Сарапшылардың топтағы пікірлерді бағалауы:
Пікірдің топқа немесе жеке тұлғаға қатыстылығы;
Айқын ұстаным (тақырыпты ашуға);
Нақты мысалдар келтіруі;
Шынайылығы;
Нақты ұсыныстары.
Қорытынды тұжырым:
Кемшіліксіз адам болмайды. Өмірдің қиын сәттері – әрі сынақ, әрі сабақ.
Ұрыса кету, жылай салу – әлсіздің ісі. Ақылың болса, ақылға жүгінген дұрыс.
Өмірдің қиындығынан қашсаң, азабы дайын тұрады.
Отбасындағы ұрыс абыройдан айырады.
Отбасындағы ене есті болса, келіні кемеңгер болады.
Отбасындағы ене мен келіннің әрбір сөзі мен ісі – берекенің кілті, ұл мен қызға өнеге.
Модератор: «Ұлттық, отбасылық құндылықтарды сақтап, отбасындағы салт-дәстүрді сақтаудағы ісімен үлгі бола ма?» деген сұрақ төңірегінде ойлансақ...
Қазір экранға назар салайық.
Мәтінді оқиды, сұрақ қояды.
1-слайд:
КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Диллема немесе өмірде болған жағдай
Оңтүстіктің бір қызы Жетісу жеріне келін болып түсті. Беташар өтіп, жас келін үйде жалғыз қалған алғашқы күндердің бірі еді. Келін танымайтын, бұрын мүлде көрмеген бір жігіт үйге келіп кірді. Өз күйеуінен үлкендеу болып көрінген соң, қайынағаларының бірі болар деп жас келін дереу иіліп сәлем берді. Жігіт сәлем алмастан сәл тұрып қалды да тез кері бұрылып, үйден шығып кетті.
Жас келін болған жағдайға ыңғайсызданып, не істерін білмеді. Сәлем бермеуі керек пе еді? Енді келсе кешірім сұрай ма әлде мүлде келмесе ше?
2-слайд:
Қалай ойлайсыз, келіндікі бұрыс па, жігіттікі бұрыс па?
3-слайд:
...Осылай әрі-сәрі күйде жүргенде, 20 минуттай өткен соң, әлгі жігіт қолында гүлі мен торты бар үйге қайта кірді. Күліп тұрып: «Өмірімде маған бірінші рет ерекше сәлем бергені үшін қатты толқып кеттім. Мынау Сізге деген сыйым!» - деп, гүлі мен тортын келінге ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |