Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру.
Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. .
Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
ата-ана борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрметі, сенімі, қамқорлығы, ашықтығы;
адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу, әзіл сезімі
Жоспар
I.Кіріспе бөлім: позитивті ата-ана болу неге маңызды.
II. Негізгі бөлім:
Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері.
«Позитивті ата-ана болу» ұғымының мәні
Тапсырма: "Сіздің балаңыздың портреті", "Позитивті ата-ана болу қағидаттары", "Сіздің балаңыздың күшті тұстары".
Жаттығу: «Бағдаршам», «Белсенді тыңдау»
III. Қорытынды: қорытындылау, тілектер.
Ресурсы: Форматы А4 парақтары, қаламдар, қарындаштар; қызыл және жасыл түсті карталар; "Терабитияға апаратын көпір" фильмінің үзіндісі (2007ж, АҚШ, реж. Габор Чупо); "Позитивті ата-ана болуға қадамдар" чек парақтары.
Сабақтың ұзақтығы - 60 мин.
Күтілетін нәтижелер:
Сабақ соңында ата-аналар:
позитивті ата-ана болу дегеннен хабардар болады,
оның қағидаттарын, ережелерін түсінетін болады,
позитивті ата-ана болу рухында баламен қарым-қатынастың кейбір тәсілдерін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |