Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Интернетке тәуелділік – бұл интернетті пайдаланудың мәжбүрлі қажеттілігі



бет90/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Интернетке тәуелділік – бұл интернетті пайдаланудың мәжбүрлі қажеттілігі.
Неліктен жасөспірім келесідей әрекетке барады?

  • Бала ғаламторда бұрынғыға қарағанда бос уақытын көбірек өткізеді. Оны бұл әрекеттен ажырату қиын.

  • Әр минут сайын "онлайн" болу қажеттілігі. Әлеуметтік желілер мен онлайн ойындарды үнемі тексеріп отыруға деген ұмтылыс.

  • Жақын адамдар мен достары баланы қуантпайды. Виртуалды байланыс шынайы өмірден шектетеді.

  • Гаджетті тартып алғаннан кейін, ол өзінің немен айналысатынын білмейді, көңіл-күйі күрт нашарлайды, ерік-жігерінің төмендеуі мен тұйықтық байқалады.

  • Балада күнделікті режим бұзылады, ұйқысы бұзылады.

  • Үйдегі өзінің тікелей міндеттерін орындауды тоқтатады: қоқыс шығарғысы келмейді, ыдыс жуғысы келмейді, заттарын шкафқа салғысы келмейді.

  • Оқушының оқу үлгерімі төмендейді, ойы шашыраңқы болып, зейін қою процесі төмендейді.

СЕБЕПТЕРІ


ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ОТБАСЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ТӨМЕНДІГІ ДОСТАРЫНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫҢ МІНЕЗІ МЕН ӘРЕКЕТІ
Бала өз отбасында және оның жанындағы ересектерден жылы қарым-қатынас, қолдау және түсіністік таппаған кезде, ол мұның бәрін желіден іздейді.
Жасөспірімдердің интернетте уақыт өткізуі бойынша жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, олар ең көп уақытты 59,6% әлеуметтік желілерде өткізеді екен, онда олар кибербуллинг жағдайларымен жиі кездеседі. Балалар білместіктен әртүрлі чаттарға, топтарға қосылуы мүмкін. Төменде жасөспірімдердің желідегі белсенділік диаграммасы берілген.

Ж едел диагностика
Спикер «киберкеңістік», «киберқауіпсіздік», «кибершабуыл», «киберқудалау» ұғымдарымен таныс қатысушылардың қолдарын көтеруді сұрайды. Балалар мен жасөспірімдер желідегі ең осал топ болып табылады, сондықтан олар киберқудалауға көбірек ұшырайды. Интернеттегі қақтығыстар жағдайында балаларды қалай қорғауға және олардың жағдайын түсінуге болатындығын білу үшін спикер "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру арқылы сауалнама жүргізуді ұсынады. Қатысушылар қолдарын көтере алады немесе қанша оң жауап бар екенін есептей алады.
Мәлімдемелер:
1. Сіз кейде интернет-тролльдерге тап болдыңыз ба?
2. Сіз фотосуреттеріңізге немесе бейнежазбаларыңызға жағымсыз пікір алдыңыз ба?
3. Сіз бір не бірнеше рет желідегі адамдардың қорлауына куә болдыңыз ба?
4. Бейтаныс адамдар сізге бірнеше рет қорлайтын хабарламалар жазды ма?
5. Кем дегенде бір рет қорқыту/бопсалау хаттарын алдыңыз ба?
6. Сіздің қатысуыңызбен күлкілі бейнежазбаларды сіздің келісіміңізсіз жарияланды ма?
7. Сізді ескертусіз және себепсіз тыйым салу тізіміне жіберді ме?
8. Сіз туралы жағымсыз қауесеттер тарады ма?
9. Сіз өзіңіздің таныстарыңызға құпия фотосуреттеріңізді жіберіп, кейінірек оны желіден көрдіңіз бе?
10. Интернетте сіздің атыңызбен жалған парақша ашылған кездер болды ма?
11. Сізді онлайн ойындарда қорлап, балағаттады ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет