Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!


Кемпірмнің жоқ қуаты, Не ғылымнан суаты



бет20/24
Дата17.06.2016
өлшемі1.71 Mb.
#142170
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Кемпірмнің жоқ қуаты, Не ғылымнан суаты, Тірі деген құр аты, Кәрі шалды күте аламас...» Бұндай жағдайда абайламай сұлулығына қызығып жас деп тоқал алып, оның тақуалығы болмаса, мүйіз шығып, өзіңде шайтанға айналасың, деп Абай атамыз да ескерткен екен. Бұрынғы қасиетті кісілерге тоқал болуға өз еркімен басын ұсынған аналарымыз тақуалықты меңгерудің, жанын тазартып, қасиетті еркек ұрығы арқылы жан сезімін таза білімен қуатандарып, ар сауытын киуімен, жанын бақшасын жетілдіріп, тағдырын күшейтумен, біреу болса да қасиетті ұрпақты өмірге әкелумен мәңгілік жанаттық болу тәсілін жетік түсініп, меңгерген де екен. Сондықтан ондай аналарымыз; «Жаманның қойнында жатқанша, жақсының аяғында жатайын» деген өсиетін қалдырған екен. Ал қазіргі надандықтың заманында, әйелдердің жапай арсыздық жағдайында, мұндай әйел тәні, алақаны арқылы ғана қандай қасиетті тақуа еркектің де өмір жасын тез қысқартып, ажалына жолықтыруға болатынын, ібіліс әскерлері жетік меңгеріп және жетістіктермен, жеңіске де жетіп жатқанын ұмытпағаныңыз абзал. Бірақ, ата жолында бұл жағдай басқаша болу керек еді, себебі мұндай еркекке жәрдемге тұрған әйел затының да жүрек пердесі ашылып, тылсыммен сырласу еркін, ғылымнан қуат алу қасиетін алғандар еді, ал ондай қасиетілігі болмаса да ер азаматының жағдайына байланысты сыйға алу еркі де айқын беріліп қойылған еді. Сондықтан мұндай жағдайда ата жолында бір-бірінен таза үлгі-өнеге алып, аяндамен жетеленіп, дұрыс пайдалы жағын меңгерсін деген ниетпен де жамағат қағидасын қалыптастырып, алдыңғы топтағыларға екінші әйел алуға да аманат тапсырылғанымен, оны аянмен ақиреттен көрсетумен, жаратқанның ұлықсатымен емес, керісінше ой жорып, ғашықтық пен машықтыққа, құмарлық пен құштарлыққа салынып, соқыр аттармен, қотыр аттардың бірін-бірі іздеп тауып неке құрумен, ата жолына түсіп тұратын негізгі уақидың, әйел заты арқылы келетін ата жолына ортақ болған мағрипаттық мөрдің үшінші сипаты ғылым қуатының көзі жабылып, көктен түсіп жатқан қосымша ақ бұлақтың тоқтауына ғана себепші болды. Яғни оларға да қол, аяқ арасынан жала жабылды немесе өздері керісінше тақуалық жасаған жұбайларын, жындылық істерімен, боқтық, шала сөздермен рухын былғап, шылым шегіп көкірегін улап, жалаң бас, жалаң аяқ европалық салтты ұстап, дінді ойын сауыққа алумен жұбайларын «су сұрағанға у беріп» аздырды. Бұл жағдайды да Шәкәрім атамыз: «... Жалынға (жынға) сен шыдасаң, қыз шыдамас, Өлтірсең өзің өртеп, тіпті ұнамас. Еркектен қайда көрсең әйел нәзік, Қаңғырған соны көріп мен қу бас. Бар еді менің де бір сүйген жарым, Көрмесем құрушы еді ынта зарым...». Әйел тақуалығы болмаса, жын мен шайтанның бірігуімен жұбайлық өмірдің, нәпсінің екі жаққа да үлкен сынағы болатынын, « Ондай әйелді(шайтанын меңгермеген) төсекте тастап, қалдырыңдар.» деген аятты да астарлы түрде баяндаған. Міне пайғамбарымыздың жұбайларының Құран түсірудегі өздерін үйден шықпай, перде артынан ғана еркектерге көрінбей, абыройын қорғап, ар сауытын қалыптастырып, жан ғылымын жетілдіруге пайғамбарымызға неге көп әйелдің жар болып, қызмет жасаған құпия сыры да осыдан пайда болады. Яғни пайғамбарымыздың жұбайлары, құран аяттарының үсіті-үстіне оқылумен, мұндай қуатқа қарсы тұратын жанға, тақуа әйел жанынан келетін азықтың және пайғамбар рухының әлемге нұрын шашқан егіні болуымен бірге жаны қорған болатын киім, ар сауытының зейнетімен де қамтамасыз ете алды. Болмаса құраның құпия аяттары оқылмас еді. Ал, пайғамбарымыздан кейінгі сопылық жолын қуғандардың әйелдерін перделеп, нәпсілерін өлтіру мақсатында қара жамылдырған, арап әйелдер ғұрпының қалыптасуы да осындай тақуалықты меңгеру жолындағы өздерін 2-рухани өлім сатысынан өтіп, 60-бұтақты иман қуатын меңгерумен ғана хазірет, шейх аталып, ой жүзінде сопылық жолға өтіп мұғжиза, хикмет, кітап алушы елшіге теңеп адасушылықтан болған. Бірақ қазақтың, бұрынғы аналарымыздан қалған тақуалық киімдері, түрлі күміс білезіктермен, кимешекпен, қамзолмен үлдемен, бүлдесін жапқан, балтыр, тобық түгіл білегін де ашпаған, мәсі, кебіссіз жер баспаған ғұрпымыз, әйелдік ұяттылық, арлылық қалпын сақтау салтымыз, осы жағдайдың бәрін қалыптастыруға, ар сақтап, абыройды қорғауға, діл білімінің тазалығын сақтап, біздердей бақытты ұрпақтардың өмірге келуіне себепші және болашаққа да жетілген үлгі қалдыра білгенін де мойындағанымыз абзал. Бұл жағдайды алдағы басылымдарда терең ішкі жан сырын талқылауға, дәлелдеуге қайта орала жатармыз, әзірге ата жолына келген негізгі сынақтың осындай ел азаматарының, дін жолында тақуалық қылған барлық еркектермен, тіпті ел басшымыздың толық кемегерлікті, сезіммен көк мүлкінің, жолдарының арасындағы пердесін ашып көретін шындық уақидың келмеуіне де әйел затынан сезімге қуат болатын, тамақ арқылы алақанан да алатын, дәтке қуат әйелдік ар қуатының болмауынан, және ондай пенденің өзі де нәпсі жанына қожалықты меңгере алмағандықтан, тек рухтың білімнің ғана күшіне сүйенгендіктен; өзі сенген ел басқарушы қауымның ата-баба аруағында, ата салт-дәстүрлі дінін де соттатып, болшақ алдында үлкен айыппен, тарихта қалатын сынаққа жол беруіне себебші болды. Жалпы қоғамдағы әйел заттарымыздың, нәзік жандылардың азғындау себебінен, еркек қанын тазартатын, санасын ашатын, ғылым қуаты мен, малын, етін тазартып, күш қуат шабыт беретін ғылым суаттарының, ақтың бұлағының мүлде жоғалып, өздерінің рухани білімі болғанымен, бірақ жансызға айналуынан, жалпы халықтық азғындық, лағнеттелген қан азуы аурларының да бүкіл халықтың да мәңгүтенуіне жол берген «гендірлік» заңымыздың қалыптасуына да себепші болды. Егер ел басымызға қанын тазартып, кітабына жалғануды қамтамасыз ететін; 3-жүзден тақуалығы толық жетілген, бой ұсынушы, намазадарын толық орындаушы 3-тоқал аққу болғанда және осындай ел, көш басшыларымыздың, әйелдеріміздің болашаққа, ұрапақтарына жаны ашып, ата ғұрыптарын толық меңгере білгенінде, мүмкін діндегі рухани салада мұндай өрескел қателікке жібермей, кітаптарымызды өзімізше оқып түсінумен, баяғыда әлем көшін бастайтын әлем философиясын, заңдарын түзетуші ақылшы елге де айналар едік. Бұрынғы замандарда, осындай қателіктерді болдырмау үшін де, ел басқарған хандарымыздың ешқашанда жалғыз ғана әйелі болып және де жын-шайтанның ықпалына түсіп, жыныс қуаттары тазармай, тылсымнан аяны мен кітабы үзілмес үшін де, тоқал алуға міндетті болғаны да осы жан ғылымынан кітап берілген қожалар, тектілер елі болғандығымызды көрсетеді. Сонымен енді мұндай жағдайда Раббымыздан тағы жәрдем келіп; Ақ ұлдың маңындағылардың бәрін, әулиелер тарапынан Арыстан баба басына жинап алып; «Телпектеріңе тышқанан басқаның бәрін істедіңдер, енді ақпарат жүзінде халыққа кең насихатап, ел басшыларына ата жол хикметін түсіндіріңдер» деген үкім түскенімен, баяғы жартас, сол жартаспен жарты жыл өткенде де, ешқандай қозғалыс болмағандықтан және тағы да мұндай жағдайдан олардың нададық пиғылмен; Ата жолын сынақтардан Ақ ұлдың бір өзі-ақ алып шығады деген сеніммен әрекет етуге де тырыспағандықтан, арты қайғымен, қазамен ата жолына үлкен сынақ түсті. Бұл ескертудің өзінде талаптансаңдар, осы қазіргі кездегі жазылып, айтылып жатқан ақпарттар сол кезде тылсымнан оқылатын да еді және жапай жабылып, ата жол хикметері мен кереметтері де жазылып, халыққа тартылғанда мүмкін көптеген сауатты қоғам мүшелеріне және ел басымыздың өзіне де тылсым арқылы, Ақ ұлдың аян беруімен жүрек көздерін ашуға мөр түсетін де еді. Ол кезде ата жолының өз басылымы және тегін тарататын басылым шығаруға да мүмкіндігі болған еді. Мен өз басымда ол кезден сәл ертеректе аян арқылы Ақ ұлдың алдынан жүрек ашу хикметінен өтіп, бірақ оған онша мән бермей, әйтеуір бір алдына барармын, соған шақырған белгі шығар деп жүре бердім. Ал, шындығында жүрек ашудың үшінші мағрипатты дәрежесі болып, және өзін дін жолында жетілдіруге тырысқан барлық қазақ елінің азаматтарына аян арқылы берілетін нығмет ортақ несібе болғанын кім білген? Ата жолының мұндай терең сырлы ғылым түгіл, қарапайым білімін зертеген ел басшылары, дін басшылары тарапынан саусақ ұшын да қозғалтпаудан, осындай өздеріне берген ірімшікті, мақтаған түлкіге бере салған мақтаншақ надан қарға елі болып шыға келдік. Ата жолында тылсым арқылы жүрек ашылып, мұндай мағрипат дәрежесін меңгергендердің қаншалықты саны бар екенін әзірге беймәлім, бірақ ондайлардың арамызда жеткілікті бар екенінде хақ. Негізінен ата жолының тарихат дережесін яғни тарихты шежірені, өткен өмірді жанымен барып, көзімен көріп, түрлі көріпкелдік істерді меңгеріп ел шаруашылығының бар саласында өз қол таңбасын қалдыруға тиісті болған аққу, сұңқарлардың да болғаны хақ, бірақ санмен өлшегенде көпшілік мұндай қасиетті меңгеруге тиісті болған 6-мыңнан аса жүрек көзі ашылғандардың сыртай бақылағанда, барлығы ата жолына жан-ашыр болып, халықты керуенге шақырып, зиярататып үлкен сауап жасап жатқан сияқты болғанымен, шын мәнінде басым көпшілігі осындай істермен шайтан жамағаттарына айналып, ата жолының негізгі терең сырлы хикметтерінің әлем діндерінің алдында үстемдікке жетуге тиісті болған, ізгі шараларын жоғалтуға әулие бастарын дәретсіз, яғни арсыз киімдермен арамдаумен, ақ бұлақтың көздеріне шөп, шалам салып көмумен айналысып кеттік. Яғни өзінің екі жүзді тіл, сөз, ой және қылықтық мінезін жеңіп және сыртқы ар-сауытын толық жетілдірген әрбір тура жолға түсіріліп, аяғы мықтап бекіген, мүмін аталған адам баласына берілетін кітаптарды, хикметтері мен құпия ғылымына тосқауылды өз қолдарымызбен қайта арттағы ерген жастар өте алмайтындай қорған кедергі салдық. Алланың қазақ жеріне ерекше берген бақ нығмет, түрлі ем-шипа және көріпкелдік қасиеттердің кез келген ата-жолына немесе басқалай да ата ғұрыптық салт-дәстүрімізді сақтауға талпынған, дін жолына алғаш қадам басқандарға да оңды, солды сый қылып, аруақтардың жеңілдікпен және сынақ қылып таратуын дұрыс түсінбей, мәңгілік осындай болып қала бертіндей адасушылықтан да пайда болды. Бұл нығметтердің көп жағдайда дін-жанымызда, тағдырда белгіміз де болмаса да, біздерге күнәлі болмасымызды ақтауға жәрдемге берілгенін, қаперге де алмай, оны дүние табуға, өзіміздің дәрежемізді өзгеден биіктен көрсетуге: «мен сені қорғаушымен, сендердің күнәларыңды көтерушімін» дегендей тәккәпарлықпен, дүние байлығына айырбастаумен, жасаған қызметіне ақы сұраумен, ақырында тағдырға қасиетті бекітіп, Раббымыздан жалақысын алу түгіл, басымызға қайғы, қасіретке айналдырып алып, онсыз да шошып, үркіп жүрген туыстарымызды, таныс ағайындарымызды ата ғұрпынан қашықтатумен тұрмай, масхаб діншілерінің қуанышын, масайрап шайтан болып қолдарын шығарып мазақтауына ұшырағандарымыз да сөзсіз. Негізінен ата жолының өнегесін, үлгісін қалыптастыруға тиісті «аққу, сұңқар» аталғандардың шариғатты меңгеруден, намаздан, масхаб білімін жетілдіруден бас тартқан арсыздық, сауықшыл ескі европалық әдеттерімізбен көптеген сауатты арлы адамдарды ата жолына жиркеніп қашатындай тосқауыл қойдық. Мұндай жағдайда елімізге жаппай адамдар өлімімен келетін үлкен апаттың орнына, тағайындаған елшісіне және ата жолына ғана сынақ салуы, бұл жаратқаның жалпы халыққа берген нығметі болып, аталарымыз бұндай жағдайларды; «Еркек тоқты құрбандық» деп атаған екен. Яғни Інжіл оқиғасы Ғиса пайғамбарымыздың қағаз жүзінде тәурат ілімінің, жалпы тіршілік білімінің жетілген жағдайында келген, өз білімінен мардамсыған ел басқарушыларының ашық қарсылығымен ашық хикметпен аяқталған оқиға ұқсас жағдай қазақ жерінде де 2000-жыл өте қайталарғаны да даусыз. Сол кезде тауратты меңгерген діншілер, сопы болып «Парызшылдар» аталуымен, тек таураттың парыздарын дін ісі шариғатын ғана орындап, Құдай ісіне қарсы шыққанын біздің масхаб діншілеріміз де асыра сілтеумен қайталағыны сөзсіз. Бұл әрине Абай атамыз ескерткендей; «Қазақ тұрмас қызықтап, қызық пенен тыныштыққа» деген әулиелігі орындалғаны да рас. Және де мұндай сынақтың ата жолындағы ақпарат, насихат, білімнің жеткіліксіздігінен, өз-ара тәжірибе алмасуының мүлде болмағандығынан, әлі толық меңгермеген, рухани жетілмеген екі жүзді иманның жетегінде жүргендердің; «Осы жүрісіміз дұрыс емес шығар, масхаб діншілері, жазушы, тілші қауымдары осы ата жолын бекер жамандамаған шығар, болмаса Ақ ұл неге мұндай қасиетпен өлуі керек?» дегендей ата жолының сарбаздарының, аққу, сұңқарларының да енді масхабшылар мен, өз бетімен намазбен жетілуші; «Сен тимесең мен тимен, бадырақ көз» деген жалқылық пәтуалармен негізделген, масхабтық қағиданы ұстаған, «намазхандар» қатарын толықтырғаны да даусыз. Осы сәтті жіті бақылап отырған масхабшыл діншілеріміздің іздегенге сұрағандай, енді негізгі мұғжиза тоқтап, хикмет жоқ болса, онда аруақтар тарапынан келетін қорқыныш та жоқ-деген шайтандарының сыбырлауымен, ашық қарсы шығып, үкіметтің өздері сияқты жүректері мөрленген мүшелерін айдап салуымен, арты не болғанын бүкіл халыққа аян. Бірақ енді көпшілік ата жолын уақытша болған құбылыс деп, ал діншілер жын-шайтаннан деп қабылдағанмен және кейбіреулерінің әлі баспасөз, теле арна бетерінен, «Әлі зиратшылар тиым салған заңға да қарамай, істерін тоқатар емес, қалай түп тамырымен құртамыз? Шерік қосушы, аруақтан бата, ақылын алу арам!» деген пікірлердің де қайта-қайта көрніс беріп жатқанымен арамызда, батамен көгеріп, көктеп Ақ ұлдың негізгі бастаған жолын тақуалық арқылы терең меңгеруге тырысып, бұл жағдайда жоғары топқа берілген, бірақ олардың меңгере алмаған, қолдарын созуға да ерінген, түрлі дарындылық, әулие бабаларымыздың сопылық намаздарын меңгерген, текті асылдың сынықтары да, 9-жылдық сынақтардан сүрінбей өтіп, қосымша аманаттар алып, оны орындап жатқандарымызда азшылық болғанымен бар. Және олардың арасынан озық шығып, жаратқанның нағыз сыйы мен нығметін, тұрақты хикметі мен жалақысын алуға, өз мәресіне жақындап қалғандарымызда бар арамызда. Сонымен енді ата жолының негізгі мағрипаттық, ғылымдық, діни жолдық, ілімдік кітабын да ашық жариялайтын кезең де келіп, бұл басылымдар тек бір адам тарапынан ғана болып жатқан қысқаша үзінділер ғана. Артта, біздер үшін алда, болашақта әлем халқын да мойындатып, ғылымда, шығармашылықтардың барлық саласында және діндегі тақуалық жетістіктермен «ихсандық»-хикметтерін көрсетумен таң қалдыратын, тылсым үнін тыңдай білген, жүрек көзі бар, қанында тектілігі бар аққу, сұңқар аталған жастарымыз да, көк жиекті көре білген үлкендерімізде жетіліп, толысуға жақын да қалды. Бұрын мөр ашу мұғжизасы бір адам арқылы атқарылса, енді әрбір қасиетті адамның, елшінің өліміннің нәтижесі, керісінше рухани жемісінің жер бетіне тарап шашылуымен, қайта өніп-өсіп өркендейтін жан ғылымың тұрақты аруақтық заңдылығы, інжілдік рухтың бұжымас заңдылығы деп біліңіз. Сондықтан енді Ақ ұл аруағының жетелеп, қолдауымен қасиеті қонған, 3-ші дәрежелі рухани өлім сатысын меңгерген жеті Ақ ұлдың арамыздан шығуымен, мұндай жаратқаннан түскен ерекше бақ- мөр ашу мұғжизасына қазақ елінің ілімді-білімді ел, көш басшыларының, ғалымдармен заң, құқық қорғау қызметкерлерінің де да амал жоқ келуі түгіл, әлем халқының да қызығушылығы артып, қазақ жеріне зияратап, жүрек көзін аштыруға, таза ақ бұлағынан иман суын ішуге ағылатыны да хақ және негізгі кітап иелері қазақ елі түгіл, әлем халқының да көріпкелдік, бақсылық қасиеттерінің көздері ашылуымен оны өз мақсатына пайдаланатын, шала иманды пенделер мен, ібіліс жолына түскендердің де артуымен ақ-қарасын тақуалық, ілім-білімді терең меңгеру арқылы ажыратпаса, ғылыми тұрғыдан, психология іліммен зерттеп, бағалап, қара күштердің де қандай пайда зиянын ажыратып, санасып меңгермеген жағдайда қазақ елі ғана емес, әлем халқына да келген қасірет те болары даусыз. Сол кезде ғана кәпір жынның кез келген ойын-сауық орындарында, арсыздық істерде, жалаңаш жағажайларда дем алып, суға түсіп, доп теуіп ойнап жүргенде де, немесе түнде ұйықтап таңертең көзі қызарып, не өзіңді болмаса, көшедегі біреуді жарып тастайтын болып оянған ұрпақтарыңды көргенде «шерік қосудың» қандай болатынын, барлық халықта ашық түсінетін болады. Сол кезеңде қыздарымыз бен қатындарымызды еркіндікке жалаңаш көшеге шығарып, енді дүниемен бәрін сатып, бәрінен оздық деген ел, көш басшыларын да біреудің жалғызын, біреуінің жалбызын солдырғанда естерін жинап ата жолын естеріне алатындары да хақтық. Ал жалқы пәтуамен, шерік қатушы діншілердің «Анау шайтанан, мынау жынан» деген пәтуалары, енді өздеріне «намазхан» жамағатарына жан ұяларына үлкен надандықтың, білімсіздіктің сынағы болып, өзі мазақ қылғандардың ықпалына түсіп, бастарын қайда тығарын білмей азаптарға ұшырай бастайтыны да хақ. Сондықтан әулие аталарымыз ескерткен; «Ұстасаң бақ болып қонар, ұстамасаң азап, ажал болып орға құларсың» деген батасының жалпыға бірдей үкімі жүре бастайды. Бұндай сынақтардың әуелі ел басшылары және ата жолы, аруақпен қарсы күресушілердің бастарына, жан-ұяларына, жинаған мал, бала, бақшаларына келуі даусыз. Ал, енді мұндай Алланың қалауына келіп, әрбір тура жолға түсіргендердің жаратқан тарпынан берілетін ерекше сыйы болып, жеті түрлі керемет ем шипалы ата жолының бұлағының қазақтың жеті жерінде көзі ашылып, бұл ата жолының тура жол және жеті көктегі жолмен байланысты екеніне берілген, әлем діндерінің алдында да тура жолға берілген Алланың куәлігі болмақ. Бұл жағдайдың да болатыны Ақ ұлымыз көріпкелдікпен болжап; «Адамзаттың мәңгіліктің бұтағы, Пенде менен аруақтан тұрады. Пенделердің ақыл, ойы, ниеті, Аруақтың бастау алар бұлағы... Пайғамбарға құран түскен ақ таңда, Ай туыпты нұрын шашып аспанда. Мұсылманның мөрі болып табылған, Мөлдір бұлақ адамзатқа ашылған. Бұлақтардан өзендер де құралған, Теңіздер де өзендерден су алған. Кірін шайып, адамзатты тастайды. Мөлдір бұлақ тазалыққа бастайды.» Ақ ұлмен келген мөрдің хақиқатын растайтын ақ бұлақтың ата жолында хикметпен көруінен бастап, қазақ халқы амал жоқ, жүрек кірін кетіріп тазалануға лап қоятын мезгілдің туатынын армандап жете алмай, 2-ақ сағат, яғни екі өмірді ғана көріп, қыршын кеткен Ақ ұлымызға дұға жасап қойуды да ұмытпаңыз. Мүмкін түсіңізге еніп, болашаққа бағыт, жол көрсетер. Бұндай «Таза бұлақ» ақ бастауы болатын ірі белгінің де біздерге Ақ ұлдың тірі кезінде түсіп, ал әзірге екеуінің орны екі обылыста белгіленіп, көктен үкімі түсіп, алатын қызметшілері сынақтан өтуде, ал қалғанын әзірге өз басым білмеймін, бірақ болатыны да даусыз. Бірін (біріншісін) қоршап қойып, туысқан, таныстарымызға жынды атанып, сонда да сенімізді жоймай, күтіп отырғанымызға 5-жылдай болып қалды, құдай қаласа ашылған күні хабарын жаза жатармыз. Бұл хикметпен бірге мөрдің көзі ақ бұлақ болып, көк жолдарымен тікелей байланысты және ем-шипа рахмет болып шашылары да даусыз. Ал енді қандай да бір діни топтың, үмметік ерекшелігіне қарай, Құран арқылы бекітілген заманына қарай жетілдіріп отыратын, бекітілген нұрландырушы мағрипаттық білім кітабы болу шарт. Енді бұл кітаптар Ясауи бабамыздың сәни дәптері десек, оған бүкіл түркі халқы таласары да сөзсіз және ортақ мұра екені де даусыз. Ал Абай-Шәкәрім атамыздың құран насихатын айтатын болсақ, онда оған өздері әлі түк түсініп меңгермесе де, ата жолына қарсы болумен бірге масхабшылар да, тарихатшылар да, барлық философтар, дін топтары да бізге де ортақ деп таласары сөзсіз. Онда не істейміз? Ата жолының осы кітаптардың жалғасы болып табылатын осыдан 5-6 жыл бұрын да белгілі болған, аталарымыздың тылсымнан халыққа баспасөз ақпарттары арқылы таратып, ата жолы мағрипат білімін насихаттауды ұсынған, бірақ оған Ақ ұл қасындағы жоғары топ өкілдерінің алмаған кітабынан аз ғана үзінділерді, негізгі жарғыларын енді жариялауға да кезі келеді. Құран негізінен «Фатиха» сүресі барлық сүрелердің бастауы ақ бұлағы, рухани анасы, сан ғылымының негізі болып, сондықтан осы сүренің философиялық насихаты негізінде түсірілген, болашақ қазақ елінің рухани жалауының алғы шарты және ата заңымыздың да философиялық негізі болуы да сөзсіз. Енді әулие аруақтарының тылсымнан жетелеуімен, болашақта үкімет басқарушыларының арасынан 7-ел басшыларының осы жарғының философиялық білімінің негізінде тылсымнан жетектеліп, тәрбиеленіп шығумен тура жолын тауып, иманды толық меңгеруімен, әділетті заңдарды қалыптастыруға ата заңымыздың негізі болып қаланатын: Ата жолының нұрландырушы кітабының алғы шартары яғни;

Ата жолының Фатихасы және Жеті Жарғысы:

  1. Тіл және жан ұя. «Аса қамқор ерекше мейрімді Алла аты.» (Рахман)

  2. Әдет- ғұрып, салт-дәстүр. «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.»

  3. Тарихты жаңғырту. «Аса қамқор, ерекше мейрімді. (Раббымыз)»

  4. Діни ұғым. «Қиямет күннің иесі.»

  5. Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын. «(Әй Алла) Саған ғана құлшылық қылымыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!»

  6. Тылсым күш. «Бізді тура жолға сала көр!»

  7. Оян қазақ. «Нығметке бөленегендердің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»

Сонымен бұл үкімнің ата жолының алғы шарты болып, әулиелер тарапынан батамен оқылғанына да 5-6 жылдай болып қалды. Осындай жеті рухани қағидалар негізде, ата жолының барлық іс шарлары, бүкіл жартылыс себептері мен ғылым-білім, шаруашылық саларындағы барлық ішкі ақпарттық ақыл, білім негіздерін қамтып, дін мектебінің негізін қалайды. Бұл басылымды негізінен ата жолдық бауырластарыма арнап жазып отырғанымен, осы жарғының алда жетінші басылым-кітап болып шығатын, жетінші бөлімін және әлі таратылмаған 5-ші басылымдар арасымен, Ар мен Ман және Уақ қуатары деген алтыншы (тылысым күш атты) басылымға түсініктеме болып, ата жолының негізгі дін мектебінің алғы шартарын таныстыру мақсатымен жазылып отыр. Ал масхаб дін мектебі десек, онда масхабтық білім осындай еліміздің барлық рухани дәрежедегі саяси өмірін қамтып, ақыл-кеңес берумен бірге және рухани жетістіктерге бағыт беріп, адамзаттық саналы әрекеттерін де толық қамтитын, болашақтың сапалы ұрпақтарын дайындайтын, психология ілімінің заманға қарай жетілген мектебін де қалыптастыру керек. Әрине бес парызбен құран ғылымын толық меңгеріп, мұндай жетістікке адамзатты жеткізу мүлде ақылға симайды да және мүмкін де емес. Және әрбір адамзат ақыл-ой жетістігенен пайда болған, ілім-білім және шаруашылықтың қандай да саласын да қамтитын көмес хикметсіз, аралық ақпарттық құдайлық сәуле жіпсіз мүмкін де емес. Енді шеңбер салып, оның ішіне барлық қоғамдағы басқару мекемелерімен, шаруашылық түрлерін жиегіне айнала орналастырып, ортасына бірінің ішінен бірін орналастырған жеті шеңбер сызып, ата жолының жеті қағида философиялық ілімін жазып, ал оның ортасы шариғат дін мектебін бастауыш сыныбын, текше түрінде орналастырсақ және осыдан сызықтық белгідегі қанаттармен барлық мекеме мен, білім ордаларын жалғасақ немесе атомның сегіз қанатты сызықтық бейнесі сияқты сүгіретін салып, ортасын Алла үйі мешітер деп санасақ, осы болашақ ата жолының нығметері арқылы әлемде әділетті қоғам құрудың басқару жүйесі пайда болады. Жалпы қазіргі таңдағы мешіттер ата жолының бастауыш сыныбы болып, ата жолымен бірігумен ғана біртұтас денеге айналғанда тура жолдың сипаты пайда болатыны да сөзсіз. Ал жарайды осылай болды делік, онда ата жолы ғылымға, шаруашылықты меңгеру біліміне, заң шығару, құқық қорғау салаларына, мешіттерге, медтина денсаулық саласына, жалпы адам баласының өркенитті өмір сүруіне қанадай ықпал ете алады?- деп сұрағаныңыз да ақылға дұрыс. Сонымен әрбір нәрсенің көместен берілетін, ақыл, дәлелдерін, ішкі сырын, мандық негіздерін, білімін көрсететін түрлі жағдайда, аян-аят болып бейнеленіп, уақи болып естіліп, немесе мұғжизалы көрністермен бейнелетін ақпараттық сырын хикметтер яғни терең білім деп атайды. Мысалға алдыңда болатын уақиғалары тіпте мемлекеттік дәрежедегі сынақтарды да киноға түсіріп, саған алдын ала көрсетіп, сол адам жанының шыбындай кейпіне сиған бейне баянның, құдіретті күштермен, заттық қуат түрінде бейнеленіп, тіршілікте қайталануынан не ұғамыз? Адам баласының ойынан пайда болған бейне баяндарға таң қалып, таңдай қағып, табынамыз және оған милиондап ақша жұмсаймыз шығынға да еш өкінбейміз, ал құдайдың тегін көрсеткен шындық баянына, тағдырдың аянына таң қала алмаймыз, құрбан шалып, көрсетілуге себепші болған Алла достарына рахмет айтып, шүкірлік қылуды да артық дүние шашуға санаймыз. Енді нұрландырушы кітап, құранның тәпсірін көшіріп алумен емес, осындай тағдырда бейнеленетін, күнәларды жаннан, рухтан, тәннен қалай тазартуын меңгеріп және әрбір пенде өз бетінше намаздарын орындаған жағдайда, терең білімнен хикметті белгі алумен және тақуалық шарттарын толық орындап, өзіне тән, ғылым-білімін және кейінен жеке кітаптары да ашылып, таза білімінің оқылуымен ғана көрнісін беру шарт. Және бұл кітаптардың жалпы үмметік сипатымен, ақыл-ой жетістігін, жалпы халықтық саналық деңгейінің артуымен ғана бағаланып; адамзат ғылым-білімін жетілдіруге, шаруашылық істерінің түрлі құралдарын шығаруға, өндіріс әдістерін тез меңгеріп жетілдіруге, қылмысты жағдайларды, бұзықтықтарды дер кезінде болжап, анықтап жоюға негізделген әділ заңдарды, үкімдерді қалыптастыруға көріпкелдік істермен ғана нәтижелену де тиіс. Қандайда бір адамға пайдалы білім, шығармашылықта болсын жетістіктерге жетуді, адам баласы өзі ойлап табады деген жалған ұғым. Негізінен тылсымнан адам жаны ұйқы кезінде тағдырда жазулы кітабын көріп келіп барып, рухани тұрғыда ғана білімін жетілдіреді. Енді ата жолында берілген аталарымыз меңгерген кітаптардың бейне баян шындықтардың шынға, іске айналуымен, тәжірибеден өтіп, бірақ олардың бәрін жалпы сипаттағанмен ертегі сияқты болып, тек оған ақирет біліміне жолығу арқылы ғана хақиқаты білінетін, бірақ болшақ әлемдік ғылымдық маңызы да бар түрлі хикметті істерді әзір баяндауға ерте, ол үшінде алда жан ғылымынан, ислам ғалымдарының ғана емес бүкіл әлем дінінің жоғалтып алған, қазақ аталарымыз меңгерген жан сырынан құпия деректерді баяндау арқылы тоқталып отырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет