Астық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы n 143 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат. "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 23 қаңтар n 14


жүзеге асыру құқығына лицензияның күшiн



бет3/4
Дата30.06.2016
өлшемі333.5 Kb.
#167708
1   2   3   4

                жүзеге асыру құқығына лицензияның күшiн
                тоқтата тұру, лицензиядан айыру

      Ескерту. 12-2-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


 
       Астықты экспортқа өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Заң 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      12-3-бап. Астық экспорттаушылардың мемлекеттiк астық


                 ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндетi

      1. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру мақсатында астық экспорттаушылар мемлекеттiк астық ресурстарына Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған экспортталатын көлемге проценттiк қатынаспен есептелетiн мөлшерде астық жеткiзудi жүзеге асыруға мiндеттi.


      2. Егер мемлекеттiк астық ресурстарын осы Заңның 11-1-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен толық көлемiнде қалыптастыру мүмкiн болмайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша мемлекеттiк астық ресурстарын астық экспорттаушылардан астық сатып алу жолымен қалыптастыру туралы шешiм қабылдайды.
      3. Астық экспорттаушылар мемлекеттiк астық ресурстарына астықты күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейiн жеткiзуге мiндеттi.
      4. Астық экспорттаушы астықты кеден одағының кедендiк шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына уәкiлеттi органның мемлекеттiк астық ресурстарына астық жеткiзу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау туралы растауын табыс етуге мiндеттi.
      5. Егер агент, астық экспорттаушының астық жеткiзу жөнiндегi ұсынысы агентке ағымдағы жылғы 30 желтоқсанға дейiн жiберiлген жағдайда, мемлекеттiк астық ресурстарын белгiленген көлемде қалыптастырудың аяқталуы себебiнен астық жеткiзу шартын жасасудан бас тартса, астық экспорттаушының мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндетi орындалған болып есептеледi.
      Ескерту. Заң 12-3-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. Астық қабылдау кәсiпорындары, қырман шаруашылықтары және сервистiк-дайындау орталықтары

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады.

      2. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi жөнiндегi қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады.
      Заңды тұлға Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы  заңнамасында белгiленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы.
      Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша  бiлiктiлiк талаптарына сәйкес астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады.

      3. Тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:

      1) қырман шаруашылықтарында және (немесе) сервистiк-дайындау орталықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi жөнiнде қызмет көрсетуге;

      2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында "астық қабылдау кәсiпорны", "астық қоймасы", "астық қабылдау пунктi", "элеватор" деген сөздердi немесе ол астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.


      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.10.13 N 488, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi

      Астық қабылдау кәсiпорны:
      1) астық сақтау тәртiбiн, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға;

      2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге;

      3) астық қолхатын ұстаушының алғашқы талап етуi бойынша астық қолхатына айырбастап, осы Заңның 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ астық қолхатымен қамтамасыз етiлген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаса, шарт талаптарына сәйкес сақтаулы астықты толық көлемiнде босатуға;
      4) мемлекеттiк астық ресурстары астығын басым (бiрiншi кезектегi) тәртiппен қабылдауды, сақтауды және тиеп жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау


              жөнiндегi шығындарының орнын толтыру

      1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөнiндегi шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Астық қабылдау кәсiпорнының: 
      1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткiзу арқылы сақтау жөнiндегi шығындарын жабуға;

      2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актiлерiнде белгiленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар.

      16-бап. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi
              орындауға кепiлдiк беру жүйесi және
              қоры (қорлары)

      1. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары ғана астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы бола алады.


      Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатыспайтын астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын және олардың бөлiктерiн ұстаушылардың алдында өздерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруды жүзеге асырады, ол сақтауға қабылданған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактiсi болған кезде астық қолхатын әрбiр ұстаушыға сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтемi кезiнде қалыптасқан нарықтық құнының кемiнде сексен процентi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн франшиза талаптарын қолданбастан төлеудi қамтамасыз етедi.
      2. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы астық қабылдау кәсiпорын сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактiсi басталған кезде астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры (қорлары) осы астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн сақтауға тапсырылған, сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтем кезiнде қалыптасқан нарықтық құнының кемiнде сексен процентi мөлшерiнде ақшалай өтейдi.
      Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактiсiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн өтеудi жүзеге асырған астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына (қорларына) астық қолхатын ұстаушының осы астық қабылдау кәсiпорнына талап ету құқығы оның төлеген сомасы шегiнде көшедi.
      Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына (қорларына) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру мақсатында астық қолхаттарының тiзiлiмiн беруге мiндеттi.
      3. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өз мүлкiн және өзге де мүлiктiк мүдделердi сақтандыруы (өзара сақтандыруы) мүмкiн.
      4. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгiзiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры (қорлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiрiншi кезектегi тәртiппен жүргiзедi.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      16-1-бап. Қырман шаруашылықтары және


                сервистiк-дайындау орталықтары

      Қырман шаруашылығы деп жеке немесе заңды тұлғаға меншiк құқығымен тиесiлi және астық пен тұқымның тауарлық партияларын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында астықты бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс танылады.


      Қырман шаруашылығы сервистiк-дайындау орталығы түрiнде құрылуы мүмкiн.
      Қырман шаруашылығында және (немесе) сервистiк-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Осы қызметтi жүзеге асыратын тұлға астық қолхаттарын беруге құқылы емес
      Ескерту. 16-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

6-тарау. АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСIПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ

      17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн


             реттеу тәсiлдерi

      Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету, астық иелерiнiң мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде астық қабылдау кәсiпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу:

      1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;

      2) астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргiзу талаптарын инспекциялау (тексеру);

      3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.
      4) алып тасталды
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен, 2004.12.20. N 13(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау


              кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң
               бағасын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеу

      Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.

      19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн
              шектеу

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:

      1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;

      2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету;

      3) телекоммуникация құралдарын орнату үшiн астық қабылдау кәсiпорынының өндiрiстiк емес алаңдарын беру жөнiнде қызмет көрсету.

      Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бiр аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызмет пен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметiне байланысты емес қызмет операцияларының бөлек есебiн жүргiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:
      1) көрсетiлетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес  реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;

      2) көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушiлiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерiлмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.


      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.10.13. N 488, 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.21 N 89-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан  қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi

      1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.

      2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.

      3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.

      21-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының есеп


              жүргiзуi және есеп беруi

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары және астық нарығына басқа да қатысушылар алғашқы статистикалық деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен табыс етуге мiндеттi.


      2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның жазбаша сауалы бойынша, өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпарат беруге мiндеттi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.10.13 N 488, 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi


               көрсеткiштерiн жариялау

      Астық қабылдау кәсiпорындары жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, оның салық органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.

      24-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн


              инспекциялау (тексеру)

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-1-бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның
                өкiлеттiктерi

      Ескерту. 24-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының
              жауапкершiлiгi

      1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн заңсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
      2) алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.

      3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзуге құқылы.

      2. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi бюджетке алынады.

      3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Pecпубликасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.


      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi


              бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi
              жүзеге асыру құқығына лицензияның күшiн
              тоқтата тұру, лицензиядан айыру

      Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның күшiн тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз),  2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      27-бап. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру


               құқығына лицензиядан айыру

      Ескерту. 27-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару

      1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық- техникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.

      2. Уәкiлеттi органның дербес қабылдаған шешiмi бойынша не астық қолхаттарын ұстаушылардың жолданымы бойынша астық қабылдау кәсiпорны мынадай негiздемелердiң бiрi бойынша:

      1) астық сақтау жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;

      2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуi бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн.

      3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.

      4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөнiндегi комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.


      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      29-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша


              басқаруды енгiзу

      1. Уәкiлеттi органның астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және онда мыналар:

      1) астық қабылдау кәсiпорнының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;

      2) уақытша басқаруды енгiзу үшiн негiздеме;

      3) уақытша басқарудың қолданыла бастауы және мерзiмi;

      4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорнының қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi;

      5) уақытша басқару жөнiндегi комиссияның адам құрамы;

      6) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорнының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындап, бұл құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке табыс ету туралы және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушыларға уақытша басқарудың енгiзiлуi жөнiнде мiндеттi түрде хабарлау туралы нұсқама болуға тиiс.

      2. Мүдделi тұлғалар уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатып қоймайды.

      3. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған қаражат есебiнен үш жұмыс күнi iшiнде кемiнде екi газетте мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды.

      30-бап. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия

      1. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уәкiлеттi органның, облыстың жергiлiктi атқарушы органының, астық қабылдау кәсiпорнының, сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсiпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) өкiлдерiнен тұрады.


      2. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына, астық қабылдау кәсiпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәрiне үш күн мерзiмде уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жiбередi.
      Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган уақытша басқару жөнiндегi комиссияны дербес құруға құқылы.
      3. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құзыретiне:
      1) уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн қызметке тағайындау (қызметтен босату);
      2) уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекiту;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау кiредi.
      4. Егер астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөнiндегi комиссиядағы өкiлдердiң шешiм қабылдау кезiндегi дауыстары мынадай проценттiк қатынаспен бөлiнедi:
      1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
      2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;
      3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент.
      5. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөнiндегi комиссиядағы өкiлдердiң шешiм қабылдау кезiндегi дауыстары мынадай проценттiк қатынаспен бөлiнедi:
      1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;
      2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;
      3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент;
      4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент.
      6. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия жалпы дауыс санының кемiнде үштен екiсiне ие өкiлдер қатысқан кезде шешiм қабылдауға құқылы.
      Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады.
      7. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияны құрудың, оның қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      31-бап. Уақытша әкiмшiлiк

      1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөнiндегi комиссия тағайындайды.

      2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:


      1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;

      2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады;

      3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады;

      4) уақытша әкiмшiлiкке айтпай және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.

      3. Уақытша әкiмшiлiк:

      1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;

      2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;

      3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;

      4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;

      5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;

      6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;

      7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.


      4. алып тасталды
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 200.05.15. N 253 Заңымен.

      32-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау

      Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылауды уақытша басқару жөнiндегi комиссия жүзеге асырады, ол:

      1) уақытша әкiмшiлiкке астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiндегi қызметтiң негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкiмшiлiктен оның қызметi және астық қабылдау кәсiпорнының қызметi туралы ақпарат берудi талап етуге;

      3) уақытша әкiмшiлiктiң атқарылған жұмыс туралы есебiн тыңдап, бекiтуге;

      4) уақытша басқару енгiзiлген себептер жойылмаған жағдайда оның мерзiмiн ұзартуға;

      5) уәкiлеттi органға уақытша басқаруды аяқтау туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.

      33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет