6. Сүрлемдер мен бункерлерде өсімдік шикізатының өздігінен тұтану ошақтары туындаған кезде авариялық жағдайды жою
33. Сүрлемдер мен бункерлерде өздігінен тұтану ошақтары туындаған кезде авариялық жағдайды жою аралас тәсілмен жүргізіледі және ӨШ түсіру кезінде жарылыстың алдын алуға және сөндіруге бағытталған мынадай үш негізгі операцияларды:
1) сүрлемді жанып жатқан ӨШ мүмкідігінше ең жоғары герметизациялау операциясын қамтиды. Герметизациялау ауа оттегісінің технологиялық люктер мен құрылымдық элементтердің қосындыларындағы саңылаулар арқылы жану аймағына өтуін болдырмау мақсатында жүргізіледі;
2) авариялық және бір-бірімен перепуск терезелерімен қосылған олармен аралас сүрлемдердің бос көлемдерінде жанғыш газ-ауа қоспасын флегматизациялау операциясын қамтиды. Сүрлемнің бос көлемдерінде жанғыш газ-ауа қоспасын флегматизациялау (жоғарғы және төменгі күмбез кеңістігінде) оларды инертті газдармен толтыру және құрамындағы оттегінің 8 % көлемге тең және кем емес тиімді мәніне дейін төмендету және жанғыш газдардың құрамын әр газ үшін ТШТҚ мәнінен 5 % аспайтын шамаға дейін төмендету (Н2 қосылымы 0,2 % к. аспайды; СО-0,6 % к. аспайды; СН2-0,25 % к. аспайды) арқылы жүзеге асырылады. Сүрлемнің (бункердің) жоғарғы кеңістігінің бос көлемінен жанғыш газ-ауа қоспасын тиеу люгі арқылы сүрлемге үстінен берілетін АМК-пен шығарылады.
Сүрлемдердің бос көлемдерін инертті газдармен флегматизациялау кезінде сүрлемдегі флегматизатор қосылымы:
көміртегінің газ тәріздес диоксиді-60 % к. кем емес;
газ тәріздес азот-70 % к. кем емес болуы қажет.
Флегматизациялау құралдары ретінде сүрлемнің бос көлемінің 1 м³-не 2 кг есеппен көміртегінің қатты диоксиді («құрғақ мұз»), сондай-ақ 70 % кем емес қосылымында отын газдары пайдаланылады.
Флегматизациялау құрамдарын беру техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады (2-қосымша);
3) жанып жатқан өнім сүрлемінен сүрлем астындағы қабатқа түсіріп, оны кейін сүрлем астындағы қабатта сөндіру және қауіпсіз аймаққа көшіру операциясын қамтиды.
34. Дайындық жұмыстары үрдісінде сүрлемдер мен бункерлердің бос көлемдерін флегматизациялау аяқталғанға дейін суды сүрлемдер мен бункерлерде жану ошағын сөндіру құралдары ретінде пайдалануға болмайды.
Сүрлемдердің (бункерлердің) бос көлемдерін флегматизациялау үшін инертті газдарды авария орнына жеткізген сәтке дейін жанғыш газдардың әр қайсысының қосылымы жеке алғанда ТШТҚ мәнінен 5 % аспаған жағдайда ерекшелік ретінде қыздырылған буды қолдануға болады.
Қыздырылған буды сүрлемдердің конус бөлігінің технологиялық люктеріне беру қажет. Сүрлемдердің конус бөлігінде технологиялық люктер болмаған жағдайда диаметрі 50 мм аспайтын тесік жасалады.
Бу беру кәсіпорынның қазандығынан немесе өзге бу шығару қондырғыларынан жүргізіледі. Сүрлемдерге (бункерлерге) бу оқпан-бұрғылар, оқпан-ұзартқыштар арқылы беріледі (2-қосымша) беріледі.
7. Өсімдік шикізатын сүрлемдер мен бункерлерден түсіру
35. ӨШ түсіру жанып жатқан және олармен аралас сүрлемдердің бос көлемінде жанғыш газдардың қосылымы әрбір жанғыш газ үшін ТШТҚ мәнінен 5 % аспаған жағдайда және 8 % тең және одан кем емес оттегі құрамы болғанда авариялық сүрлемдер мен бункерлерді герметизациялау және флегматизациялау бойынша операцияларды орындағаннан кейін жүргізіледі.
36. ӨШ түсіру авариялық, ал одан соң бір-бірімен перепуск терезелермен қосылған, оларға көршілес сүрлемдерден түсіріледі. Бұл ретте мынадай техникалық түсіру құралдары қолданылады: оқпан-ұзартқыштар (2-қосымша), өрт сөндіретін бұрғылау оқпаны (әрі қарай-ӨСБО) (3-қосымша).
37. Өнімді түсіру кезінде түсірілетін өнім бұзылған жағдайда авариялық сүрлемге ауаның өтуін болдырмас үшін сүрлемдердің конус бөлігінің технологиялық люктеріне флегматизациялау шығынынан үш есе артық шығынмен техникалық құралдардың көмегімен инертті газдар беру қажет (51-т.).
Сүрлемдердің конус бөлігінің технологиялық люктері болмаған жағдайда диаметрі 50 мм аспайтын тесік жасалады.
Авариялық және олармен аралас сүрлемдерді флегматизациялау үрдісін оларды өнімнен әбден босатқанға дейін үзуге болмайды.
38. Өнімді түсіру алдында авариялық және олармен аралас сүрлемдердің жоғарғы кеңістігінің тұтастай бос көлемі тиеу люктері арқылы үстінен берілетін АМК-пен толтырылады. Түсіру барысында көбіктің бұзылуына байланысты бос көлемді тұтастай толтыра отырып, оны қосымша беру жүзеге асырылады. Көбікпен толтыру ЖКТ түріндегі оқпандармен жүзеге асырылады.
39. ӨШ авариялық және олармен аралас сүрлемдерде газ-ауа ортасы бақыланған кезде өнімнен әбден тазартылғанға дейін сүрлем астындағы қабатқа тоқтаусыз түсіріледі. Босатылған және тазаланған сүрлемдерді ашық тиеу және түсіру люктерімен қалдырады.
ӨШ тиеуді үзуге және жартылай түсірілген сүрлемдерді қалдыруға болмайды.
40. Сүрлем астындағы қабатта жанып жатқан өнімді шашыранды сумен сөндіру қажет (әрі қарай-ЖЖС әр сүрлемге түріндегі саптамалары бар РС-50 2 оқпаны). Бұл оқпандармен сүрлемнен өнімді шығару кезінде тозаң бұлтының ықтимал түзілуінің алдын алады.
41. Сөндірілген өнім кәсіпорындағы арнайы техниканың көмегімен сүрлем шыққан қабатқа көшіріледі (шнекті беру құралы ШСМ-1 м, таспалы жылжымалы транспортер ЛТ-6, шөмішті шнек тиегіші КШП-5 және басқалары).
42. Авариялық сүрлемдер мен бункерлерді түсіру бойынша басшылық ету аварияларды жою басшысына жүктеледі, ол ӨШ түсіру қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз етеді. Өнім төменгі күмбез кеңістігіне инертті газдарды бір мезгілде беру кезінде, ал жекеленген жағдайларда сүрлемдер мен бункерлердің жоғарғы кеңістігіне түсіріледі.
Өрт күзеті бөлімшелерінің жеке құрамы сүрлемдердің жоғарғы кеңістігіне ауа-механикалық көбігін (әрі қарай-АМК) беру жүзеге асырылады.
43. Өндірістің авариялық учаскесін пайдалануға беру ұйым басшысының жазбаша рұқсаты негізінде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады.
8. Авариялық жағдайды жою үшін күштер мен құралдардың есебі
44. Авариялық сүрлемдерді флегматизациялау және көбікпен толтыру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған қажетті күштер мен құралдарды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) көбікпен шабуылдауға арналған күштер мен құралдардың есебі:
бір сүрлемді АМК-пен толтыру уақыты:
мұндағы -сүрлемнің бос көлемінің жоғарғы кеңістігі;
-600=36 м³/мин-1-бір ГПС-600 еселігі орташа АМК беру;
Wпо-бір сүрлемді АМК толтыру үшін қажетті көбік түзгіш саны:
мұндағы = 0,36 л/с-1-бір ГПС-600 көбік түзгіш беру;
- сүрлемдегі бос кеңістікті толтыру уақыты, с;
= 3 – бір сүрлемді көбікпен толтыру кезіндегі қордың коэффициенті.
-бір сүрлемді АМК толтыру үшін қажетті көбік түзгіш саны:
мұндағы=5,64 л/с-1-бір ГПС-600 су беру;
- әр түрлі өнімдермен толтырылатын сүрлемдер тобын толтыру үшін қажетті көбік түзгіш саны:
мұндағы n-бос сүрлемдерді АМК толтыру саны;
m-АМК-мен толтырылатын, өнім сақталатын сүрлемдердің саны;
С-өнім сақталатын сүрлемді толтыру коэффициенті.
ГПС-600 оқпандарының саны көбікпен шабуыл жүргізілетін сүрлемдердің санымен анықталады.
2) Сүрлемдердің бос көлемін флегматизациялауға арналған күштер мен құралдардың есебі:
-сүрлемнің төменгі күмбез кеңістігін толтыру үшін қажетті көміртегі диоксиді мөлшері, (кг):
мұндағы = 0,5 м3кг-1-газ тәріздес азот түзілуінің үлестік көлемі;
= 1,25-қордың коэффициенті.
Көміртегі диоксиді шығыны:
q = (1,82 * 10-3)Vc.o, кгс-1
Беру қысымының шамасы мен саптама диаметрі кесте бойынша анықталады.
мұндағы = 0,84 м3кг-1-газ тәріздес азот түзілуінің үлестік көлемі;
= 1,5-қордың коэффициенті.
Азот шығыны:
q = (2,26 * 10-3) Vc.o, кгс-1
Беру қысымының шамасы мен саптама диаметрі кесте бойынша анықталады.
3) Газ-тозаң-ауа қоспасымен флегматизациялау үшін техникалық құралдар.
Флегматизациялауға инертті газдар (азот, көміртегі диоксиді) авариялық және олармен аралас сүрлемдерге сүрлем астындағы қабаттың үй-жайларынан беріледі.
Азот пен көміртегі диоксиді авария орнына газ тәріздес (баллондарда) немесе сұйық (баллондарда, сыйымдылықтарда) күйде жеткізіледі.
1-кесте
Қысымға байланысты саптама арқылы беру кезінде инертті газдың
ең жоғарғы шығыны
Инертті газды атауы
|
Қысым кПа (атм)
|
Саптама диаметрі () болғанда инертті газдың шығыны
|
4 мм
|
8 мм
|
10 мм
|
18 мм
|
25 мм
|
50 мм
|
Көміртегі диоксиді
Азот
|
(кгс-1) 10-3
|
202 (2)
|
4,23
|
16,90
|
26,40
|
85,68
|
165,27
|
661,08
|
606 (6)
|
10,08
|
50,60
|
79,00
|
256,94
|
496,64
|
1982,55
|
1010 (10)
|
16,80
|
84,40
|
132,00
|
427,99
|
825,60
|
3302,41
|
2020 (20)
|
30,60
|
168,00
|
264,00
|
856,78
|
1052,73
|
6610,92
|
5050 (50)
|
84,00
|
422,00
|
660,00
|
2136,03
|
4120,43
|
16481,73
|
(м3с-1) 10-3
|
202 (2)
|
2,14
|
8,46
|
13,20
|
42,84
|
82,64
|
330,54
|
606 (6)
|
5,04
|
25,30
|
39,50
|
128,47
|
247,82
|
991,28
|
1010 (10)
|
8,40
|
42,20
|
66,00
|
213,99
|
412,80
|
1651,21
|
2020 (20)
|
16,80
|
84,40
|
132,00
|
428,39
|
826,37
|
3305,46
|
5050 (50)
|
42,00
|
211,00
|
330,00
|
1068,02
|
2060,22
|
8240,87
|
(кгс-1) 10-3
|
202 (2)
|
3,48
|
13,90
|
21,60
|
69,60
|
134,95
|
539,79
|
606 (6)
|
10,45
|
41,80
|
64,80
|
209,85
|
404,81
|
1619,85
|
1010 (10)
|
17,40
|
59,80
|
108,00
|
349,78
|
674,73
|
2698,95
|
2020 (20)
|
34,80
|
139,60
|
216,00
|
698,76
|
1347,91
|
5391,64
|
5050 (50)
|
87,00
|
349,00
|
510,00
|
1757,14
|
3389,54
|
13558,15
|
(м3с-1) 10-3
|
202 (2)
|
2,80
|
11,10
|
17,20
|
55,97
|
107,96
|
431,83
|
606 (6)
|
8,30
|
33,00
|
51,70
|
167,88
|
323,85
|
1295,40
|
1010 (10)
|
13,90
|
56,00
|
86,40
|
279,83
|
539,78
|
2159,16
|
2020 (20)
|
27,80
|
112,00
|
172,80
|
559,01
|
1078,33
|
4313,31
|
5050 (50)
|
69,50
|
280,00
|
432,00
|
1405,71
|
2711,63
|
10846,52
|
Есеп КБО (оқпан диаметрі 7-8 мм) үшін жүргізілген.
Азот беру үшін баллондар (40 л) немесе буландырғышы бар автомобильдік газ шығару қондырғысы қолданылады. Техникалық сипаттама 2-қосымшада келтірілген.
Көміртегі диоксидін беру үшін баллондар (40 л) немесе изотермиялы сыйымдылығы ТРЖУ-4 (немесе сыйымдылықты түрлендіру, мәселен басқа сыйымдылықпен ЦЖУ) аэрозольдік-көміртекті сөндіру автомобилі (ААУТ-130) қолданылады.
Оттегі құрамы төмен инертті газдарды беру үшін ГИГ-4 және ГИГ-1500 инертті газдарының генераторы қолданылуы мүмкін. Техникалық сипаттама 2-қосымшада келтірілген. Сүрлемдердің бос көлемдерін баллондардан (сыйымдылықтардан) флегматизациялау үшін инертті газдарды беру құрамына металдандырған (резина металл) және резина маталы жеңдер, коллекторлар және сүрлемдердің күмбез астындағы кеңістігіне флегматизациялау құрамдарын беруге арналған құрылғылар-бұрғы оқпандар, ұзартқыш оқпандар (2-қосымша) кіретін коммуникация жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Сүрлемдердің күмбез астындағы және күмбез үстіндегі кеңістіктеріне инертті газдарды беру үшін өнім нығыздалған, кокстелген және басылған жағдайда КБО (3-қосымша) қолданылады.
Сүрлемдердің күмбез үстіндегі бос кеңістіктерінен жанғыш газдарды шығаруға арналған жиілігі орташа АМК сүрлем үстіндегі қабаттағы үй-жайдан беріледі. АМК беру ГПС (1 сүрлемге 1 оқпан) оқпандарымен АЦ-40 автоцистернасынан сүрлемдердің тиеу люктері арқылы жүзеге асырылады.
9. Сүрлемдерде авариялық жағдайды жою және олардан жанып жатқан өсімдік шикізатын түсіру бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптары
45. Авариялық жағдай туралы ақпарат түскен сәттен бастап авариялық аймақта орналасқан электр тогы қондырғыларын ажырату жүргізіледі.
46. Авариялық жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу авариялық сүрлемдерде және өндірістік үй-жайларда газ талдаулары нәтижелерін алғаннан кейін ғана жүргізіледі.
47. Сүрлемдердің бос көлемдерін флегматизациялау және улы түтін көбірек бөлінгенде және сүрлемдерде жинақталған өнімнің құлау қаупі болғанда өнімді түсіру бойынша операцияларды жүргізу барысында осы операциялармен айналысатын барлық жұмысшылар оқшаулағыш газқағарларда және каскаларда болады.
48. Аварияларды жою кезінде биік жерлерде оттекті-оқшаулағыш газқағарларда, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау қажет.
49. Аварияларды жоюға қатысатын барлық топтар жедел штабпен тұрақты байланысты қолдау үшін рациямен қамтамасыз етіледі. Жұмыс аймақтарында дауыс зорайтқыш байланыс динамикасы орнатылады.
50. Кәсіпорынның дауыс зорайтқыш байланысы арқылы дайындық кезеңінің жұмысы аяқталғаннан кейін жұмыстың аяқталғаны туралы хабарландыру жүргізіледі.
51. Жұмыстарды жүргізу үшін аз адам саны жұмылдырылады.
52. Өнім түсіру аймағында тозаңның түзілуі ЖЖС түріндегі саптамалы оқпаннан шашыранды су немесе бу беру қажет болғанда жойылады.
53. Өнімді сүрлемдерден түсіру кезінде жанып жатқан, піскен шикізат кесектерінің түсуі мүмкін. Жұмыстарды жүргізу кезінде сүрлемдердің ашық шығыңқы ойықтары бар жерлерде болуға болмайды.
54. Үй-жайды тексеру қажет болған жағдайда жарылу қаупі жоқ электр шамдарын пайдалануға болады. Кешкі және түнгі уақытта ғимараттар мен құрылыстарды, баспалдақ белдіктерін, сүрлем астындағы және үстіндегі қабаттарды және жұмыс жүргізілетін өзге де орындарды уақытша жарықтандыру орнатылады.
55. Күйік жарақатын алуды болдырмау мақсатында адамдардың сүрлемдерден шығарылған жанып жатқан шикізат үйінділерімен жүруіне тыйым салынады. Шикізат үйінділерін жинауды тездету үшін осы операцияны механизациялау және автоматтандыру шаралары қолданылады.
56. Қысқы уақытта баспалдақ белдіктерінде будың қатуын болдырмас үшін оларға тұз себу қажет.
57. Авариялық жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды бастағанға дейін өрт күзеті бөлімшелерінің жеке құрамы мен ұйымның жұмысшылары учаскедегі жағдай туралы нұсқаулықтан өтеді және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптарымен таныстырылады.
Жұмысшы авариялық жұмысқа сол учаскедегі аға тұлғаның рұқсатымен нұсқаулықтан өткеннен және журналға жазба жазылғаннан кейін ғана кірісе алады.
58. Авариялық жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды дайындаумен және жүргізумен байланысты емес авариялық корпустарда қандай да бір жұмыстарды жүргізуге болмайды.
59. ӨШ сүрлемдер мен бункерлерден түсіру және өнімді қауіпсіз аймаққа тасымалдау барысында түсірілген өнім мен тозаң қонуы ықтимал технологиялық жабдық пен құрылыс құрылымдары орындарын мерзім сайын ылғалдандыру қажет.
60. Авариялық аймақта құрылыс құрылымдарының сынықтарымен жарақаттанудан қорғауды көздейтін қауіпсіз өту жолдары көрсетіледі.
61. АМК-ті сүрлемдерге беру кезінде ГКО оқпандар сүрлемдердің тиеу люктеріне тұрақты бекітіледі. Үш және төрт жүрісті тармақтар қауіпсіз аймаққа орнатылады.
10. Сүрлемдер мен бункерлердегі жұмыстар
1. Жалпы талаптар
62. Жұмысшыларды сүрлемдер мен бункерлерге түсіру негізделген өндірістік қажеттілік болған тек ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі.
63. Жұмысшыларды ӨШ сақтауға арналған сүрлемдер мен бункерлерге түсіру адамдарды түсіруге және көтеруге арналған арнайы шығырлардың көмегімен ғана жүргізіледі.
Адамдарды биіктігі 3 м астам сүрлемдер мен бункерлерге арқанды қойма сатыларының көмегімен түсіруге болмайды.
64. Сүрлемге, бункерге түсіруге және сақтандыру арқаны бар шығырларға қызмет көрсетуге қауіпсіз жұмыс істеуге үйретілген тұлғалар ғана жіберіледі.
65. Түсіру үш адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Олардың ішінде: біріншісі-түсетін; екіншісі-шығырда жұмыс істейтін; үшіншісі-түсіру орнында жұмыс жалғастыруда қажетті көмек керек болған жағдайда көмектесу үшін бақылайтын тұлға. Бақылаушы тұлға газқағардың (респиратордың) шлангісін бақылайды және жұмысшыны түсіру кезінде біртіндеп күшейте отырып және көтеру кезінде алып отырып, оның сақтандыру белдігіне басқа арқанмен бекітілген сақтандыру арқанын қолынан шығармайды. Сақтандыру арқаны сүрлемдегі жұмысшыдан белгі беру үшін қызмет атқарады. Жауапты басшы сүрлемге түсіру басталғанға дейін жұмыс орнында рұқсат нарядында тіркей (рәсімдей) отырып, барлық түсетін жұмысшыларға нұсқаулық береді.
66. Адам сүрлемге келген кезде түсуге қатысатын тұлғалардың сүрлемнен кетуіне болмайды.
67. Сүрлемге немесе бункерге түсіру алдында оларды мұқият желдетуді қамтамасыз ету қажет. Бұдан соң индикаторлы құбырлары бар АУХ-2 түріндегі газ талдағышпен немесе индикаторлы қағазбен көміртекті газдың құрамына сүрлемнен алынған ауаны талдау жүргізіледі. Газ талдағыш немесе индикаторлы қағаз болмаған жағдайда шлангілі газқағарсыз түсіруге тыйым салынады.
68. Шланг ұзындығы 12 м және одан астам болғанда ауа беруді электр қозғалтқышпен жұмыс істейтін ауа үрлемесінің көмегімен жүзеге асырған жөн. Респиратор шлангісі маска киер алдында ауа үрлемесінің көмегімен мұқият желдету арқылы тозаңнан тазартылады, ал алдыңғы масканың ішкі бөлігі денатурат спиртке батырылған мақтамен сүртіледі.
69. Шлангті газқағар ерекше тозаңданған жағдайларда жұмыс істеген кезде, мәселен сүрлемдердің, бункерлердің қабырғаларын сыпыру кезінде де қолданылады.
70. Жұмысшы сүрлемге, бункерге келген уақытта астықтың және өзге де өнімдердің кенет түсуі және шығуы болмайды.
Кіргізу және шығару құрылғыларында «Ашуға болмайды! Сүрлемде адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакат ілінеді.
71. Жауапты жұмыс басшысы шығырдың, темір арқанның, аспа бесіктің, арқанның, ершіктің, респиратордың жай-күйін дербес тексереді және әр жұмысшының жекелей сүрлемге түсуге дайындалғанда, түсіп бара жатқанда және жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауларын бақылайды.
72. Сүрлемдер мен бункерлерде жұмыс істеу үшін түсу кезінде және төменгі люк арқылы сүрлемдер мен бункерлерге түсуге рұқсат бергенде жұмысшылар жоғарыдан кенет құлайтын заттардан басты қорғау үшін монтаждау маскасын киеді. Сүрлемді «қазу» әдісімен тазалауға болмайды.
73. Сүрлемдер мен бункерлер (қажет болған жағдайда) жоғарғы жағынан люк арқылы жарылысқа қауіпсіз күйдегі прожектор түріндегі тасымал шамдармен немесе тасымал аккумулятор фонарлармен жарықтандырылады.
74. Бункерлер мен сүрлемдерге түсіру (шығару) тетіктері ажыратылған кезде және желідегі кернеу 12 В аспаған (металл сыйымдылықтарда) және 42 В (темірбетон және ағаш сыйымдылықтарда) кезде тасымал шамдармен жабдықтағанда жарық беруге болады.
Бункерлер мен сүрлемдерге жарық беруге арналған тасымал шамдар қабықшалардың қорғағыш дәрежесі МСТ 14254-80 бойынша 1Р-54 төмен емес тозаң өткізбейтін күйде болады.
Тасымал шамдардың шынылы қақпақтары металл тормен қорғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |