Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Енді төртінші сұрақ: Халқымыздың мұсылмандық қағидаларының маңызы неде?



бет191/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Енді төртінші сұрақ: Халқымыздың мұсылмандық қағидаларының маңызы неде?
Бұл сұрақты бізге …. сыныптағы … деген баламыздың әжесі ……. апамыз ашып бермек.
Төртінші әже: Мұсылмандық әдеп қағидалары
Біздің ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі – дініміз. «Ислам тек дiн ғана емес, ол – бiздiң мәдениетiмiз» деген бірінші президентіміздің қанатты сөзі бар.
Ұлтымыз – қазақ, дiнiмiз – Ислам болғаннан кейiн, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрiмiздi, әдебiмiздi, мәдениетiмiздi мұсылмандықтан бөлiп қарай алмаймыз. Сондықтан дiн мәдениетiн табиғатымызға сiңiрiп, әдебiн үлгi етер болсақ, тәрбиемiздiң ұтымды болары, ұрпағымыздың ұлттық санасы беки түсерi анық. Қарапайым қағидалардан тұратын мұсылмандық әдеп Исламның бас кiтабы – Құранмен дәлелдене түседi.

  • Жаңа туған балаға ат қою

  • Түшкiру және есiнеу

  • Амандасу, сәлем беру

  • Айт мерекесiмен құттықтау

  • Туысқандарды, достарды, көршiлердi аралау

  • Науқас адамның көңiл – күйiн сұрау

  • Қабiрдi зиярат ету

  • Үйлену қағидасы

  • Дәретке отыру әдебi

  • Ғұсыл алу әдебi

  • Ұйықтау әдебi

  • Тырнақ алу әдебi

  • Тамақ жеу әдебi

  • Жалпы ахлақ қағидалары

  • Сөйлеу әдебi



Жаңа туған балаға ат қою
Ата-ананың алғашқы мiндеттерiнiң бiрi – жаңа туған балаға ат қою. Бала туғанда құрбан шалатын болса, жетiншi күнi ат қойылады. Ал, құрбан шалмайтын болса, алғашқы жетiншi күнi дәрет алып, оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтып ат қою дұрыс.
Сүндетке отырғызу
Дiнiмiз бойынша бала туылып жетi күннен бастап, балиғат жасы арасында сүндетке отырғызылуы керек. Сүндет болудың үкiмi – сүннет. Сүндетке отырғызылғанда дiнiмізге қарсы болмайтын, харам емес, шариғатқа жат әдет-ғұрыптардың орындалуы ешқандай күнә емес.
Баланы сүндеттегенде бiр ауыздан тәкбiр айтып, “Раббанә” дұғаларын оқу керек. Себебi бала үшiн, шипа, ем тiлеулер және ата-ананы құттықтау ислам әдептерiнен болып саналмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет