1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
7 – САБАҚ
Балаға үлгі көрсету
Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысының шарты ретінде балаға жағымды үлгі болуға дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Ата-ананың балаға деген оң әсерінің мәнін ашу
2. Ата ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту
3. Баламен ынтымақтаса отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер:
Ұлттық мәдениет, әділдік, сүйіспеншілік, сыйластық, денсаулық, ар-ождан, борыш.
Жауапкершілік, еркіндік, адалдық, еңбексүйгіштік, ақылдылық, азаматтық, отаншылдық, сөзге беріктік.
Жоспар
I. Кіріспе. Өзіндік талдау: Мен баламмен қанша уақыт біргемін?
II. Негізгі бөлігі.
1. Эксперимент, "Теңгерім шеңбері"тренигтік жаттығу.
2. Бейнефильм көру. Шығармашылық жұмыс.
3. Пайдалы ұсынымдар.
III. Қорытынды. Қорытындылау. Сұраққа жауап. Жағымды тілектер.
Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.
Уақыты
|
Мазмұны
|
Ресурстар
|
10 мин.
|
2-слайд. Сауалнама толтыру. "Біз балаларымызбен қанша уақыт бірге боламыз?
3-слайд . Тақырыптың өзектілігі қазіргі ғалымдардың зерттеу нәтижелерін талдау арқылы айқындалады.
Олар бүгінде отбасы аптасына 8 сағатқа жуық уақытын бірге өткізетінін көрсетті. Жұмыс күндері ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа шамамен 36 минут кетеді. Демалыс күндері балалар мен ата-аналар орта есеппен 2 сағат 20 минутай қарым-қатынаста болады. (2 күннің әрқайсысына есептегенде).
Сарапшылар қазіргі балалар мен ата-аналар осы көрсеткіштерге сәйкес қарым-қатынасқа қауіпті түрде аз уақыт бөлетініне сенімді. Олар отбасын жұмыспен, мектеп өмірімен, түрлі іс-шаралармен, тіпті олардың әрқайсысын баурап алатын түрлі ойын-сауықтармен қоса біріктіруге мәжбүр.
Бірақ ғалымдар 10 отбасының 7-і балалар мен ата-аналардың бірге өткізетін уақытын көбінесе теледидар алдында үнсіз отыру, компьютерлік ойындар ойнау немесе шаршағандықтан тыныштықта демалу кезінде өткізетінін бірден атап өтті.
Сауалнама нәтижелері бойынша ғалымдар балалар мен ата-аналардың бірге уақытты аз өткізу себептерінің тізімін жасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |