Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер



бет37/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ананың борышы, сыйластық, эмоционалдық интеллект, әлеуметтік интеллект.
Жауапкершілік, шығармашылық, ықыластылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.


Жоспар:
1. Ойын балаларды дамыту құралы ретінде.
2. Интеллектуалдық ойындар және олардың балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға әсері.
3. Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық зияткерлік ойындар.
4. Отбасы мен мектептің баланың тапқырлығын, эрудициясын дамытуғы өзара әрекеті.
Қорытынды. Қорытындылау, тілек айту.

Сабақтың ұзақтығы – 60 минут.







Уақыты

Мазмұны

Ресурстар

10 мин.

1-слайд. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!
Абай атамыз әр заманда мәнін жоғалпайтын мынадай кеңес береді: «Адам – өз заманының перзенті. Жаман болса, замандастары кінәлі.» Жастарымызға біз – үлкендер (ата-аналар) жауаптымыз.
«Кел, сәлемдесейік» ойыны.
Сәлем беру кезінде қалыптасқан тәсіл бойынша амандасу керек:
Музыка естіледі - бәріміз залды аралап жүреміз.
Музыка 1-рет тоқтайды – қасына келіп қалған адаммен көзбен амандасамыз. Оның үстіне бүгін қандай көңіл-күйде екеніңізді де көзбен көрсетуге тырысыңыз.
2-рет – иіліп сәлемдесіміз.
3-рет – алақанды ашып қолымызды жоғары көтеріп амандасамыз. Сөйлесуге тыйым салынады.
2-слайд. Тапсырма-ойын
Құрметті ата-аналар, мен сіздерге әдеттен тыс тапсырма ұсынамын: отбасылық кештеріңізді еске түсіріп, оларға өзіңіз баға беріңіз. Егер сіз айтылғандай орындасаңыз қызыл түсті, үнемі емес – сары, ешқашан болса – көк түсті жапсырма қойыңыз.
Күнде кешке мен балалармен ойнауға уақыт бөлемін.
Мен бала кездегі ойындарымды айтамын.
Ойыншық сынса, оны баламмен бірге жөндеймін.
Балаға ойыншық сатып әперіп, ойнаудың әртүрлі нұсқаларын көрсетемін, қалай ойнау керектігін түсіндіремін.
Баланың балабақшадағы ойындары мен ойыншықтар туралы әңгімесін тыңдаймын.
Мен баланы ойынмен, ойыншықпен жазаламаймын, яғни оны ойыннан немесе ойыншықтан біраз уақыт айырмаймын.
Балаға жиі ойын, ойыншық сыйлаймын.
Егер сіздің үстеліңізде қызыл жапсырмалар көбірек болса, сіздің үйіңізде ойын әрқашан бар. Балаңызбен теңдей ойнаңыз. Өйткені ойын – бала өміріндегі ең қызық нәрсе.
3-слайд. Құрметті ата-аналар, мен сіздерге «Мен саған ойын сылаймын» ойынын отбасылық және біздің топтың дәстүріне айналдыруды ұсынамын. .
Аптасына бір рет, демалыс күні ата-аналар, балаға жаңа ойын «сыйлаңыздар», оны жай ғана сатып алмай, оны баламен бірге жасаңыз, бірақ ойынды түсіндіріп, баламен ойнауды ұмытпаңыз. Әр дүйсенбіде балалар мектепке үйде жасалған ойындарды «әкеледі». Балалар күні бойы оларды сыныптастарына таныстырады. Ең қызықты ойындар үшін сыйлықтар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет