7-тарау. Өндірістік жабдық және жұмыс орындарын ұстау
1-параграф. Жабдыққа қойылатын жалпы талаптар
403. Жабдықтың құрылымы өндірістік жабдықтың құрылымына, элеваторларға, астық қабылдау кәсіпорындарына, диірмен, жарма, құрама жем және тұқым өңдеу зауыттарына, нан пісіру және макарон кәсіпорындарына, орау және ыдыс жөндеу фабрикаларына арналған жылжымалы машиналарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес болады.
404. Шикізатты тазалауға, кептіруге, қайта өңдеуге және тасымалдауға арналған жабдықта машинаның жекелеген бөлшектерінің бір-бірімен және бөгде қоспалармен шикізатта және өнімде үйкелуі немесе соқтығысуы салдарынан ұшқын түзуді болдырмайтын құрылғысы болады.
405. Өндірістік жабдықтың құрылымы статикалық токтың зарядтарының жинақталуын болдырмайды, жерлестіру контурына қосылатын құрылғы қарастыру көзделеді.
406. Өндірістік жабдықтың құрылымы жұмысшылардың ыстық бөлшектерге кенет жанасу мүмкіндігін болдырмайды.
Астық кептіргіштердің, желдеткіштердің, оттық қабырғаларының, нан пісіру пештерінің, кептіру қондырғыларының, май еріткіштердің, буландыру және қайнату машиналарының, кептіру қондырғыларының ыстық құрылымдық бөліктері, колориферлер, бу және ыстық құбырлар жылу оқшаулағышпен қапталады, ал радиаторлар қоршалады. Сыртқы қабаттардың температурасы 45°С артық болады.
407. Жабдық құрылымдарының элементтерінде жарақат алу қаупін төндіретін үшкір бұрыштары, тістеуіштері, жиектері және қорғалмаған қабаттары, дәнекерлеуден кейін металл балқымалары болмайды.
408. Басқару органдарының құрылымы мен орналасуы (іске қосу түймелері, тұтқалар, басқыштар, магнитті іске қосқыштар және басқалары) жабдықтың бұрыс немесе өздігінен іске қосылуын және ажыратылуын болдырмайды. Басқару органдарында оларды мақсаты туралы жазбасы болады және қызмет көрсететін персонал үшін қол жеткілікті болады. Авариялық ажырататын басқару органдары қызыл түске боялады, тікелей көрінетін аймақта орналастырылады және тұрған орнын көрсететін нұсқағышы болады.
409. Қауіптілік көзі болып табылатын жабдықтың қозғалатын бөлшектері, біліктердің шығыңқы бөліктері, ашық бергіштер (шкивтер, белдіктер), конвейерлердің керме айналыс барабандары мен өзге де элементтер қоршалады.
Тістері бар бергіштер станинаға немесе машинаның өзге де жылжымайтын бөлігіне бекітілген тұйық қаптармен жабылады. Машиналар мен тетіктерде қолданылатын жылжымалы жүк реттегіштер (қарсы салмақтар) машинаның ішіне орналастырылады және қоршауда болады.
410. Мақсаты мен қолданылу жиілігіне байланысты қоршаулар ашылатын немесе алынатын қабықтар түрінде жасалады. Алынатын қоршауларда тұтқалары, қысқыштары және алу және орнату кезінде оларды ыңғайлы және қауіпсіз ұстау үшін өзге де құрылғылары болады.
Алынатын, серіппелі және жылжымалы қоршауларда, ашылатын қақпақтарда, кішкене люктер мен қалқандарда осы қоршауларда олардың кенет алынуын немесе ашылуын болдырмайтын құрылғылары болады.
Жоғарыға қарай ашылатын қоршаулар ашық күйде бекітіледі.
Қоршауларда жабдықтың тек қоршаулар қорғалған күйде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бұғаттағышы болады.
Жұмыс үрдісінде реттелетін және бапталатын тетіктердің қоршаулары электр жетегімен бұғатталады.
411. Белбеулердің қоршауы жабдықтың және қоршаудың астындағы еденді оларды алмай-ақ жинау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
412. Жабдық жұмыс істеп тұрған кезде қоршауларды алуға және орнатуға болмайды.
Қызмет көрсету аймағы еден деңгейінен 1,5 м астам биіктікте орналасқан жабдық сатылары бар тұрақты алаңдармен жабдықталады.
413. Жабдықтың тез айналатын (жылдамдығы 5 м/с жоғары) тораптары (шкивтер, желдеткіштердің шкивтері бар жұмыс дөңгелектері, щеткалы және шыбыртқы барабандары, тегістейтін және жылтырататын машиналардың барабандары және басқалары) жиналған күйінде де, бөлек түрінде де теңгеріледі.
Теңгергіш жүктерде үшкір жиектері болмайды және қызмет көрсетуші персоналдың жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп, теңестірілетін бөлшектердің ішкі жағынан бұрандалармен немесе бекіткіштермен бекітіледі.
414. Жабдық жұмыс істеп тұрған кезде ішпектердің қорпустарын қыздыру 60°С аспайды.
415. Жетек белбеулері мен тұтас белдікті бергіштердің ұштарын қосу берік, тегіс, иілгіш болады және қызмет көрсетуші персоналдың қолының немесе киімінің ілініп қалу мүмкіндігін болдырмайды.
Белбеулердің ұштарын өсіру желімдеу немесе тігіс арқылы жүргізіледі.
416. Машиналардың құрылымында бекіткіш бөлшектердің өздігінен бұралуын болдырмайтын шаралар қолданылады, ал тігінен орналасқан бұрандалар бастиегі жоғары қаратылып орнатылады және кескіш орамынан 2-2,5 аспайтын бұранданың шығыңқы кескіш бөлігі болады.
417. Майлауды қажет ететін станоктардың, машиналардың, аппараттардың және тетіктердің барлық бөлшектері автоматты майлау аспаптарымен жарақталады немесе осы жабдық тоқтаған кезде маймен толтыратын сыйымдылығы жеткілікті резервуарлы май сауыты болады.
Майлау майының өндіріс шикізаты мен өніміне түсуіне жол берілмейді.
418. Қорек құрылғыларында (бункерлер мен шүмектерде) тиелетін материалдардың бір орында тұрып қалу немесе үйме түзу мүмкіндігін болдырмайтын бұйымдары (қопсытушы, діріл және тағы басқа) болады.
419. Аспирацияланатын жабдық герметикалы болады. Жабдықтың жұмысын жедел бақылауға арналған есіктер, қақпақтар мен люктер қауіпсіз қызмет көрсету үшін қол жеткілікті орындарға орнатылады, мықтап жабылады және үй-жайға тозаң өткізбейді.
420. Машиналардың аспирациялық камералары тозаң өткізбейді, ал олардың клапандары бөгде ауаның тозаңданусыз және сорғышсыз қалдықтардың еркін шығуын қамтамасыз етеді.
421. Аспирациялық құрылғылардың жіктерінде, ендірме және сыртқа шығатын келте құбырлардың машиналармен қосылатын орындарында өнімнің тозаңдануын және шашылуын болдырмайтын тығыздайтын төсемдері болады.
422. Пневмокөлік және аспирациялық қондырғылардың ауа жолдарында, өздігінен ағатын құбыр өткізгіштерде олардың герметикалығын бұзатын майысқан жерлері, сызаттары мен саңылаулары болмайды.
2-параграф. Жабдықты орналастыру
423. Тұрақты жабдықты орналастыру кезінде оған қызмет көрсету және жөндеу үшін еркін өту жолдары қарастырылады. Өту жолдарының ені шығыңқы құрылыс құрылымдарынан (коммуникациялық жүйелерден) бастап жабдықтың едәуір шығыңқы бөлігіне дейінгі қашықтық ретінде анықталады.
424. Тікелей эвакуациялық жолдармен байланысты саты торларына немесе аралас үй-жайларға баратын көлденең және бойлық жолдардың, машиналар мен станок топтарының арасындағы өту жолдарының ені 1 м кем емес, ал жекелеген машиналар мен станоктар арасындағы ені 0,8 м.
Нан зауыттары мен макарон фабрикаларында жабдықты үй-жайға орналастыру кезінде мыналар:
тұрақты жұмыс орындары болғанда ені 1,5 м кем емес негізгі жолдар;
қызмет көрсету және жөндеу үшін жекелеген жабдық түрлері арасындағы өту жолдары, сондай-ақ ені 0,8 м кем емес жабдық пен қабырғалар арасындағы өту жолдары;
ені 1,5 м кем емес жарылу, өрт шығу қаупі бар үй-жайлардағы аппараттар арасындағы өту жолдары;
2 м кем емес параллель орналасқан өндірістік пештер, кептіргіштер арасындағы өту жолдары;
өндірістік пештердің оттықтарынан бастап қарама-қарсы пештерге дейінгі қашықтық: қатты отынды жағу кезінде 3 м кем емес; сұйық отынды немесе газ жағу кезінде 2 м (оттық құрылғысы арасындағы қашықтық 2 м кем емес) қарастырылады. Қазандық оттықтары нан пісіру пештерінің оттықтарына қарама-қарсы орналасқан кезде оларды арасындағы қашықтық қатты отынды жағу кезінде 5 м кем емес, сұйық отын мен газды жағу кезінде 4 м кем емес (жанарғы құрылғылары арасындағы қашықтық 2 м кем емес) болады.
425. Төменгі қабатта орналасқан жеке электр қозғалтқыштарынан жетектеу тобында орналасқан жаныштау станоктарының шкивтері арасындағы жарғыштар 0,35 м кем емес.
426. Жаныштау станоктарын егер әр топта электр қозғалтқыштарымен алғанда жалпы ұзындығы 15 м аспайтын 5 көп емес станок болған жағдайда және кез келген станокта топтағы қалған станоктардың жұмысын тоқтатпай-ақ жұмыс істейтін біліктерді ауыстырып жұмыс істеу мүмкіндігін ескере отырып топтап орналастыруға болады.
427. Ғимарат қабырғалары мен електер арасында ені 1,25 м кем емес өту жолдары, електердің ұзын жағымен олардың арасындағы 1,15 м кем емес өту жолдары, қысқа жағымен 1 м кем емес өту жолдары қарастырылады. Електерді бір қатарға орналастырғанда, електерді екі қатарға бойлай орналастырғанда өту жолдарының ені олардың қысқа және ұзын жақтары бойынша 1,15 м кем емес.
428. Електерді, сепараторларды, көмкерме және жуатын машиналарын, барлық жағынан қызмет көрсету үшін келуді қажет ететін басқа да жабдықты топтап орналастыруға болмайды.
429. Електен өткізу машиналарының бүйір жағынан аспирациялық құбырлардан еркін, 0,8 м кем емес өту жолдары қарастырылады.
430. Тігінен дөңгелек щеткалы машиналарды топтап жинаған кезде топтағы жекелеген машиналар арасындағы қашықтық 0,7 м кем емес.
431. Таразы карусель құрылғысындағы ұнды қаптауға және орауға арналған өту жолдары барлық жағынан 2 м кем емес.
432. Түйіршіктеу шнегінің жетегінен жөндеу кезінде қызмет көрсетуге жағдай жасау үшін салқындатқыштан қабырғаға дейінгі қашықтық 1,7 м, жүк түсіру құрылғысы жетегі жағынан қабырғаға дейін 1,6 м кем емес.
433. Қатты отынмен жұмыс істейтін оттығы бар тұрақты астық кептіргіштердің оттық үй-жайларында күл салғыш жағынан өту жолы 0,8 м кем емес, ал оттық алдындағы өту жолы 2,5 м кем емес.
Сұйық немесе газ тәріздес отынды қолдану кезінде форсункалардың, газ шілдерінің немесе оттық арматурасының шығыңқы бөліктерінен бастап ғимараттың, астық кептіргіштегі жабдықтың қабырғасына немесе өзге де бөліктеріне дейінгі қашықтық оттық алдындағы үй-жайдың ені 1,5 м кем емес.
434. Екі сепаратор, сепаратор мен ғимараттардың құрылымдық элементтері арасындағы өту жолдары:
торлардың бүйір қазбалары бар сепараторлар үшін: жетек білігі жағынан кемінде 1 м, ал бүйір жақтарынан 1,2 м кем емес;
торлары шеңбер бойымен айналатын сепараторлар үшін: жетек білігі мен тор қазбасы жағынан 1,4 м кем емес, бүйір жағынан 1 м кем емес. Өнімділігі 50 т/сағ қалған сепараторлар үшін (элеватор тазалауға есептегенде) қайта түсетін айналым торларымен және торларды алып, жетек білігі, сепараторлар жағынан 1 м кем емес, ал бүйір жағынан 0,8 м кем емес.
Барлық сепараторлар үшін астық шығару жағынан өту жолы 0,7 м кем емес.
Сепараторлардың астық шығаратын жағынан сепаратордың астық шығатын жерінде магнитті қорғағыш құрылғысы болмаған жағдайда сепаратордың габарит жағынан кемінде 0,15 м қашықтықта норий құбырларын орнатуға болады.
435. Барлық жағынан қызмет көрсетуге жататын норий башмактарындағы өту жолдары 0,7 м кем емес.
436. Шахталарда кабелдерді төсеу үшін норийлерді, өздігінен ағу жолдары мен аспирациялық құбырларды орнатуға, өзге де көлік жабдығын немесе технологиялық жабдықты орнатуға болмайды.
437. Норий құбырлары оларды бункерлер мен сүрлемлердің ішіне ұңғылау кезінде дәнекерленеді, дөңгелек қималы қабырға қалыңдығы 2 мм кем емес.
438. Өндірістік ғимараттарда, галереяларда, тоннелдер мен эстакадаларда конвейерлер трассасының бойымен оларды орналастыру кезінде қауіпсіз монтаждау, қызмет көрсету және жөндеу үшін конвейердің екі жағынан өту жолдары қарастырылады.
Конвейерлерге қызмет көрсету үшін өту жолдарының ені: таспалы және тізбекті конвейерлер үшін-0,75 м кем емес; параллель орналасқан конвейерлер арасында-1,0 м кем емес.
Тұтас бойымен қатты қораптармен немесе торлы қоршаулармен жабылған, параллель орнатылған конвейерлер арасындағы өту жолының енін 0,7 м дейін азайтуға болады.
439. Конвейерлер арасындағы өту жолында өту жолының жергілікті тарылуына әкелетін құрылыс құрылымдары (бағаналар, пилястр және басқалары) болған кезде конвейерлер мен құрылыс құрылымдары арасындағы қашықтық 1 м дейінгі өту жолының ұзындығында 0,5 м кем емес.
440. Галереяларда орналасқан, еденнен көкжиекке 6-12° көлбей орналасқан конвейерлер трассасының бойымен өту жолының енінде көлденеңінен төсемдер, ал 12° астам көлбеуде саты басқыштары орнатылады.
441. Конвейерлерде жүк түсіру арбалары болған кезде өту жолының ені арба өлшемдерін ескере отырып артады.
442. Өту жолдарының биіктігі:
жұмыс орындары жоқ, өндірістік ғимараттарда орналасқан конвейерлер үшін-2 м;
галереяларда, тоннелдерде және эстакадаларда орналасқан конвейерлер үшін-1,9 м кем емес; бұл ретте төбеде үшкір шығыңқы бөліктері болмайды.
443. Еден деңгейінен бастап жоғарғы жақтан шығып тұрған конвейердің бөлігінің астына дейін 1,2 м аспайтын биіктікте орналастырылған, ұзындығы 20 м аспайтын конвейерлер арқылы (жүк түсіретін арбалары жоқ) конвейер трассасының қажетті орындарында адамдардың өтуі үшін биіктігі 1 м кем емес тұтқалармен қоршалған көпіршелер жарақталады.
Адамдардың өтуіне арналған конвейерлер арқылы көпіршелер бір-бірінен мынадай:
өндірістік үй-жайларда-50 м;
галереялар мен эстакадаларда-100 м аспайтын қашықтықта орналастырылады.
Көпіршелер олардың төсемдерінен бастап тасымалданатын жүктің (қап және басқасы) едәуір шығыңқы бөлігіне дейінгі қашықтық 0,6 м кем емес, ал шығыңқы құрылыс құрылымдарының астына дейін (коммуникация жүйелеріне) 2 м кем емес болатындай орналастырылады.
444. Жүк түсіретін арбасы бар таспалы конвейерлер арқылы өту үшін ені 0,7 м кем емес жүк түсіру арбасының көпіршелері қолданылады.
445. Шүлдіктері еденнен 1,8 м астам биіктікте орналасқан тізбекті конвейерлердің жетек және керме станцияларына, 2 м астам биіктікте орналасқан конвейерлердің түсірілетін қораптарда айналатын щеткаларға қызмет көрсету үшін қызмет көрсетуге арналған қанаттары бар тұрақты алаңдар қарастырылады.
Алаңға көтеру үшін ені 0,7 м кем емес тұрақты сатылар қарастырылады.
446. Норийлерді ғимараттардың сыртынан орнату кезінде олар биіктігі 1 м кем емес қанаттары бар алаңдармен (бастиектерінде) және көтеру биіктігі 6 м аспайтын тұтқалары бар және баспалдақ еңісі 60° сатылармен жабдықталады.
447. Қозғалатын бөліктері жоқ жабдықты: өздігінен ағатын құбырды, материал өткізгіштерді, ауа өткізгіштерді, норий құбырларын және басқаларын осы Талаптарды қамтамасыз еткен жағдайда 0,25 м кем емес бөлігі бар қабырғалар мен бағаналарда (қызмет көрсетуді қажет етпейтін өзінің қабырғаларымен) орналастыруға болады.
3-параграф. Жабдықтың жетектері мен қоршаулары
448. Белдік бергіштердің қоршаулары берік, пайдалануға ыңғайлы болады және еден мен қоршалатын жабдықтың жылжымайтын бөліктеріне бекітіледі.
Қоршаулардың еденге бекіткіші алмалы-салмалы болады.
449. Белбеулердің қоршаулары белбеуді шкивтің жиегіне қауіпсіз тастауды, белбеуді киюді және түсіруді қамтамасыз етеді, белбеудің ықтимал жарылуы немесе жігі ашылған кезде қорғауды қамтамасыз етеді.
450. Белбеулер жабындар арқылы өту кезінде әр тармаққа арналған едендегі ойықтар белбеуден кемінде 20 мм жалпақ болады және биіктігі 20 мм кем емес келте құбырмен жиектеледі. Келте құбырлар үй-жайларды жинау кезінде төмен орналасқан қабатқа қандай да бір заттардың түсуінен алдын алу үшін ортақ қоршауларға қарамастан орнатылады.
451. Электр қозғалтқыштардан машиналарға машиналардағы белбеу бергіштердің қоршаулары жетекші және алдыңғы шкивтердің шүлдіктерінің арасындағы қашықтық 1 м дейін болғанда алынбайтын қоршаулар, 1 м бастап 1.5 м қашықтықта бойлық бөлгіш және 1,5 м астам қашықтықта серіппелі бастиек пен бойлық бөлгіш қарастырылады.
452. Машинаның корпусынан 250 мм астам қашықтықта орналасқан шкивтер мен жетек белбеулер барлық жағынан қоршалады.
4-параграф. Жабдықты орнату және жөндеу
453. Жөндеу жұмыстарын жүргізу орындары қоршалады және аралас учаскелерде жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ескерту плакаттарымен жарақталады.
454. Жөндеуде тұрған жабдық энерго қорек көздерінен ажыратылады, ал жабдықты іске қосу орнында, бөлу бекетінің үй-жайында немесе диспетчерлік басқару бекетінде «Іске қосуға болмайды. Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакат ілінеді.
455. Астық кептіргіштерді, әсіресе оттықтарды, жылу баптағыштарды, астықты буландыруға арналған автоматтарды, бу кептіргіштерді, дәнекерлеу аппараттарын, майды құрама жемге, нан пісіру пештеріне және астық пен өнімдерді жылумен өңдейтін өзге де машиналарды олардың жұмысы толықтай тоқтағаннан және салқындағаннан кейін жөндеуге болады.
456. Өндірістік үй-жайларда дәнекерлеу және өзге де отпен байланысты жұмыстарды ерекше жағдайларда жұмыс істемейтін цехтарда және өзінің габариттері осы мақсатқа арналып бөлінген орындарға шығарылмайтын жабдықтар мен құрылғыларға ғана жүргізіледі. Жабдық, өздігінен ағызғыш, қорғағыш қабық және кезекті отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған өндірістік үй-жайлардан оларды шығару мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзге де жабдықты тірек құрылымдарын бөлшектеу қарастырылады.
457. Жаңадан орнатылған жабдықты, сондай-ақ жөндеуден кейін жабдықты мынадай:
бекіту бөлшектерінің дұрыс жиналуын және сенімді бекітілуін;
жабдықта бөгде заттардың жоқтығын;
айналатын тораптардың теңгерілмегенін;
майлау жүйесінің беру және жетек белбеулерінің жинақы болуын;
қоршаулардың болуын, олардың жарамдылығын;
тиек және герметикалы құрылғылардың, люктердің, төбелердің, есіктердің жарамдылығын;
тұрақты немесе уақытша жетектен бос жүрісте өткізгенде;
жылу релесінің, магнитті іске қосқыштың электр қозғалтқыштың көрсетілген тогына сәйкестігін;
бұғаттау және бақылау құрылғыларының болуын және жарамдылығын тексергеннен кейін іске қосуға болады.
458. Жабдықты бос жүрісте сынағаннан және ықтимал ақаулар мен кемшіліктерді жойғаннан кейін қажетті жүктемеге дейін тұрақты түрде арттыра отырып, шамалы жүктемеде сынауға болады.
5-параграф. Жабдықты пайдалану (қызмет көрсету)
459. Өндірістік үй-жайларда бақылау тұлғасының еріп түруісіз бөгде тұлғалардың болуына жол берілмейді.
460. Өндірістік үй-жайларда жану белгілері анықталған кезде барлық технологиялық, көлік және ең алдымен, желдеткіш және пневмокөлік қондырғылар дереу ажыратылады. Болған оқиға туралы бақылау тұлғасына хабарланады және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жануды жою шаралары қолданылады. Бункерлерде бықсыған тозаң, шикізат, өнім анықталған кезде ошақты өздігінен сөндіруге болмайды. Болған оқиға туралы өрт сөндіру бөліміне хабарлап, авариялық үй-жайдан көшіріледі.
461. Әрбір кәсіпорында технологиялық жабдық астықты қайта өңдеу мен өндірудің, өнімді шығарудың осы түріне арналған техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
462. Жобалау кезінде жергілікті басқаруға ауыстыру мүмкіндігімен технологиялық, көлік және аспирациялық жабдықты қашықтықтан автоматты басқару қарастырылады.
463. Басқару түймелері, тұтқалар, тұрақты жұмыс орнындағы маховиктер жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкес орналастырылады.
Түймелерде, тұтқаларда, маховиктерде және өзге де басқару құралдарында олардың қызмет мақсаттарын айқындайтын белгілері мен жазулары болады.
464. Бақылау-өлшеу аппаратурасы бақылау үшін ыңғайлы және жақсы жарықтандырылған, еденнен 2 м жоғары емес орындарда орналастырылады.
465. Конвейерлерді, норий башмактарын және өзге де машиналарды олар жұмыс істеп тұрған кезде үйінділерден, басылған өнімнен немесе түскен заттардан тазартуға болмайды.
Тазалау машина толықтай тоқтағаннан және олардың кенет іске қосылуын болдырмайтын шаралар жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі.
466. Машинаны іске қосу алдында оның іске қосқышы жұмысшылар үшін қауіп төндірмейтініне көз жеткізу қажет, ал қашықтықтан басқару кезінде машиналардың іске қосылғаны жөнінде белгі беріледі.
467. Жетек белбеулерін жүріс жолында шешуге немесе киюге, машиналардың белбеулері мен тізбектері жұмыс істеп тұрған кезде оларды керуді реттеуге болмайды.
468. Шудың артуына немесе айналатын бөлшектердің қызуына әкелетін ақауларды дер кезінде жою мақсатында барлық жұмыс істеп тұрған машиналар бақыланады. Жұмысшыларға қауіп төндіретін ақаулықтар анықталған жағдайда жабдық жұмыстан ажыратылады.
469. Бұранда қосқыштарын бекітуді, ақаулықтарды жоюды жабдық толықтай тоқтағаннан кейін ғана жүргізуге болады.
470. Ішпектер мен май сауыттарын жүріс жолында толтыру қажет болған жағдайда майлау орнына қауіпсіз өту қамтамасыз етілген кезде немесе қауіпсіз аймаққа шығарылған құбырлар мен май сауыттар орнатылғанда майлауға болады. Ішпектерді толтыруға арналған қол май сауыттарында ішпекке қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұзартылған шүмек (кемінде 200 мм) болады.
471. Машиналарды ішінен тексеру, оларды жөндеу, ұзақ уақытқа ажыратқан, машиналардың ақауы болған кезде электрлік қоректендіру желісінен ажыратылады. Тыйым салынатын кестелер іске қосу құрылғысына ілінеді.
Жөндеу және монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын бу, өнім, су құбырлары ажыратылады. Бұл ретте құбырлар сөндіріледі.
472. Люктері, қақпақтары немесе есіктері ашық, тозаң бөлетін машиналарды іске қосуға және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Машиналардың төбелеріне орнатылатын аспирациялық жіктерді жапсыруға және соғып қағуға болмайды.
473. Астықтың, тартылған өнімнің, астық пен жарманың сынамасын сынама алу орнындағы немесе қозғалатын бөлшекке тікелей жақын жабдықтан қолмен алуға болмайды. Осы мақсатта өнім жолдарында кішкене люктер қарастырылады. Сынама алғаннан және жабдықты тексергеннен кейін кішкене люктер тығыз жабылады.
Сынаманы шығыңқы келте құбырдың кішкене люгінен тек қалақпен ғана алу қажет.
Астық кептіргіштің ыстық камерасынан астық сынамасы ағаш тұтқалары бар қалақтардың көмегімен алынады.
474. Машиналарға қызмет көрсету кезінде қауіпсіз бұйымдарды-қырғыштар мен щеткалар:
жапқыш пен жаныштайтын станоктың қоректендіру білігі арасындағы саңылауды тазалау үшін;
норий башмактары мен конвейерлерде үйінділерді тазалау үшін;
бос жүрісте сепаратордың торларының жоғарғы қабаттарын (саптары ұзын щеткаларды) тазалау үшін;
металл қоспалардан магнитті бағандарды тазалау үшін;
науа мен падди-машиналардың шанағының қорек арналарын тазалау үшін қолданылады.
475. Технологиялық, көлік, аспирациялық және өзге де жабдық, өздігінен ағызғыштар, материал өткізгіштер технологиялық сызбаға сәйкес таңбаланады.
Жазулары айқын және көрнекі орындарда орнатылады.
6-параграф. Өндірістік шу мен діріл
476. Шудың шекті деңгейлері жұмыс орындарындағы шекті шу деңгейлерінің санитарлық нормаларына сәйкес (7-кесте) қабылданады.
477. Шу мен дірілді азайту үшін белгіленген нормадан тыс діріл мен шу шығаратын жабдық (моторлар, қозғалтқыштар, желдеткіштер мен басқалары) шу оқшаулағыш іргетастарда және еден мен ғимараттардың басқа да құрылымдарынан діріл оқшаулайтын негіздерде, егер бұл жеткіліксіз болса, жеке оқшауланған үй-жайларда орнатылады. Мұндай жабдықты ғимараттардың қоршау құрылымдарына тікелей қатты бекітуге болмайды.
Ауа өткізгіштер мен құбырларды желдеткіштер мен сорғыларға иілгіш (жұмсақ) ендірменің көмегімен қосуға болады.
478. Дыбыс деңгейі бар немесе балама дыбыс деңгейі 80 дБа жоғары аймақта қауіптілік белгілерімен белгіленеді. Осы аймақтарда жұмыс істейтіндер жеке қорғану құралдарымен жарақталады.
7-кесте
Жұмыс орындары
|
Жиілігі орташа геометриялық дБа октава жолақтарындағы дыбыс қысымының деңгейлері, Гц
|
Дыбыс деңгейлері мен дыбыстың балама деңгейлері, дБа
|
|
31,5
|
63
|
125
|
250
|
500
|
1000
|
2000
|
4000
|
8000
|
|
Өндірістік үй-жайлар мен кәсіпорын аумағындағы тұрақты жұмыс орындарында барлық жұмыс түрлерін орындау
Әкімшілік-басқару қызметі
зертханалардағы өлшеу және талдау жұмыстарының қызметі, зертхана үй-жайлары
|
107
93
|
95
79
|
87
70
|
82
63
|
78
58
|
75
55
|
73
52
|
71
50
|
69
49
|
80
60
|
*Шуды бағалау үшін оның жалпы деңгейін пайдалануға болады.
479. Өндірістік жағдайларда жұмыс орнында адамға әсер ететін дірілді гигиеналық бағалау мынадай:
нормаланатын өлшемнің жиілігі бойынша интегралдық бағалау;
діріл мөлшері;
нормаланатын өлшемнің жиілік (спектрлік) талдау әдістерімен жүргізіледі: бұл ретте діріл жылдамдығы (м/с) мен діріл үдеуінің (дБ) орташа шаршы мәндері немесе жиіліктің октава жолақтарындағы олардың логорифм деңгейлері нормаланатын өлшемдер болып табылады.
480. Діріл әсері 480 минут бойы созылатын діріл жылдамдығы мен діріл үдеуінің шекті рұқсат етілген шамалары 8-кестеде келтірілген.
8-кесте
Жолақтардың орташа геометриялық жиіліктері, Гц
|
Хо, Yo, Zo (1/1 окт.)
шүлдіктер бойынша рұқсат етілген мәндер
|
|
діріл үдеуі
|
діріл жылдамдығы
|
|
м/с2
|
дБ
|
1/10-2
|
дБ
|
2,0
|
0,14
|
103
|
1,30
|
108
|
4,0
|
0,10
|
100
|
0,45
|
99
|
8,0
|
0,10
|
101
|
0,22
|
93
|
16,0
|
0,20
|
106
|
0,20
|
92
|
31,5
|
0,40
|
112
|
0,20
|
92
|
63.0
|
0.80
|
118
|
0.20
|
92
|
481. Жұмыс істеген кезде діріл санитарлық нормалармен белгіленген шамалардан аспайтын жабдықты пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |