Бейнесюжетті көру
Енді "Терабитияға көпір"фильмінің үзіндісін көрейік.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар:
1. Қыздың ата-анасы, фильм кейіпкерінің мінез-құлқына қалай қарады?
2. Бұл көріністі қандай көңіл-күй сипаттайды? Ол неден білінеді?
3. Оқиғалардың мұндай қарқыны біздің өмірімізге қатысты қаншалықты шынайы? Неліктен?
|
"Терабитияға көпір" фильмінің үзіндісі, 2007, АҚШ, реж. Габор Чупо
|
7 мин.
|
Позитивті ата-ана болу дегеніміз не?
"Позитивті ата-ана болу" ұғымы позитивті психологиядан бастау алады. Белгілі американдық психолог, позитивті психологияның негізін қалаушылардың бірі Мартин Селигман өз кітабында оны адамға позитивті түрде әсер етуді зерттеуге итермелеген басты оқиғалардың бірін сипаттайды. Бұл оқиғаның негізіне кішкентай қызымен болған әңгіме жатты.
Селигман бақшада жұмыс істеп жатқан кезде Никки деген қызымен болған бір әңгімесін айтып берді. Мартин жұмыс істеген кезде көңілін басқаға аударуды ұнатпайтын, ал Никки оған кедергі болып, арамшөптерді ауаға лақтырып, билеп, ән салды. Мартин қызына ашуланып, оған кетуді бұйырды. Ол кетіп қалды, бірақ бірнеше минуттан кейін оралды.
Никки әкесіне бұрын әр нәрсеге жиі қыңқылдап жыламсырайтынын еске салды. Бірақ ол енді жылауық болмаймын деп шешіп, осы кемшілікті жеңуге тырысқанын айтты. Ол оңай болған жоқ, бірақ Никки жеңе білді. Никки өз тұжырымын жасады – адам өзін-өзі өзгерте алады. Сондықтан әкесі де оған орынсыз ренжімей алатынын айтты.
Селигман бұл әңгіме оған сабақ болды деп жазады. Ол қызыныкі дұрыс екенін мойындады және ата-ана тәрбиесі – қателерді, кемшіліктерді және ауытқуларды түзету ғана емес деген қорытындыға келді. Бала мұны өзі жасауды үйренуі керек, ал ата-ананың мақсаты оның бойындағы ішкі күштерді кұрметтеу және қолдау. Дәл осындай ішкі күштер сіздің балаңыздың жолында кездесетін барлық әлсіздіктер мен өмірлік дауылдарға қарсы тұратын ең жақсы тосқауыл болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |