Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет189/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Ата-анаға қарсы сөз айтпайды. Ата-ананы сыйлау– мұсылман баласының басты парызы. «Жұмақ ата-анаңның аяғының астында» дейтiн қазақ бабамыз, әке-шешеге қарсы сөз айтып, дауыс көтермек түгiлi, «туһ» деп кейiстiк бiлдiрген дұрыс емес деп түсiндiредi.
Бүйiрiн таянбайды. Басына қайғы түскен, жақыны өлген адам әлi құрып, аш бүйiрiн таянып жылаған. Сол сияқты жаман әдетке үйiр болу, сәтсiздiктiң нышаны деп түсiндiрiлiп, сақтандырып, тыйым салып отырған.
Сәбидi жаман iс жасауға, өтiрiк айтуға үйретпейдi. Баланы жас кезiнде тiлiн, iс-әрекетiн қызық көрiп, бiреудi ұрғызып, тепкiзiп, боқтық айтқызып, дұрыс емес нәрселерге үйретудiң ақыры сол сәбидiң болашағына балта шапқанмен бiрдей. Еркелiкпен iстеп үйренген әдетiнiң арқасында, еш жерге сыйымсыз болып, өтiрiкшi, ызақор, басбұзар атануы әбден мүмкiн. Сондықтан сәби кезiнен-ақ жақсылыққа үйреткен жақсы.
Үй iшiнде түрегеп тұрмайды. Үйге кiрген адамның суыт болмаса, отырып тiзе бүккенi дұрыс. Тiк тұрып, тiк кету терiс пиғылды адамның iсi.
Су алатын жерге шомылмайды. Су алатын жер – көпшiлiкке ортақ. Сондықтан оны ластап, шомылып, басқаларға зиянын тигiзбейтiндей ету керек. «Судың да сұрауы бар» дейдi халық. Көпшiлiк үшiн аса қажеттi нәрсенi бүлдiрудiң де киесiнен қорқу керек.
Кемтар адамның алдында дене мүшесiнiң кемдiгi туралы әңгiме айтпайды. Әрине, кемтар адамның алдында мұндай әңгiме айту әбестiк. Ешкiм өзiнiң кемтар болуын қаламайды. Бетке айтқанның жөнi осы екен деп, бiреудiң жүрегiне қаяу салу – өте ауыр нәрсе. Өзiңнiң де аяқ астынан сондай жағдайға түсiп қалуың мүмкiн екенiн естен шығармау керек.
Бiлетiн адамдардың қуанышты, қайғылы iстерiне үнсiз қалуға болмайды. Адамның басында үнемi қуаныш тұра бермейдi. Өмiрде қиындыққа кездескен жағдайда қасындағы жақындары, дос-жаран, таныс-туыстары қасына барып, көңiлiн бiлдiредi. Қазақта “қуанышты бөлiссең – көбейедi, қайғыны бөлiссең – азаяды” деген сөз бар.
Елшiнi өлтiрмейдi. Халқымызда “елдестiрмек – елшiден, жауластырмақ – жаушыдан” деген қағида бар. Елшi екi жақтың татулық мәселесiне себепшi болып барады. Ал, оған қол көтеру екi жақты жауластырып жiберуi сөзсiз. Сондықтан да балалар топтарының арасында ұрыс-керiс болып қалған жағдайда, тәртiбi дұрыс, өзiн ұстай бiлетiн, сөзге шебер баланы елшiлiкке жiберiп, екi жақты достастыру жағдайына дәнекер жасауға болады. Екi жақтың қоятын талабын бiрiнен бiрiне жеткiзiп, татуластыру мақсатына қызмет ететiн елшi – ең сенiмдi адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет