III. Қорытынды бөлім
PIXAR мультфильмі «Көшпелі бұлтты»: талқылау..
Мақта ойыны
Күтілетін нәтижелер
Сабақтың соңында ата-аналар:
Ұлттық мәдениеттегі балаларды тәрбиелеу дәстүрлерін біліп, өз баласының ерекшелігін ашу барысында ескеретін болады.
Балаға қолдау көрсету стратегияларын таңдаған кезде оның темпераменті және басқа да жеке ерекшеліктерін ескеретін болады.
Баланың жеке басының күшті жақтарын анықтау және дамыту үдерісінде мектеп мұғалімдерімен тиімді әрекеттеседі.
Қажетті ресурстар: презентация, бейнероликтер, бағандар, маркерлер, А3 және А4 парақтары, қаламдар
Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, ми шабуылы, жаттықтыру жаттығулары
Сабақтың ұзақтығы – 60 минут.
Уақыты
|
Мазмұны
|
Ресурстар
|
7 минут
|
Сәлемдесу.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Сіздерді сабақта көргеніме қуаныштымын. Бүгін мен сіздермен балаларымыздың бірегейлігі және осы бірегейлікті сезіну және ынталандыру қаншалықты маңызды екендігі туралы сөйлескім келеді.
Жаттығу ойыны «Мыналар орнын ауыстырады, ..» (5 минут)
Жүргізуші ортаға шығады. Қалғандары орындықтарға отырады немесе жүргізушінің айналасында еденде жатқан құрсаулардың ортасында тұрады.
Жүргізуші: «... бір белгіні айтып, осылар орындарын ауыстырады», - дейді (балалары таңертең тістерін тазалағысы келмейтін, баласы таңертең тұруды ұнатпайтын және т.б.)
Ойыншылардың міндеті - өз орнын тастап, сол белгіге ие басқа біреумен орын ауыстыру. Ойыншылар орындарын ауыстырып жатқанда, жүргізуші бос орынға тұрып үлгеруі керек.
Орындықсыз немесе құрсаусыз қалған ойыншы жүргізуші болады.
Белгілері өте әртүрлі болуы мүмкін: кімнің екі баласы бар, кімде мысық бар, кім бананды жақсы көреді, кім балмұздақты жақсы көреді, кім бүгін тісін жуды, кімде секпіл бар және т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |