Бейтинг – басқа адамды қасақана тітіркендіру/ашуландыру
Харассмент – қысым және жеке шекараны бұзу
Маскерейдинг– онлайн харассмент жасау үшін жалған тұлға құру
Аутинг – жеке немесе адамды қорлайтын ақпаратты, фотосуреттерді немесе бейнелерді онлайн жариялау
Ростинг– жәбірленуші "сынғанша" онлайн режимінде топтық қорлау
Киберсталкинг – жалған айыптау, жала жабу, жеке профильді ұрлау, бопсалау үшін ақпаратты пайдалану.
Грифинг – ойын вандализмі. Ойыншылардың бірі басқа мүшелерге зиян келтіруден қанағат алған кезде: кейіпкерлерді өлтіру, ойындағы ресурстарға қол жеткізуді шектеу, ойын чатында қорлау.
С екстинг – жыныстық сипаттағы хат алмасу, әдетте келісім бойынша болады. Бірақ оның шабуылдаушылары да зұлымдыққа бет бұрады. Сонымен, жәбірленушінің интимдік фотосуреттері мен бейнелері әлеуметтік желілерде, чаттарда, электрондық пошта арқылы тарап кетеді.
Дүние жүзінде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, 12-13 жастағы бес баланың бірі кибербуллинг жағдайында ешкімнен көмек сұрамайды. Тек 17% - ы бұл туралы ата-аналарына айтады. Баланың өздігінен достары, қиянат жасаушылар, бір жерге бару туралы ұсыныстар, бейтаныс адамдар жіберген әдепсіз фотосуреттер немесе суреттер туралы әңгімелеп беру үшін ата-аналарға онымен достық қарым-қатынас орнату керек. Бала кез келген ақпаратпен оны сынға алмаған жағдайда ғана бөлісуге дайын болады.
Балалар қарапайым қызығушылықтың нәтижесінде желідегі алаяқтардың, агрессорлардың құрбаны болуы мүмкін, мысалы, бала сайтта отырып тез және оңай ақша табу мүмкіндіктері туралы жарнамаға тап болады (бұған жасөспірімдер ұшырайды). Бала бұл жағдайдың салдары мен әсеріне мән береместен, киберқылмыскерлердің заңсыз әрекеттеріне түсіп қалуы мұмкін. Баланың өміріндегі жағымсыз және қауіпті жағдайлардың алдын алу ересектердің міндеті болып табылады.
Мәселен, қазақ халқының өскелең ұрпаққа кез келген ақпаратқа таңдамалы қарауға көмектесетін "Білмеген у ішеді" (надандық қауіпті), "Сақтансаң сақтайды", "Сырын білмеген аттының сыртынан жүр" секілді дана сөздері бар.
- интернет арқылы ақша табудың заманауи тәсілдеріне қалай қарайсыз (блог жүргізу және т. б.)? (ата-аналардың жауаптары).
Спикер дайын карточкаларды таратып, "келісемін" не "келіспеймін" қағидаты бойынша ақпаратқа қатысты өз пікірін беруін сұрайды.
Спикер топпен бірге интернет тәуелділікктен құтылу мен алдын алу алгоритмін құрайды (жаднама деп атауға да болады, бұл интернеттегі мінез-құлық кодексі (ересектер мен балалар тарапынан қатаң сақталуы тиіс ережелер жиынтығы). Ережелерді қабылдағаннан кейін презентацияда төмендегі кеңестерді көрсетіп, қағазға басып шығарып, ата-аналарға жаднама түрінде беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |