5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
7 – САБАҚ
Жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктері
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
(Әл-Фараби)
Сабақтың мақсаты: Балалардың айналасындағылармен жағымды қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету.
Міндеттері:
Балаға жағымды қарым-қатынастарды қолдауды, жағымсыз қатынастарға қарсы тұруды үйрету;
Ата-аналарға қарым-қатынас түрлері туралы түсінік беру (достық, жасөспірімдер субмәдениетіндегі мінез-құлық, буллинг және т.б.);
Ата-аналардың оң қарым-қатынасты қолдап, жағымсыз қарым-қатынасты жеңу дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Құрмет, эмпатия, қабылдау.
Жоспар
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Негізгі бөлім
Бейнежазба. Талқылау
Ақпараттық блок
Топтық жұмыс
Талқылау
III. Қорытынды бөлім
Күтілетін нәтижелер. Сабақ аяқталғаннан кейін ата-ана:
қазіргі жасөспірімдер арасындағы қатынастардың ерекшеліктері туралы түсінік алады;
буллинг белгілерін тануды үйренеді;
әртүрлі әдістерді қолдана отырып, баласымен сенімді қарым-қатынас орната алады.
Қажетті ресурстар: презентация, бейнежазбалар, колонкалар, маркерлер, А3 және А4 форматындағы парақтар, қаламдар.
Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ.
Әдістер: дискуссия, ми шабуылы.
Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.
Достарыңызбен бөлісу: |