Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет72/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Естігенін қайталау
Тағы бір әдіс – парафраза; мұғалім әңгімелесушіні дұрыс түсінген-түсінбегенін анықтауға тырысып, естігендерін қайталап айтып береді. Көп жағдайда бұл шынында да қажет, өйткені біз әрқашан жеткілікті түрде анық сөйлей бермейміз, өйткені әр адамның сөйлеуінде көптеген олқылықтар кездеседі. Мұның бәрі сөйлеушіге түсінікті, бірақ тыңдаушыға әрқашан айқын, түсінікті бола бермейді.
Түсіндіру
Үшінші әдіс – түсіндіру. Бұл айтылғандардың қорытындысы.
Баланы белсенді тыңдау әдістерін толығырақ етіп мынадай топтарға бөлуге болады.
Кідіріс
Бұл техниканың мәні мынада: егер біз сұхбаттасушының толық сөйлей алмай отырғанын көрсек, оның айтуына мүмкіндік беріп, кідіре тұру керек. Бізге бәрі түсінікті болып көрінгендіктен, ол үшін сөйлеуге тырысудың қажеті жоқ. Баланың осы тақырыпта не ойлайтынын білу үшін, оның көзқарасын, пікірін тұжырымдау үшін жиі кідіру қажет. Бұл баланың уақыты және оны өз қалауынша өткізуі тиіс.
Нақтылау
Біз сұхбаттасушыдан оның меңзеген нәрсесін дұрыс түсінгенімізді нақтылауын сұрауымыз керек. Бұл көбінесе баланың ойын дұрыс түсінбей, ол туралы басқаша немесе оның ойлағанына сәйкес келмейтін нәрсені көруіміз мүмкін кезде қажет.
Осы сәтте екі алма туралы астарлы әңгімені еске түсірсек.
Анасы бөлмеге кіріп, кішкентай қызының қолында екі алма бар екенін көреді. «Қандай әдемі алма! - дейді анасы. - Маған біреуін берші!». Қыз анасына бірнеше секунд қарап тұрады да, екі алманы тез-тез тістеп алады. "Қызым менен алманы аяғаны ма? " - деп анасы қатты қобалжиды. Ол ренжіп үлгергенше қызы оған алманың бірін беріп: "Міне, анашым, мына алманы ал: осы тәттірек екен!"- дейді. Бұл астарлы әңгіме адамды дұрыс түсінбеу, оның әрекеттерін немесе сөздерін бұрмалау қаншалықты оңай екенін еске салады.
Қайталау
Белсенді тыңдалымның бұл әдісі әңгімелесушіден естігенімізді өз сөзімізбен қайталауды ұсынады. Оның мақсаты - өзінің қызығушылығын көрсету, сонымен қатар, біз бір нәрсені дұрыс түсінбеген жағдайда, сұхбаттасушы бізді түзете алады. Одан да басқа, қайталау әңгімеден белгілі бір аралық қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ойдың дамуы
Бұл сұхбаттасушының айтқанына жауап, бірақ белгілі бір мақсатпен: ересек адам баланың ойын жалғастырғандай болады, бұл оқиғалар немесе әрекеттер неге әкелуі мүмкін, олардың себептері қандай болуы мүмкін және т.с.с. болжам жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет