Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет89/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Т оптық жұмыс
Интернетте балалар үшін қандай қауіптер бар екенін және кибербуллингті қандай белгілер бойынша анықтауға болатындығын білу үшін спикер қатысушыларды "бірінші, екінші" қағидат бойынша "онлайн", "офлайн" деп 2 топқа бөлінуді ұсынады.
"Онлайн" тобы интернетте қандай қауіп-қатер түрлері бар екенін талқылап, флипчартқа (тақта, парақтар және т.б.) жазып, өз жұмысын қорғауға дайындалуы керек. (Топтың жауаптарында зиянды бағдарламалар (вирустар), ақпаратты ұрлау, хакерлік шабуылдар, қаржылық алаяқтық, спам, бағдарламаның бұзылуы, құмар ойындар, әдепсіз мазмұнды ақпарат және т. б. сияқты ұғымдар болуы мүмкін).
"Оффлайн" тобы "интернетке тәуелді" жасөспірімнің мінез-құлқының белгілері мен ерекшеліктерін талқылап, жазуы керек. (Жауаптар агрессия, оқшаулану, мазасыздық, ашуланшақтық, "шегінуге" деген ұмтылыс, жақындарымен қарым-қатынастан аулақ болу және т.б. болуы мүмкін).

Кейін спикер әңгіме түрінде ақпарат және презентациямен шағын дәрісте бөліседі:


Ақпараттың сан алуандығына қарамастан, интернет желісі әрбір жасөспірім тап болуы мүмкін көптеген қауіптерге толы. Бұл қауіптерге бала сыртқы келбетіне, жеке тұлғасына, ақыл-ой және кәсіби деректеріне қарамастан ұшырауы мүмкін.
Заманауи балаларды Screenager немесе digital kids деп атауда, себебі олар гаджеттерден (телефон, планшет және басқа) мүлдем қол үзбейді. Бұл үрдісті дерт деп атауға да болмайды, себебі бұл кибертәуелділік секілді жаппай қолданыстағы дүние.
Қазіргі ата-аналар балаларының физикалық, психикалық, интеллектуалды денсаулығына қамқорлық жасауы керек, өйткені интернетте балалардың нәзік психикасына әсер ететін көптеген қауіп-қатер бар. Интернеттегі қауіптер екі түрге бөлінеді: механикалық факторға және адамға байланысты.


Спикерге арналған тақырып бойынша қосымша ақпарат
Жасөспірімдерде интернетке тәуелділіктің 5 түрі бар:
* шексіз веб-серфинг – ақпарат іздеу мақсатында интернетті үнемі "саяхаттау".
* виртуалды қарым-қатынас пен виртуалды танысуға тәуелділік, хат алмасудың үлкен көлемімен, чаттарға, форумдарға үнемі қатысумен, интернеттегі таныстар мен достардың тым көп болуымен сипатталады.
* ойынға тәуелділік – бұл желілік ойындарға деген құмарлық.
* интрузивті қаржылық қажеттілік – онлайн құмар ойындар ойнау, интернет-дүкендерде қажетсіз сатып алу.
Интернетке тәуелділік баланың желіде болғысы келетіндігімен сипатталады, бұл отбасымен және достарымен уақыт өткізуге, ұйықтауға, сабақ оқып, сабаққа қатысуға деген құлықсыздыққа әкеледі. Бала өзінің сыртқы келбетін бақылауды тоқтатады, компьютерден алшақтау болу туралы өтініштерге агрессивті жауап бере бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет