Сабақтың барысы:
Модератор: Құрметті бүгінгі сабаққа қатысушы ханымдар, қазақтың аяулы арулары, жеңгелер мектебінің мүшелері, армысыздар!
Жеңгелер мектебінің аясында сырласуға қош келдіңіздер!
Әр мемлекеттің өз заңы мен дәстүрі болатыны сияқты, әр ұлттың да өз тарихынан жеткен мәдениеті, тағылымдық өнегесі бар. Біз қазақ халқы ұлттық тәрбиемізді жас ұрпаққа мұра ретінде қалдырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін сіздермен бас қосып отырмыз.
Бүгінгі сабақта ашатын сұрақтардың алғашқысы – Жаһандану заманында қазақ қыздары қандай болғаны дұрыс?
Олай болса, Воркшоп ретінде осы тақырыпты ашсақ. Әрқайсымыз бір жауаптан ұсынсақ.
Сабаққа қатысушылардың пікірлерін сұрайды.
Өзі қорытындылайды:
Қазақ қыздарына лайықты теңеу өзіміздің әдеби тілімізде де өте көп баламаларға ие. Сөздің сұлуын қолдана білетін дана Абайдан бүгінгі Исраил ақынға дейінгі толқындардың ішінде қызды жырламаған ақын жоққа тән. Исраил Сапарбаевтың қызға арнаған мына анықтамасына назар аударайықшы: «Бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз – ару. Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз - әсем. Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті қыз – сұлу. Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – көрікті. Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын қыз – әдемі. Дене бітісі жинақты – тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты қыз – ажарлы. Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр қыз –- шырайлы».
Бұл енді сұлулық пен тартымдылыққа көбірек негізделсе, Сіздер тұлғалық қалыптасуы жағынан көбірек аштыңыздар. Шынымен, бүгінгі қазақ қызы:
білімді, мамандық игерген, әлеуметтік бейім, заман талаптарына сай, қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан, өз қажеттілігін өтей алатын тұлға болуы шарт.
Әрине, мұнымен қоғамнан өз орнын таба алуы, отбасын құрып бақытты ана атануы үшін үйренері аз емес.
Біз оны келесі сұрақтар аясында толықтыра жатамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |