7-параграф. Жарылғыш разрядтаушылар
482. Жарылғыш разрядтаушылар мынадай жабдықты қорғайды:
ұнтақты үккіштер;
норийлер;
аспирациялық қондырғылардың сүзгіштері мен циклондары;
қыздыру камерасы бар рециркуляциялық астық кептіргіштер;
қыздырғыштары бар шахталық астық кептіргіштер, каскадты қыздырғыштар.
483. Жарылғыш разрядтаушыларды орнату жобалау құжаттамасында қарастырылады.
8-параграф. Астық тазалайын жабдық
484. Діріл қоректендіргіш пен сепаратор шанағының теңгерілген жүктері, эксцентрлік тербелістер, муфталар мен шектердің белбеу бергіштері қоршалады. Қоршаулар қоршаулардың қабырғалары мен айналатын бөлектердің және белбеу бергіштер арасындағы қашықтықты сақтай отырып орнатылады.
485. Тас іріктегіштер мен дөңгелек келетін қозғалысты електері бар сепараторлардың теңгергіштеріндегі жүктер бұрандалармен немесе реттегіш сомындары мен шплинттері бар түйреуіштермен бекітіледі.
486. Клапандарда, шлюз ысырмалары мен бақылау терезелерінде тозаң бөліну мен ауа соруды болдырмайтын тығыздағышы болады.
487. Сепараторлар мен тас іріктегіштерді іске қосу кезінде бос жүрісте жұмыс істеген кезде шанақтың теңгерілгеніне, торлы рамалардың бекітілгеніне, тарсылдық жоқтығына және дірілдің жоғары болуына көз жеткізу қажет.
488. Пневмо сепараторлардың үрлеу арнасының жылжымалы қабырғасының реттегіш тетігі арна енінің бір қалыпты өзгеруін қамтамасыз етеді.
489. Шеңбер бойымен қозғалып келіп түсетін тас іріктегіштердің шанағының аспа арқанында бірдей кергіш болады және жүйелі түрде тексеріледі.
Арқан егер үзілген сымдардың мөлшері орам адымына тең учаскедегі олардың жалпы санынан 5 % жетсе, жаңасымен ауыстырылады. Арқандардың ұштары мыс сымының бөлігімен бекітіледі және дәнекерленеді.
490. Сепараторлардың торлы корпустарының теңгерілуі мерзімді түрде тексеріледі, желдеткіштердің роторлары теңгеріледі.
491. Сепараторларды іске қосу және тоқтату сепаратор қабатында жергілікті пульттен жүргізіледі.
492. Жинақтағы әрбір диск пен диск триерінің роторы статикалық түрде теңгеріледі.
493. Триер қабатының ұяшықтарында кетіктер мен қабыршақтар болмайды.
494. Цилиндрлік триердің реттегіш және секторлық құрылғылары оңай бұрылуды, астаудың қажетті күйде бірік бекітілуін қамтамасыз етеді.
495. Машиналардың жылжымайтын бөлшектері мен шнектердің тармақтары арасында олардың үйкелуді болдырмайтын саңылаулар қамтамасыз етіледі.
496. Триерлер аспирацияланады, ал қабықтар герметикалады.
497. Май сауыттарды маймен толтыруға және цилиндр айналған кезде ондағы майды басуға болмайды.
498. Радиал немесе бойлық шыбыртқыларды білік пен розеткаға бекіту олардың үзілуін болдырмайды. Жинақтағы әрбір розетка мен шыбыртқы барабаны статикалық түрде теңгеріледі.
499. Қауіпсіз қызмет көрсету үшін розеткалардың ұштары шыбыртқылардың жиектерінен шықпайды, бұрандалардың бас тиектері жартылай дөңгелекті болады және шыбыртқы жағынан, ал реттегіш сомындары бар сомындар розетканың ұштары жағынан орналасады.
500. Жиектеу машиналарының шыбыртқылары қимасы бірдей, сызаттары мен сынықтары жоқ, біртекті болаттан жасалады; ұшқын түзілуді болдырмас үшін шыбыртқылармен шыбыртқы барабанының ішкі қабатына соқтығысуға болмайды.
501. Барабандардың теңгерілген жүктері бұрандалармен розеткалардың ішкі қабаттарына бекітіледі. Шыбыртқылардың ұштары оралады, жұмыс істейтін жиектері тұйықталады.
502. Абразивті барабандардың егеу құм массасы берік болады, жиектерінде сызаттары мен қопсуы болмайды.
503. Көмкеру машиналарына түсіру алдында астық металл және минерал қоспалардан тазартылады.
504. Есіктер, бақылау люктері мен шығыңқы құрылғылары тығыздалады және тозаң өткізбейді.
505. Көмкеру машиналары жұмыс істеген кезде көмкеру торларының рамаларын жұлып алуға және егеу құм мен металл барабандарда люктерді ашуға болмайды.
506. Бұл талаптар астық (жиналатын өнімдерді) қабықтарын бастыруға арналған көлденең және тік орналасқан цилиндрлері бар бастыратын шыбықты және щеткалы машиналарға қолданылады.
9-параграф. Астықты сумен және жылумен өңдеуге арналған жабдық
507. Астықты сумен, жылумен өңдеуге арналған машиналар, олардың бу секциялары Бу және ыстық су құбырларын орнатуға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес болады.
508. Ылғалдандыру машиналарының су және астық дөңгелектері мен дискілері теңгеріледі, бірқалыппен айналады, судың ағысы біркелкі болады, құбырларда, резервуарлар мен арматурада судың ағуына жол берілмейді, суды еркін құюға болады.
509. Жуатын машиналар жылу берілетін үй-жайларда, ернеуінің биіктігі 50-75 мм болатын металл немесе бетон астауларға орнатылады. Жуатын машиналардың айналасындағы еден құрғақ болады.
510. Сығатын бағанасы бар жуатын машиналардың сыртқы қабаты су шашырандысына жол бермейтін төзімді болады және оны дереу алуға жол беретін бекіткіші болады.
511. Жуатын машина мен сығатын бағандардың жұмыс қабаты тегеурінді су ағынымен жуу арқылы, ал қажет болған жағдайда щеткамен тазартылады. Машина жұмыс істеп тұрған кезде астау шнегінен астықты тырнап алуға және одан кенеттен түскен бөгде заттарды шығаруға болмайды.
512. Астықты жылытатын бағандар далдаға бекітіледі. Қыздырғышқа бу беретін магистралға еден бақылау үшін деңгейінен 2 м аспайтын ыңғайлы орында манометр орналастырылады.
Бу беру алдында қыздырғышқа үстіне дейін астық толтырылады, 70000 ПА қысыммен бу беріледі және қажетті астық температурасын алғанға дейін вентилдермен реттеледі.
Қыздырғыштың жоғарғы қабатында желдету тесігін одан қаныққан ауаны шығару үшін ауысымына кемінде бір рет ашу қажет.
513. Баптағыштардың құрылымы астық бір орында тұрып қалуын болдырмайды және авариялық жағдайларда шахталар мен арналарды тазалау үшін кішкене люктері болады.
514. Машиналар астық деңгейін бергіштермен және белгіленген жұмыс режимі бұзылған кезде машинаны іске қосуды және ажыратуды қамтамасыз ететін соңғы ажыратқыштармен жарақталады. Машиналар желіге кернеу түскен кезде жоғарғы ысырманың өздігінен ашылуын болдырмайтын құралдармен жарақталады.
515. Баптағышқа астық біркелкі толтырылады, кідіріс болған кезде ыстық су батареясын қоректендіргіші, кептіру камерасына ыстық су және баптағыш бағанына астық беру ажыратылады. Астық кешіктірілген кезде шахта мен арналар кішкене люктер мен лаз арқылы тазаланады.
516. Жылдамдық баптағыштың аппараты бу қысымының жоғарғы және төменгі шектерді реттейтін аспаптармен, баптағыштағы астық температурасын реттеу және артық жүктемеден қорғаудың автоматты жүйелерімен жарақталады.
517. Аппарат шнектері (қыздыратын және бақылау) науалармен герметикалы жабылады, оларға жұмыс істеп тұрған кезде үйінділерден тазалау және жөндеу үшін қол жеткізуге болмайды. Науалардың ашылып жабылатын қақпақтарын машина тоқтаған кезде ғана ашуға болады.
518. Машинаны басқару пультінен басқару кезінде қалыпты жұмыс бұзылған кезде жарық және дыбыс белгісін беру қамтамасыз етіледі.
519. Жылдамдықты баптағыш аппаратының ылғал түсіргішінде астық қабылдау мен шығаруды автоматты бұғаттау жүйесі болады.
10-параграф. Магнитті қоспаларды ұстауға арналған машиналар (электр магниттік сепараторлар, магнитті бағаналар)
520. Магнитті қоршаулар жаныштайтын станоктардың, ұнтақтағыштың, шыбыртқы, үгіту, бедерлеу, аршу машиналарының, энтолейторлардың және соққы түріндегі өзге де машиналардың алдынан орнатылады.
521. Электр магниттік сепараторларда ток өткізгіш бөліктерді оқшаулағыштары болады. Электр аппараттарының қабықшалары үй-жайдың жарылу, өрт шығу қауіптілігі бойынша санатына сәйкес келеді. Электр өрісінің кернеуі зауыт паспортында көрсетілгеннен жоғары болмайды, ал электрлік магниттер орамы оқшаулағышының кедергісі кемінде 0,5 МОм болады.
522. Оқшаулағышты сынағаннан кейін ғана электр магнитті сепараторын кернеуге іске қосуға болады. Электр магнитті сепараторлардың қоршауында статикалық электрді бұру үшін жерге қосқышы болады.
523. Бөлшектер (магнит өткізгіштер, ішпектер) 60°С аспай қызғанда, ал өніммен жанасатын бөлшектердің температурасы 50°С аспағанда электр магнитті сепараторлардың жұмыс істеуіне болады.
524. Электр магнитті сепараторларда электр энергиясын беру тоқтаған кезде электр магнитіне өнімді беруді болдырмайтын бұғаттағышы болады.
525. Магнитті полюстерді тазалауға арналған қопсытқыштардың, қорек білікшесінің, жүріс білікшесінің жетектерінің тетіктері қоршалады.
526. Электр магнитті сепараторлардың қармауыш тетіктері біркелкі жұмыс істейді және қолмен тазартпай, магнитті қоспаларды толығымен шығаруды қамтамасыз етеді.
Сепараторлардың полюстеріне қолмен жанасуға болмайды.
527. Электр магнитті сепараторлардың жарық дабылы үздіксіз жұмыс істейді, ол болмаған жағдайда сепараторды кернеуге қосуға болмайды.
528. Сепараторда тарсыл немесе қандай да бір ақаулық пайда болған кезде ықтимал ұшқын түзілудің алдын алу үшін ол тоқтатылады.
529. Тиісті дәрежедегі қабықша қорғағышы бар электр коммутациясының селен түзеткіш пен аспаптар электр электр бөлу бекетінің немесе қауіптілігі жоғары емес өзге де үй-жайларда орналасады.
530. Магниттік қоспаларды бөлуге арналған машиналары тексеру үшін еркін өту жолы бар, қызмет көрсетуге ыңғайлы орындарда орнатылады.
531. Магнитті бағандардың құрылымы жоғары физикалық күшті қолданбай-ақ магнитті қоспалардан оларды тазарту үшін тұғыр блоктарын оңай алуды қамтамасыз етеді. Магниттерді тазалау кезінде өнімге магнитті қоспалардың түсу мүмкіндігін болдырмайды.
Магнитті бағандарды металл қоспаларынан тазарту үшін щеткалар немесе ағаш қыстырғыштар қолданылады. Магнитті қоспалар жәшіктерге жиналады.
Магнитті тұғырлардың бүйір және бөрене қабаттары таза өңделеді және үшкір ұштары мен қабыршақтары болмайды.
532. Магнитті тұғырларды магниттеу оқшау құрғақ үй-жайда жүргізіледі.
533. Қызмет көрсетуші персонал магнит өрісінің тұтас ұзындығы бойымен электр магнитті сепараторлары мен магнитті бағандарға өнімнің үздіксіз және біркелкі келіп түсуін тексереді.
11-параграф. Диірмен зауыттарының ұн тарту бөлімшелерінің жабдығы
534. Жаныштайтын станоктардың құрылымы мен құрылғысы жаныштайтын диірмен станоктарының технологиялық талаптарына сәйкес болады.
535. Әрбір жарты станоктың цапфалары қабаттарының жалпы шүлдіктерінің қиығы (диаметрі 65 мм) 1000 мм ұзындықта 0,25 м аспайды.
536. Жаныштағыштар арасындағы реттелетін саңылау шамамен 0,1 бастап 1,0 мм дейін.
537. Қорек құрылғысы жаныштағыштың тұтас ұзындығы бойымен өнімді біркелкі беруді қамтамасыз етеді.
538. Станоктың құрылымы жаныштағыш арасынан өлшемі 5 мм аспайтын, іші қуыс бөшкесі бар және диірмен жаныштағышының тұтас бөшкелі станоктары үшін 8 мм бөгде денелердің өтуін қамтамасыз етеді.
Жаныштайтын станоктардың алдынан жұмыс аймағына металл қоспалардың түсуінен алдын алу үшін магнитті қорғағыш орнатылады.
539. Станоктарда бос жүрісті жарық дабылы болады.
540. Пневмо жинағыштары бар станоктарда бункерлер толтырылған кезде станокты бос жүріске ауыстырып қосатын бұғаттау тетігі болады.
541. Пневмо қабылдағыштарда үйілген кезде өнімді шығару үшін жүк түсіру құрылғылары болады.
542. Жаныштағыш арасындағы бергіштердің тісті доңғалақтарының қоршау қабатының құрылымы картердегі майдың деңгейі қалыпты болғанда ішкі кеңістікке майдың шашырауын болдырмайды.
543. Жаныштағыштарды сумен салқындататын салқындату құрылғыларының құрылымы келіп түсетін және ұсақталған өнімнің 12°C аспайтын температурасын қамтамасыз етеді.
544. Жаныштайтын станоктар мен электр қозғалтқыштарының белбеулері мен шкивтері ішкі жағынан да, сыртқы жағынан да (станок жағынан) қоршалады.
545. Станоктардың айналып тұрған біліктерінің қолдың саусақтарын қармау жағдайларын болдырмау үшін сақтандыру торларымен жарақталады.
546. Перде мен қоректендіру білікшесі, аспирациялық құбырлар, арналар мен материал өткізгіштер арасындағы саңылауды тазалау үшін қауіпсіз бұйымдар қолданылады. Қоректендіру білікшелерін тазалауға арналған алу және орнату станок толықтай тоқтағаннан кейін ғана жүргізіледі.
Жаныштайтын станок жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс аймағына қорек білікшелерінен өнімдерді беру үшін щеткаларды тазалауға және алуға, станокқа түскен бөгде заттарды қолмен алуға болмайды. Мұндай заттар түскен жағдайда станокты тоқтатып, станок толығымен тоқтағаннан кейін алу қажет.
547. Жаныштағыштарды станоктан алып шығу, орнын ауыстыру мен орнату құрал-саймандарды (кран және өзге де арбаларды, табандарды, монорельс жолдарын және басқаларын) қолдана отырып жүзеге асырылады.
Шешіп алынған жаныштағыштар ағаш төсемдерге төселеді және пирамидаларда сақталады.
548. Монорельстің бойлық шүлдігі жаныштағыштың шүлдігінің үстінен өтеді. Еденнен бастап монорельске дейінгі аралық 3,2 м кем емес.
549. Станоктың есіктері мен люктері жабық болады және саңылауы болмайды. Станоктың қақпақтарына орнатылатын аспирациялық жіктерді желімдеуге немесе соғуға болмайды.
550. Жаныштайтын станоктар қаңылтыр резинадан жасалған төсемі бар, қалыңдығы 60 мм кем емес ағаш рамадан тұратын дірілді оқшаулайтын негізге станок пен электр қозғалтқышының тірек қабатының астынан орнатылады.
551. Деташер дірілді оқшаулайтын негізге орнатылады.
552. Роторларда, біліктерде, баспаларда, шыбыртқыларда сызаттар мен зақымдар болмайды. Баспалар мен шыбыртқылардың әр қайсысы статикалық түрде жеке-жеке және ротормен жинақта теңгеріледі.
553. Тарсыл немесе біркелкі емес жүріс пайда болған кезде деташер тоқтатылады.
554. Ұшқындауды болдырмас үшін шыбыртқылар корпусқа соқтығыспайды. Ротор мен корпус арасындағы саңылау 4,8...6,1 мм.
Дірілі жоғары және өзге де ақаулары бар деташермен жұмыс істеуге болмайды.
555. Деташерді жұмысқа қосқанға дейін ротордағы шыбыртқылар мен баспалардың жинағы, бекіткіші мен жай-күйі тексеріледі.
556. Деташер жұмыс істеп тұрған кезде қандай бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.
557. Деташер мен электр қозалтқыш муфталары қоршалады.
558. Деташерді іске қоспас бұрын жабдықтың, электр қозғалтқышының және іске қосу түймелерінің жерге қосқыштарының жарамдылығы тексеріледі.
559. Машиналардың теңгергіштері мен қозғалатын бөлшектері (эксцентрик тербелгіш, жетек біліктері және басқалары) бекітіледі және оңай алынатын қоршаулармен жабылады.
Теңгергіштері қоршалмаған електерді іске қосуға болмайды.
Теңгергіштер елек корпусы мен қоршауларына соқтығыспайды.
560. Шанақтар реттегіш керме сомын бұрандаларымен берік бекітіледі.
561. Електердің шанақтары шанақтың төменгі табаны еден деңгейінен кемінде 0,35 м биіктікте орналасады.
562. Електердің және шығыңқы келте құбырлары бар тас жинағыштардың шанақтардың барлық иілгіш қосқыштары тозаң өткізбейтін материалдардан жасалады, шанақтар мен келте құбырлардың штуцерлеріне бекітіледі.
563. Жеңдерді асуға арналған штуцерлерде үшкір жиектері мен қабыршақтары болады, штуцерлердің төменгі қабырғалары ішіне қарай оралады.
564. Теңгергіштерді орнату, алу немесе орнын ауыстыру арбалардың көмегімен жүргізіледі.
565. Екпін кезінде қалыпты жұмыс істеп тұрған електі тоқтауға, сондай-ақ електі ол толықтай тоқтатқанға дейін қайта қосуға болмайды. Електерді іске қосу және тоқтау кезінде електер арасындағы өту жолында болуға болмайды.
566. Елек соққысыз және тарсылсыз біркелкі айналады. Қалыпты жүріс бұзылғанда немесе тарсыл пайда болғанда өнім беруге тыйым салынып, елек тоқтатылады.
567. Електі іске қоспас бұрын машинада бөгде заттардың болмауы тексеріледі.
568. Елеуіш машиналарда елеу рамалары жұмыс істеп тұрған кезде олардың құлауын немесе жіктерде орнын ауыстыруын болдырмас үшін бекітіледі.
569. Елеуіштер жұмыс істеп тұрған кезде жинақтау шнектерін үйінділерден қолмен тазалауға, майлауға және эксцентрик тербелгіштерді жөндеуге болмайды.
570. Жеңдері шешілген електермен жұмыс істеуге болмайды.
571. Станоктың жұмыс органдары-өңдеу шеңберлерінде, кесетін суппорттарда және жаныштағыштар мен өңдеу шеңберінің электр жетектерінде оңай алынатын қоршаулары болады. Жаныштағыштар мен өзге де бұйымдарды өңдеу кезінде ылғалмен өңдеу әдістері немесе өңдеу шеңберінің қабатынан ауа сору құрылғысы қолданылады.
572. Бедерлеп өңдейтін станоктың үстінен жаныштағыштарды қосалқы жаныштағыштарды (пирамида) сақтау орнынан станокқа көтеру және орнын ауыстыру үшін, станоктан алу және сақтау орнына ауыстыру жылжымалы тетігі бар монорельс орнатылады.
573. Жаныштау қабатының биіктігі бедерлеп өңдеу станогына жылжымалы тетігі бар монорельсті орнатуға мүмкіндік бермейтін диірмен зауыттарында жұмыс үстелінінң ақырғы күйін ескере отырып, жаныштағыштарды тасымалдауға арналған арбалардың өтуі және оларды маневрлеу үшін алаң қарастырылады. Үстелдің қармауыштан шыққан жағдайда орнынан қозғалуының қауіпті салдарын болдырмас үшін тежеуіш амортизазиялау және шектегіш құрылғылары орнатылады, үстелдің көбірек шығу жолының ұзындығына бөгеттер орнатылады.
12-параграф. Жарма өңдеуге арналған жабдық
574. Аршу машиналары діріл оқшаулайтын негіздерге орнатылады.
575. Аршу машиналарын бастиектер алынғанда, керме құрылғылардың ақауы болғанда немесе аршу дөңгелектері болмаса және кесу дискілері нашар бекітілгенде іске қосуға болмайды.
576. Аршу станоктарының резеңке біліктері оңай алынып киіледі. Резеңке біліктердің қыздырылуына жол берілмейді.
577. Дискілерде, біліктерде, дектерде сызаттар мен зақымдар болмайды. Дискілер мен біліктер әрқайсысы жеке-жеке және ротормен жинақта статикалық түрде теңгеріледі.
578. Персонал жаныштайтын станоктың барабанының теңгерілген жүрісін бақылайды. Тарсыл пайда болғанда немесе жүрісі теңгерілмегенде станок тоқтатылады.
579. Білікті дека станогының аршу аймағынан өнім шығу жолында өнімнің шашырауына кедергі келтіретін тойтарма орнатылады.
580. Станоктың (білік пен дека арасына) жұмыс аймағына түскен бөгде заттарды станок әбден тоқтамағанша қолмен ұстауға болмайды.
Жапқыш пен қорек білігі арасындағы саңылауды тазалау үшін қырғыштар қолданылады.
581. Білікті дека станогының (барабан және дека) бедерлеу бөліктері төзімді болады, майысқан жерлері мен сызаттары болмайды және шойын негіздерімен мықтап бекітіледі. Сызаттары бар біліктер мен декаларды пайдалануға болмайды.
582. Аршу тұғырының жұмыс қабаттары көлденең және бір-біріне параллель болады. Төменгі айналып тұрған диск мерзім сайын теңгерілуіне және радиал соғудың болмауына тексеріледі.
Дискілердің жұмыс қабаттарын олар жұмыс істеген кезде өзара жанасуын, жұмыс қабаттарында сызаттардың түзілуін және олардың жарылуын болдырмас үшін штурвал тетігін толық түсіруге болмайды.
583. Дискілерді көтеру үшін монорельстерде тетіктер немесе тельферлер қолданылады.
Дискілердің бедерлеу қабаттарының қимасы жеке қорғау құралдарын (қорғағыш көзілдірік) пайдалана отырып, жарамды аспаппен жүргізуге болады.
584. Жарма бөлгіштерде арнайы бөлу үстелдерінің бағандарында ғимарат құрылымына көлденең күштердің әсер етуін болдырмайтын құрылғылар қарастырылады.
585. Падди-машина шанағының науалары мен қорек клапандарын тазалау үшін қыстырғыштар мен тасымал тұғырлар қолданылады. Машинаның корпусына тұруға болмайды.
586. Тербелмеге ілінген падди-машиналардың корпустарын оларды тоқтатқан кезде ғана реттеуге болады.
Машинаны жүрген кезде майлауға және жатаған іске қосылған кезде параллель жылжытуға болмайды.
Тарсыл пайда болғанда, жүріс бірдей болмағанда немесе ішпек жұмысы қызған кезде машинаның жұмыс істеуіне жол берілмейді.
13-параграф. Астық пен жарманы жылумен өңдеуге
арналған жабдық
587. Астық пен жарманы сумен, жылумен өңдеуге арналған машиналар, олардың бу секциялары және басқалары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 21 қазан 2009 жылғы № 245 бұйрығымен бекітілген Бу және ыстық су құбырларын орнатуға және пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады.
588. Буландырғыштар, бу кептіргіштер, булау және пісіру қазандықтары жұмыс істеген кезде мыналар:
бақылау және өлшеу аспаптарының (манометрлерінің, термометрлердің және басқаларының) сақтандыру клапандарының жарамдылығы;
жабдықтың, бу және жылу өткізгіштердің және жұмыс істейтін үй-жайларға будың өтуін болдырмайтын олардың қосқыштарының сенімділігі;
машиналардың, аппараттардың, бу және жылу өткізгіштердің барлық ыстық учаскелерінің жылудан мұқият оқшаулануы;
өнім түскен кезде және шыққанда тиек вентилдері, шлюз ысырмалары жұмысының сенімділігі;
белбеулердің, шкивтердің және тізбекті бергіштердің жетектерінің қоршауларының жарамдылығы сақталады.
589. Бу қысымы манометр шкаласында көрсетілген бақылау белгісінен жоғары болмайды, аппараттағы температура белгіленген нормалардан жоғары емес.
590. Манометрлер және қысыммен (бумен, сумен) жұмыс істейтін машиналардың өзге де бақылау-өлшеу аспаптары бақылау үшін жеткілікті және ыңғайлы орында орнатылады.
591. Буландырғыштар, кептіргіштер, булау және дәнекерлеу аппараттары орналасқан үй-жайлар ағынды желдеткішпен жабдықталады.
592. Қақпақтарда, кішкене люктерде, ысырмаларда судың, будың, тозаңның өтуін болдырмайтын тығыздағыштары болады және олар орнатылған орындарға бекітіледі.
593. Жабдықты бу беру тоқтағаннан және аппараттан қалған буды шығарғаннан кейін жөндеуге болады.
594. Буландырғыштың жоғарғы және төменгі шлюз ысырмаларының бекіткіш құрылғылары жұмыс жүрісі кезінде сынама түтігінің айналысында оларды берік ұстауды және рычагтың бос жүрісінде ілмектен еркін шығуын қамтамасыз етеді. Буландырғыштың жоғарғы және төменгі ысырмаларының крандары ыдысты астықпен толтырған кезде оны жабуды қамтамасыз етеді.
595. Аппаратты бу желісінен ажырату үшін тиек вентилі орнатылады.
596. Бу кептіргіштің алдынан калориферлердің құбырларының жарылуын болдырмас үшін тиісті қысымды ұстап тұру үшін манометрі бар редукциялы клапан орнатылады.
597. Сынаманы бу кептіргіштің шығыңқы келте құбырының кішкене люгінен ағаш қалақпен алу қажет.
14-параграф. Құрама жемдерді өндіруге арналған жабдық
598. Үгіткіштердің алдынан жұмыс аумағына аварияның туындауына немесе ұшқын мен жарылыстың болуына әкелуі ықтимал металл магнитті қоспалардың түсуінен алдын алу үшін магнитті қорғағыш орнатылады.
599. Үгіткіштерде жүк тиеуді автоматты реттеуге арналған құрылғы қарастырылған жағдайда бұл құрылғы үгіткіштің электр қозғалтқышымен бұғатталады.
600. Үгіткіштердің жүк тиеу шүмектерінде бөгде заттардың түсуінен алдын алу үшін ұяшықтарының мөлшері 20x20 немесе 25x25 болатын қорғағыш торлары болады.
601. Үгіткіштердің қақпақтарында олардың өздігінен ашылуын болдырмайтын бекіткіш құрылғылары болады.
Ротор айналып тұрған кезде үгіткіштің қақпақтарын ашуға болмайды.
602. Үгіткіштің роторлары статикалық түрде жинақталған түрінде теңгеріледі.
Үгіткіштердің балғалары бекітіледі, сызаттар мен өзге де ақаулары болмайды. Балғалары ұшқын шығармас үшін декаға және елекке соқтығыспайды.
Дірілі жоғары және өзге де ақаулары бар үгіткіштердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.
603. Үгіткішті іске қосу оның ішінде бөгде заттардың жоқ екендігі тексерілгеннен кейін тиелмеген күйде жүзеге асырылады. Іске қосқанға дейін ротордағы балғалардың толықтығы, беріктігі және жай-күйі тексеріледі.
604. Тарсыл немесе өзге де ақаулар пайда болған кезде ақаулық себебін анықтау және қалпына келтіру үшін машина тоқтатылады. Іске қосу кезінде үгіткіш бос жіберіледі, одан соң тиісті нормаға дейін біртіндеп қосылады, бұл ретте өнімді кері лақтырмауға қарсы шаралар қолданылады.
Үгіткішке пішен беру кезінде оның жоғарғы басы жабық болады.
Үгіткіштер жұмыс істеп тұрған кезде қандай да болмасын жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.
605. Балғамен үгіткіштер діріл оқшаулағыш негіздерге орнатылады.
Балғамен үгіткіштер жарылысты разрядтағыштармен қорғалады, олардың өту қимасының алаңы үгіткіштердің жұмыс көлемдеріне сәйкес болады. Үгіткіштерді жарылыс разрядтағыштарсыз пайдалануға болмайды.
606. Шөп қопсытқыштарға орама желілерден босатылған шөпті немесе сабандарды тиеу конвейерлермен (роликсіз) жүргізіледі. Шөпті немесе сабанды шөп қопсытқыштың мойнына қолмен итеруге болмайды.
607. Күнжара ұсақтағыштар мен жүгері үгіткіштердің қорек құрылғыларында күнжара мен жүгерінің үгітілген өнімдерін мойны арқылы кері лақтырындысын болдырмайтын клапандары болады.
608. Машинаның мойнында тұрып қалған күнжара немесе жүгері бөліктерін қолмен немесе қандай да бір аспаптармен итеріп жіберуге болмайды. Оларды шығару үшін машинаны тоқтату қажет.
609. Күнжараны үгітуге беру конвейердің көмегімен жүзеге асырылады.
610. Дозаторлық бункерлердің конустары мен дозатор үстіндегі келтеқұбырлар герметикалы, төзімді болады, өнім бұзылған кезде жарылу мүмкіндігін болдырмайды.
Күмбез түзілу, өнімнің тұрып қалуын және бұзылуын болдырмас үшін сусымайтын өнімдер үшін бункерлердің конустарында электр діріл және механикалық қозғаушы тетіктер орнатылады.
611. Барлық айналатын рычагты қосқыштар, дозаторлардың тетіктері, жетектер мен тізбекті бергіштер, біліктердің арқанды және бос учаскелері қоршалады.
612. Барабанды дозатордың қозғаушы тетігінің қалақтары білікке бекітіледі.
613. Дозатор герметикалық болады және тозаңдануға жол бермейді. Дозаторды машина толықтай тоқтағаннан кейін жөндеуге немесе тазалауға болады.
614. Күректердің айналысын реттеу, күрек пен науа арасындағы саңылауды өлшеу үшін машинаның ішіне өту жүзеге асырылатын қақпақтарда машинаны сөндіру және толықтай тоқтату үшін жетектің электр қозғалтқышы бар бұғаттағышы болады.
615. Өздігінен ағатын құбырларда машиналардың жүк түсіру құрылғыларынан кейін өнімді қойған кезде өздігінен ашылатын сақтандыру клапандары болады.
616. Сынама алу үшін машинадан кейін қызмет көрсетуші персоналдың араластыру аймағына қолының қалуына болдырмайтын құрылғылар қарастырылады.
617. Машинаны іске қосу алдында:
барлық бекіткіш құрылғылардың бұрандалардың кермесі;
редуктор мен май бөлу құрылғысында майдың болуы;
төменгі қақпақтың жабылу және оның ашылу тығыздығын реттейтін соңғы ажыратқыштың іске қосылуы тексеріледі.
Араластырғыштардың жоғарғы қақпақтары тығыз жабылады және бекітіледі. Қақпақтар ашық тұрған кезде араластырғыштардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
618. Араластырғыштарды өніммен ықтимал үймеленуі немесе өзге де кемшіліктер тек электр қозғалтқышы ажыратылғанда және машина толықтай тоқтағанда тоқтатылады. Араластырғыштардың үйінділерін тазалау үшін қырнауыш қолданылады.
619. Микро элемент тұздарымен және витаминдермен жұмыстар жүргізілетін үй-жайлар ағынды-сорғы желдеткішімен жабдықталады және құлыпқа салынады.
620. Тиеу құрылғыларының қабылдау шүмектеріне минералды тұздарды тиеу жұмыстары қап тиеу қондырғысының желдеткіші қосылған кезде жүргізіледі.
621. Микро қоспалармен тікелей байланыста болған кезде (ыдыстан ыдысқа құю, өлшеу, жабдықты тазалау және жөндеу) жеке қорғану құралдарын-респираторларды, қорғағыш көзілдіріктерді, резеңке қолғаптарды пайдалану қажет. Арнайы киім мен қорғау құралдарынсыз немесе ақаулықтар болған кезде жұмыс істеуге болмайды. Премикс дайындалатын немесе микро қоспалар болатын үй-жайларда жеке киімді қалдыруға, ас сақтауға және қабылдауға болмайды.
622. Ас қабылдау кезінде микро элемент тұздарының ішек-қарын жолына түсіруін болдырмас үшін киініп, қолды сабынмен мұқият жуу және ауыз қуысын шаю қажет.
Премикс пен микро қоспаларды дайындау жұмысы аяқталғаннан кейін душ қабылдау қажет.
623. Меласса дозаторы араластырғышының резервуарлары герметикалы болады. Барлық тетіктер мен осы агрегаттардың айналатын бөлшектері қоршалады.
624. Резервуарлардың люктерінде мелассаны сақтау үшін қақпақтардан басқа торлар орнатылады, олар жабылып пломба қойылады.
Люктерге еркін және қауіпсіз қол жеткізуге болады.
Биіктікке орнатылатын резервуарлар мен люктерде қызмет көрсетуге арналған төменгі жағынан кемінде 0,15 м тігілген, биіктігі 1 м кем емес алаңдары болады.
625. Меласса мен майды қыздыруға арналған бу өткізетін бу құбыры тұтас ұзындығы бойымен жылудан оқшауланады.
626. Мелассаны құюға арналған сорғыларды орнату орындары қол жеткілікті болады және жарықтандырылады. Сорғылар тарсылсыз жұмыс істейді.
627. Жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізу үшін меласса қоймасына жұмысшыларды түсіру осы Талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
628. Құрама жемге мелассаны қыздырмай өткізуге арналған қондырғы жұмыс істеген кезде мынадай талаптар сақталады:
араластырғыштың қоректендіргішінің үстінен орнатылған бункерлердің немесе сүрлемдердің алдынан араластырғышқа металл қоспалардың және ірі бөгде денелердің түсуін болдырмайтын жабдық (елеуіш, магнитті қорғағыш) орнатылады;
араластырған жұмыс істеп тұрған кезде қақпақтарды ашу кезінде жетекті ажырататын соңғы ажыратқыштардың қарастырылғанын ескере отырып, оның қақпақтарын ашуға болмайды;
қақпақ ашық тұрған кезде араластырғышты іске қосу мақсатында оның соңғы ұштарын қолмен немесе қандай да бір заттармен бұғаттауға болмайды.
Жөндеу жұмыстары, техникалық тексеру және табандарды ауыстыру қондырғының электр жабдығы токтан ажыратылған кезде жүргізіледі. Осындай жұмыстарды жүргізу кезінде басқару панелдерінің кірме автоматында «Қосуға болмайды. Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді.
Араластырғыштың ішкі қабатын төгілген өнімнен тазалау үшін қырнауыштар қолданылады.
629. Қондырғының жұмысын бастамас бұрын:
барлық қоршаулардың орнында болуын;
жабдықтың жерге қосқышының болуын және сенімділігін;
шығын багында мелассаның және араластырғыш үстіндегі бункерде құрама жемнің болуы тексеріледі.
630. Күн сайын тұғырлардың жай-күйі тексеріледі және олардың сенімді бекітілуі, сынықтар мен сызаттардың болмауы, ұстағышта бір немесе бірнеше тұғырлардың біркелкі тозбауы тексеріледі.
Бір немесе бірнеше тұғырлар сынған кезде ұстағыштағы жинақ толықтай ауыстырылады. Тұғырларды ауыстыру кезінде тұғырлардың білік шүлдігіне бұрылу бұрышы сақталады.
631. Қондырғының техникалық жай-күйін тексеру машинаның нормативтік-техникалық деректеріне сәйкес жүргізіледі.
632. Құрама жемдерді түйіршіктеуге арналған қондырғылар автоматты режимде жұмыс істейді.
633. Түйіршіктегіштерді іске қосар алдында металл заттардың түйіршіктегішке түсуін болдырмас үшін магнитті қорғағыштың болуы және оның жай-күйі тексеріледі.
634. Бу өткізгіштердің барлық қоршаулары, қалқандары, қабықтары, оқшаулағыштары жарамды күйде болады.
635. Қондырғыны орнату алдында машинада бөгде заттардың жоқ екендігін, тетіктер мен аспаптардың жарамдығын тексеру қажет.
636. Түйіршіктегіш жұмыс істеп тұрған кезде айналып тұрған фланецтердің штифттерін кескен жағдайда қандай бір жарақат алу мүмкін болғандықтан, матрицалардың кесілетін сақтандыру штифттерінің торабы аймағында қандай бір нәрсе істеуге болмайды. Роликтер мен матрицалар арасындағы саңылауды түйіршіктегіш тоқтаған кезде реттеуге болады.
637. Сақтандыру штифттерін металл өзекшемен немесе өзге де бір затпен ауыстыруға болмайды.
638. Матрицаларды ауыстыру кезінде көтергіштерді пайдалануға болмайды.
Түйіршіктегіш рамасының төменгі табаны матрицаларды ауыстыру кезінде көтергішті қолдану мүмкіндігі үшін үй-жайының еденінің деңгейінде орналасады.
639. Пульт, басқару қалқандары, арматура мен аспаптар қызмет көрсету үшін ыңғайлы орында орналасады және оған еркін өту жолы болады.
640. Салқындатқышты желдеткіш пен шлюз ысырмасы жұмыс істеп тұрған кезде іске қосуға болады.
641. Дозаторлардың қондырғысы дозатордың тетіктеріне барлық жағынан еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Дозаторлардың айналасындағы жолдар мен олардың қондырғысы қызмет көрсетуші персоналдың жүк қабылдау құрылғыларымен және дозаторлардың рычаг тетіктерімен кенет байланысуын болдырмайды.
Қоректендіргіштерді бункерлердің астынан орнату жұмыс істеген кезде олардың дірілдеуін болдырмайды және ыңғайлы түрде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
642. Дозаторларды қолмен басқару пульті циферблат көрсеткішіндегі мәнді ыңғайлы есептеу үшін дозаторлардың циферблат көрсеткіштеріне тікелей жақын орнатылады.
643. Бағдарламалық басқару пульті мен перфокартасы бар есептеуіш құрылғылары (ПБЕҚ) тозаңнан қорғау немесе диспетчерлік бөлмеге орнатылады.
644. Барлық дозатор үстіндегі сыйымдылықтарда ең жоғарғы өнім деңгейін бергіштер болады. Сусымайтын өнімдердің қатып қалуын және тұрып қалуын, күмбез түзілуін болдырмас үшін дозатор үстіндегі сүрлемдер мен бункерлер электрлік діріл немесе механикалық түрткілермен жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |