Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет53/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

2 жол– 2 сын есім;
3 жол – 3 етістік;
4 жол – сөйлем, онда синквейннің негізіг идеясы айтылуы керек;
5 жол – сөзге синоним немесе суреттеу затының негізгі қасиеті.
8-слайд 8. Абай жетінші қара сөзінде айтқан:
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды...»
Қорытынды. Абай баланың барлық саламаттығы туралы: физикалық, эмоционалдық, әлеуметтік және когнитивтік саламаттылығы туралы көрегендікпен және пайғамбарлықпен айтқан. Біз өз сабағымызда осы саламаттылықты қамтамасыз етудің бір жолы – баланы жеке үлгі арқылы дамытуға шабыттандыруды талдадық!


Синквейн ұжыммен бірге құрастырылады. Тыңдаушылар ұсынған сөздер мен сөйлемдер жазылады. Дайын синквейн дауыстап оқылады. Синквейнді ата-аналардың шығармашылығының үлгісі ретінде білім беру ұйымының әлеуметтік желілерінде орналастыруға болады.


Синквейннің мысалы:
Ата-аналар,
Дана, қамқор.
Қолдау, талап ету, шабыттандыру.
Олар адалдық пен мейірімділіктің үлгісі болып табылады.
Жауапкершілік

Бейнеролик "Бала – ата-ана айнасы "
Бейнеролик бұрын талқыланған материалға иллюстрация ретінде көрсетіледі. Талқылау кезінде ата-аналардың жеке тәжірибесіне сілтеме жасау керек. Әңгімелесудің соңында ата-аналарды жеке тәжірибесімен бөлісуге ықылас білдіргендері үшін мақтау маңызды.

7,8-слайдтар



5 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет