Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет169/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

«Ата өсиеті»:

- Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер
- Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет


«Әже даналығы»:

- Ертегі – танымның көзі


- Ырым-тыйым – әдептілік негізі


«Аға қаморлығы»:

- Ағасы бардың – жағасы бар
- Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі


«Женге кеңесі»:

- Қыз ғұмырдың құпиялары


- Қыздар білуге тиіс...

«Даналық мектебі» клубының қызметін ұйымдастыруға білім беру ұйымының директоры жауапты. Жұмыстың тікелей кураторы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып табылады. Қамқоршылық кеңес клуб қызметіне жан-жақты қолдау көрсетеді.


Клуб аясында ұсынылатын жұмыс түрлері: интерактивті дәрістер; әңгімелер, тақырыптық пікірталастар; қызықты адамдармен кездесулер; бейнематериалдарды қарау және талқылау; шығармашылық кештер және т. б.
«Даналық мектебі» клубының жоспары мен жұмыс кестесін мектеп директоры бекітеді. «Даналық мектебі» клубы аясындағы кездесулердің жиілігі әрбір білім беру ұйымының ата-аналар қауымының сұраныстарына сәйкес айқындалады.

Клуб қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету үшін клуб мүшелерінің азды-көпті тұрақты құрамы жұмыс істегені жөн. Сонымен қатар, клуб шеңберіндегі отырыстар мен кездесулердің әртүрлі тақырыптары үнемі жаңа қатысушыларды тартуға ықпал ететіні анық.


Клубтың танымалдылығын арттыру үшін бірқатар міндетті шарттарды қамтамасыз ету қажет деп санаймыз:

  • отырыстарды сапалы өткізу;

  • аға буынның белсенді және ресурстық өкілдерін тарту;

  • жобаны іске қосу алдында ақпараттық науқанды, оның ішінде ауданда, қалада, ауылда жалпы ынталандырушы іс-шараны өткізу;

  • ата-аналардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

  • жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік (Ардагерлер кеңесі, белсенді ұзақ өмір орталықтары және т.б.), басқа ата-аналар клубтарының өкілдерін тарту.

Клубтың қызметіне мониторинг жүргізу, жекелеген отырыстар мен кездесулерді өткізу сапасын айқындау үшін мыналарды ескеру қажет:



  • клуб қызметі туралы сұрақтарды мектепішілік бақылау жоспарына енгізу;

  • қатысушылардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін тұрақты сауалнамалар жүргізу.

Клубтың қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде келесі форматтар арқылы кеңінен жариялануы керек:



  • тікелей эфирлер;

  • сұхбат;

  • есеп беру;

  • маңызды оқиғалар туралы хабарландырулар;

  • пікір алмасу.

Еліміздегі білім беру ұйымдарының клубтық бірлестіктері іс-шараларының үздік сценарийлері Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының цифрлық платформасында жарияланатын болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет