімдігінің бөліктері араласса, оның құрамында болатын эфир майлары астықпен жеңіл сіңіріледі де астықта жусан иісі пайда болады, кейде ащы дәмге айналады. Астыққа тән емес бөтен иісі бар астық тобы кемшілікті топтарға жатқызылады және оларды қалыпты астықтан бөлек сақтаған жөн. Ондай астық массасын қосымша өңдеуге тура келеді, басқаша айтқанда астыққа сіңген бөтен иісті жою керек, ал мұның өзі сақтау шығынын арттыра түседі. Әр түрлі зат буларының сорбциясы нәтижесінде астық массасы сапасының төмендеуін болдырмау мақсатымен қоймалар мен тасымал құралдарының бөтен иістен ада болуы қадағаланады.
Астық массасының ауадан су буын жұтуын немесе оны қоршаған орта кеңістігіне бөліп шығаруын дым жұтқыштық гигроскопиялық деп атайды. Көптеген зерттеулер мен іс-саналық деректер көрсеткендей, өндірісік жағдайдарда астық сақтау кезеңінде оның ылғалдылығының өздігінен өзгеруі байқалады. Астықты ылғалды атмосферада сақтағанда оның ылғалдылығы артады, ал құрғақта кебуі жүреді.
Ылғалдылықтағы дәнді дымқыл ауаға орналастырса, ондай ауада әрқашанда су буының белгілі бір мөлшері болады, әрекеттесудің нәтижесінде төмендегідей процестер жүруі мүмкін:
• дәндегі ылғал ауаға ауысады да (булану, десорбция, кебу), дән кебеді: бұл жағдай дән бетіндегі су буының парциалдық қысымы (Рц, атмосфералық ауадағы су буының парциалдық қысымынан (Рп.а.) жоғары болғанда байқалады, басқаша айтқаңда Рп.д>Рп.а.;
• дән бетіндегі су буларының парциялдық қысымдары ауадағы су буларының қысымынан төмен болса, ауадағы ылғал дәнге сіңірледі (Рп.д.<Рп.д.)
Біраздан кейін ылғалдың қайта бөліну процесі нәтижесінде ауадағы бу мен дән бетіндегі будың парциалдық қысымдары теңеседі де, динамикалық тепе-теңдік орнайды (Рп.д.=Рп.а.). Тепе-теңдік күйге сәйкес келетін астық (дән) ылғалдылығын тепе-теңдік ылғалдылық деп атайды. Оны белсенді желдету, кептіру ережелерін, астықты сақтаудың қауіпсіз жағдайларын таңдап алу үшін пайдаланады. Астықтың тепе-теңдік ылғалдылығы сорбциялық қасиеттері (құрылымы мен химиялық қүрамы) мен ауаның күйіне (салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасына) тәуелді (2-кесте).
Атмосфералық жағдайлардың тәулік, ай, жыл бойы өзгеруіне байланысты (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы өзгереді), астықтың ылғалдылығы да түрақсызданады. Ылғалдылығы артқанда астық сапасының төмендеуін болдырмау үшін бұл өзгерістерді білген жөн және болжай білу қажет. Астық сатушылардан астық қабылдағанда, сонымен бірге сақтағаңда және өңдегенде тәуліктік астықтың ылғалдылығына бақылау жасау, шығындарды болдырмаудың алғы шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет