Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет137/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

I. Негізгі бөлім
4-слайд

QR-кодты сканерлеу


Тәуелділік түрлері (тамақ, алкоголь, есірткі, химия, вейпинг, құмар ойындар және т.б.)
Көбінесе жоғары сынып оқушыларының психобелсенді заттарды қолдануы өмірлік маңызды, жеке немесе әлеуметтік (отбасылық) қиындықтардың симптомы болып табылады. Балалардың оқу үлгерімі нашарлайды, салауатты өмір салтын ұстанбайды, қылмыс жасайды. Дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділік, күйзеліс, өмірдің мәнін жоғалту – балалардың алкоголь, темекі, есірткіні қолдануға итермелейтін бірден-бір факторлар.
Бейнероликті көру
Бұл бейнетаспада белсенді тәуелділіктің психобелсенді заттарды қолданудағы күтілетін нәтижесі көрсетілген.
Тәуелділік – баланың санасын күйін өзгерту арқылы шынайы өмірден кетуге ұмтылуымен байланысты. «Шындықтан қашу» тәуелділіктің келесі түрлерін анықтайды:
5-слайд.
Химиялық. Бұл тәуелділік психикаға әсер ететін кез келген химиялық заттарды қолдануды қамтиды. Бұл заттардың ішінде алкоголь, есірткі, темекі, кальян, иіскейтін және шылым қоспалары, дәрілер мен улардың кейбір түрлері бар.
Химиялық емес. Бұл тәуелділікке жасөспірім психикасының бұзылуына әкелетін мінез-құлықтағы әртүрлі ауытқулар жатады. Тәуелділіктің химиялық емес түріне ауытқудың көптеген түрлері кіреді, олардың ең танымалы құмар ойындарға тәуелділік, әлеуметтік желілерге тәуелділік, жыныстық мінез-құлық бұзылыстары, жұмысқа тәуелділік, тамақтанудың бұзылуы, экстремалды белсенділік, мазохизм.
Шындықтан алшақтау әрқашан күшті эмоционалды тәжірибелермен бірге жүреді. Химиялық емес тәуелділіктер туралы айтатын болсақ, эмоциялар тәуелділіктің қозғаушы күші болып табылады. Эмоция неғұрлым күшті болса, тәуелділік те соғұрлым күштірек болады.

Бейнетаспа 1
https://www.youtube.com/watch?v=nbmEBs99Ilo&t=7s
4,5-слайдтар

2 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет