Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



бет217/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
– Құрметті ата-аналар! Балалаңызды жақсы көретіндеріңіз қолдарыңызды көтеруді сұраймыз. Кідірістен кейін: - Керемет!
Біз басқасын күткен жоқпыз.
Балаға деген шынайы сүйіспеншілік қалай көрінеді? Біздің оларды жақсы көретінімізді балалар сезе ме? Біз бұл сұрақтарға нақты жауап бере аламыз ба?
Сұрақтар туралы ойлануды ұсынамын:
– Отбасында ата-ананың балаға қатысты басты мақсаты қандай?
(Сұрақ слайдта көрсетіледі. Ата-аналардың жауаптары тыңдалады.)
Пікір алмасу аяқталғаннан кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қорытынды жасайды:
– Сіздер бір-біріңізге ұқсамайтын өзгеше болсаңыздар да, жауаптарыңыз бір: баланы отбасында, мектепте, қоғамда бақытты ету.
Сүйіспеншілігіңізді көрсетуді үйреніңіз! Бұл – позитивті ата-ана деп аталады. Сіздердің айтқандарыңызды қорытындылайтын болсақ, біздің ортақ мақсатымыз: позитивті ата-ана мәдениетін дамыту арқылы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.
Позитивті ата-ана – бұл баланың жеке басын, оның қажеттіліктерін, тілектерін, белгілі бір мінез-құлықтың себептерін жақсы көруге және терең түсінуге негізделген тәрбие стилі. Бұл стиль бала мен ересек адамның достық қарым-қатынасына, қолдауына, өзара ынтымақтастығына негізделген.
(Бұл нәтиже слайдта көрсетілген.)
Әлеуметтік педагог. – Талқылау үшін келесі сұрақты ұсынамын:
– Бұл үшін бізде қандай мүмкіндіктер бар?
(Сұрақ слайдта көрсетіледі. Ата-аналардың жауаптары тыңдалады. Жауаптардың мәтіні тақтаға жазылады.
Мысалы: балаларға көбірек уақыт бөлу; мектеппен жақсы байланыста болу; тәрбие туралы кітаптар оқу; күннің қорытындысын бірге талқылау; достарға қызығушылық таныту; егер бала қиындыққа тап болса, үй тапсырмасын орындауға көмектесу; секцияны немесе үйірмені таңдағанда баланың мүдделерімен санасу; бірге бос уақытты өткізу және т. б.)
Пікір алмасу аяқталғаннан кейін әлеуметтік педагог қорытынды жасайды:
– Сіздердің айтқандарыңыздың бәрі позитивті ата-ана болуды үйрену керек деген қорытындыға әкеледі! Мұны қалай жасауға болады?
Сіздер, Қымбатты ата-аналар және мұғалімдер! Бойыңыздағы болу позитивті ата-ана болу қасиетін ашыңыз, бұл жердегі ең маңызды ғылымды игеріңіз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет