Сұрақтар:
1. Ананың баласына қолдау көрсететін сөздері қандай болуы керек?
2. Інжудің мамасы мектепте қандай әрекеттер жасауы керек?
2-кейс: Мариямның ата-анасының табысы сыныптастарының ата-аналарына қарағанда жоғары. Мариямның соңғы үлгідегі телефоны, қымбат киімдері бар, бірақ сыныптастарының алдында мақтанбайды. Мариямның шашы әдемі, ұзын, оған тіпті бейтаныс адамдар да мақтау сөздерін айтады. Сыныптастары Мариямның шашы мүлдем әдемі, сәнді емес, тіпті биттеп кеткен деген қауесет таратады. Нәтижесінде Мариям кең киім киіп, шашын жинай бастады.
Сұрақтар:
1. Мариямның сыныптастарының қорқыту мотиві қандай?
2. Бұл жағдайда шешілмеген буллинг жағдайы неге әкелуі мүмкін?
3-кейс: Дидар кішкентай кезінен жүдеу, арық және физикалық белсенділігі төмен бала болды. Алтыншы сыныпқа дейін оны әжесі мектепке дейін шығарып салып жүрді. Сыныптастары оны ұнатпайды, оны «өлексе» және «анасының ұлы» деп мазақтайды. Бұрын Дидар үздік оқушы болған, оны «ботаник» дейтін, бірақ қазір оның үлгерімі төмендеп, сырқатына байланысты сабақтан жиі қалады. Бұл тек мазақтаумен шектелмеді. Сыныптағы мықты ұлдар оның дене шынықтыру сабағында киетін киімімен футбол ойнады, бутербродтарын тартып алып, аяғынан шалды. Бір-екі рет із қалдырмай, соққыға да жықты. Дене шынықтыру сабақтары Дидар үшін нағыз тозаққа айналды - ұлдар да, қыздар да бәс тігуді ұйымдастырды: «Дидар арқанмен соңына дейін өрмелей ала ма, әлде жарты жолда құлай ма?», «Ол сырықтан секіре ме, әлде бірден құлап қала ма?». Онымен ешкімнің отырғысы келмейтіндіктен, Дидар партада жалғыз отырады. Шағымданғаннан пайда жоқ, ал көмек сұрайтын ешкім жоқ.
Сұрақтар:
1. Қалай ойлайсыз, неліктен Дидар көмек сұрайтын ешкім жоқ деп ойлады?
2. Дидардың ата-анасы буллингті қалай тани алады деп ойлайсыз?
4- кейс: Айдан жапон комикстерін жақсы көреді және анимені өте жақсы салады. Алайда, соңғы кездері құрбыларына агрессивті мінез-құлық таныта бастады. Айдан сөйлегенде түсініксіз сөздерді қолдана бастады, тұйықталып, көбіне қара түсті киім кигенді жөн көрді, сонымен қатар егер құрдастарымен ойы келіспесе, оларды ұрудан тайынбайды. Мұғалімдердің айтқан тұрақты шағымдары тиімді емес, керісінше агрессивті реакцияларға әкелді. Мұғалімдер мұны жапон мультфильмдерін шамадан тыс көрумен, оның аниме кейіпкерлеріне ұқсауға деген ұмтылысымен байланыстырады.
Сұрақтар:
1. Айданның жапондық мультфильмдерге деген қызығушылығы неліктен артады?
2. Бұл қызығушылық уақытша ма?
3. Бұл жағдайда сіз оған қалай әсер етер едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |